Морфологиялық жалпақ жасушалы рак, аденокарцинома и дифференциацияланбаған рак болады. 21% жағдайда қатерсіз ісіктердің малигнизациясы нәтижесінде пайда болады. 40 жастан жоғары әйел адамдарда, 2/3 карциномалар үлкен сілекей бездерінде дамиды.
Ісік тығыз, ауыру сезімінсіз шекаралары тегіс емес түйін ретінде пайда болады. Кейіннен ауру сезімі, бет нервісінің парезі қосылады. Жаңа түзілім бұлшық ет пен сүйекке өсіп, тіпті шайнау бұлшық еттерінің контрактурасына алып келеді. Метастазыдары жергілікті лимфа түйіндерін, шеткері метастаздары өкпе мен сүйектерді зақымдайды.