«7М06103 – Компьютерлік инженерия», «7М06104 – Компьютерлік ғылымдар», «7М07113 – Бизнес талдау мен Big Data», «7М07128 – Интеллектуалды басқару жүйелері», «7М06101 – Есептеуіш лингвистика», «7М05408 – Есептеу ғылымдары және статистика», «7М06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «7М07115 – Машиналық оқыту және дерек өңдеу», «7М06113 – IT-менеджмент», «7М01502 – Информатика», «7М07118 – Робототехникалық жүйелер», «7М05404 – Механика», «7М01501 – Физика»,«7М05310 – Физика және астрономия», «7М05312 – Ядролық физика», «7М07112 – Электр энергетикасы», «7М07120 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар»,«7М06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламалары
Пәннің коды
Пәннің атауы
Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ)
кредит саны
ECTS
Магистранттың оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы (МОӨЖ)
*Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН) Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ) (әрбір ОН-ге кемінде 2 индикатор)
Пәннің мақсаты: Жоғары мектеп оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін игеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы мен білім менеджменті, оқытушы қызметін талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық іс-әрекетті жүргізу қабілетімен педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру.
ОН 1. Мағынасын анықтап, түсіндіріңіз.
Заманауи жоғары кәсіби білім берудің даму сатыларын, әдіснамалық аппараттың параметрлері мен әдіснамалық деңгейлерін білу; Қазақстанда жоғары кәсіби білім берудің жүйесіне талдау жасай білу.
1.1 ЖИ – жоғары мектеп педагогикасы категорияларының мазмұны мен мәнін анықтау;
1.2 ЖИ – білім беру парадигмалары, теорияларды түсіндіру;
1.3 ЖИ – педагогикалық әдіснама деңгейлерін, қазіргі әлемдегі жоғары білім беру жүйесін сипаттау.
ОН 2. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениет мен құзыреттілігі негіздерін игеру.
2.1 ЖИ – Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктерін жүйелеу;
2.2 ЖИ – жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативті құзіреттілігін сипаттау;
2.3 ЖИ – Педaгогикaлық имидж және бедел деңгейлерін айқындау.
ОН 3. Білім берудің TLA-стратегиясын, ЖОО-да кредиттік жүйемен білім беру бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жобалау; заманауи дидактикалық принциптер мен талдау технологиясын білу, білім беру мен тәрбиелеудің технологиясы.
3.1 ЖИ – Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясын ажыратып көрсету;
3.2 ЖИ – Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ерекшелігін айқындау;
3.3 ЖИ – Оқытудың дидактикалық теорияларын саралау.
ОН 4. Жоғары білім берудің мазмұнын құрастыру; Блум таксономиясы бойынша құзіреттілікті бағалау; жоғары мектепте дәстүрлі және инновациялық әдістер мен білім беруді ұйымдастырудың жаңа технологияларын қолдану.
4.1 ЖИ – Білім берудің мазмұны компоненттерін айқындау;
4.2 ЖИ – Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары мүмкіндіктерін бағалау;
4.3 ЖИ – оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлеріне талдау жасау.
ОН 5. ЖОО-да білім беру процесінде студенттер мен оқытушылар арасындағы коммуникативті қарым-қатынас технологиясын бағалау.
5.1 ЖИ – Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде өлшемдерін дайындау;
5.2 ЖИ – Педагогикалық қарым-қатынас қызметтерін, стилдерін тұжырымдау;
5.3 ЖИ – Жоғары мектептегі куратор-эдвайзер қызметін талқылау.