Шақ қатегориясы. Шақ категориясы ашық райға тән болып табылады. Етістіктің негізгі, басты категорияларының біріне жататын бұл категория тұлғаларының молдығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Әрбір шақ формасы (өткен шак, осы шақ, келер шақ) тарихи тұрғыда тұлғалық әрі семантикалық жағынан қалыптасудың жемісі.
Ашық райдың ішінде еткен шақ тұлғалары формаларының көптігімен айрықшаланады. -ды еткен шақ формасы — барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисеи
ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылды (адырылты), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде -ды/-ді, бірде -ты/-ті форманттарының тіркесу жағдайлары кездеседі: (качды) качты, тоқытдым (тоқыттым). XI ғасыр ескерткіші «Диван луғат ат-түрікте» сирек те болса -ды/-ді аффиксінің қатаң түбірлі етістікке тіркесуі ұшырасып қалады (чокді, тоқды).
М.Қашқари -ды өткен шақ түлғасының қандай жағдайда қатаң немесе ұяң вариантта жалғанатындығын арнайы көрсетіп кетеді. Оның айтуынша, бұл формант қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге тіркескенде -ты тұлғасына айналады. Орхон-Енисей дәуіріне қарағанда орта ғасыр ескерткіштері тілінде (Құдатқу біліг», «Диван») дыбыс үндестігінің белгілі бір қалыптасу деңгейіне жеткендігі байқалады. -ды өткен шағының құрамындағы дауыстылардың өзгеріп кездесу құбылысы да назар аударар мәселе. Орта ғасыр жазбаларында еріндік -ду, -дү вариантты өткен шақ тұлғалары I және II жақта кездесіп отырады (көрдүм, болдүм); III жақтағы қолданысы өте сирек, негізінен «Қодекс команикуске» тән: түштү, кәрдү. Ибн Муханна, М.Қашқаридың пікірінше мүндай құбылыс диалектілік сипатқа ие. М.Қашқари аталған өткен шақ құрамындағы дауыстыға байланысты үш топты беліп керсетеді. Бұл топтау бойынша түріктер «бардым», оғыздар және басқалар «бардам», арғулар «бардум» дейді. Еріндік дауыстылы еткен шақ формасының колданылуы бір жағынан ерін үндестігінің көрінісі болса, екінші жағынан тайпалық тілдер ерекшелігімен байланысты.
-ды өткен шақ тұлғасының арғы негізі жайлы көзқарастарды негізінен үш топқа бөлуге болады. Түркологтардың басым көпшілігі -ды формасының шығу негізін қимыл есімімен байланыстырады.
Мұндай көзқарастың тууына тұңғыш түрткі болған О.Бетлинктің пікірінше -ды формантының қалыптасуы мынадай: алдық-ым> алдыг-ым>алды-ым, алды-м. Ал П.М.Мелиоранский бұл форманың негізі етістіктен жасалған -ды, -ты тұлғалы есім дей келіп, сығынды, ағынды сөздерін мысалға келтіреді. Осы көзқарасты жақтаушы К.Броккельман бойынша есім -ыт, -іт тұлғалы: алыт-ым>алт-ым>алд-ым. Зерттеушілер ішінде өзіндік пікірімен ерекшеленетіні — П.Кузнецов. Оның түйіндеуінше -ды өткен шақ тұлғасы -дық шақ формасынан келіп шыққан. Түркологтардың келесі бір тобы -ды формантын түрлі көмекші сөздермен және морфологиялық көрсеткіштермен байланыстыра қарайды. Мысалы, А.Қазем-Бек і(ідім, ідің, іді), В.Радлов тур кемекші етістіктеріне, С.Е.Малов -ты көсемшесіне, А.Н.Кононов тәуелдік жалғауының ежелгі формасына апарып тірейді.
Тілдік фактілер, жазба ескерткіштер материалдары алғашқы көзқарастағы ғалымдар пікірінің дұрыстығына айғақ бола алады.Ортағасырлық жазбаларда -да формалы етістіктердің атрибуттық қолданысы кездеседі. М.Қашқари еңбегінде: кесішді нең — кесілген нәрсе, көмілді нең — көмілген нәрсе, йумшады нең — жұмсарған, нәрсе: «Құдатқу білікте»: өтрүнді иегіл — таңдағаныңды же. Көне ескерткіштер мен қазіргі кейбір түркі тілдерінде (түрік, га-гауз) -ды өткен шағының көмекші етістіктермен тіркесу құбылысы да оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді: йығлады эрди (Рабғузи) қачтылар ерди (Тефсир), көртүм ерти (Алтын йоруқ), тәрдим ерди («Құдатқу біліг»). Мұндай қолданыс XV ғасырғадейін актив сипатта болған.
Бұл айтылғандар -ды өткен шақ тұлғасының даму жолының күрделілігін әрі оның арғы негізінің қимыл есімі екендігін дәлелдейді.
Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) еткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Шақтық мағынасы дегенде сөйлеу кезеңінен бұрын болған іс-әрекетті бейнелеп, сөйлеушінің қимылдың нәтижесіне баса кеңіл бөлуі ұғынылады. Бүл ерекшелік көпшілік түркі тілдеріне тән. Орта ғасырлардан бергі кезеңде аталған форманың предикативтік те, атрибутивтік те қолданыстағы қызметі өсе түседі. Ал оғыз тілдерінде -мыш тұлғасының қолданысы актив деңгейде жалғаса береді.
Орта ғасыр жазбаларында -ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Аңар көклер, йерлер өртүклүки йәме көрген турур, ешиткен турур (Тефсир). Улуғ аталарымыз Түркстандын келген турур (Шежіре — терекме»). Мұндай құбылыс негізінен III жаққа (кейде I жаққа) тән болып келеді. Тілдің тарихи дамуы барысында -ған өткен шағының көмекші етістік тіркесінсіз қолданылуы күшейе түседі. Болымсыз түрі -ма аффиксі мен ермес көмекші сөзі арқылы жасалады. Жоқ сөзі тіркесіп болымсыздық мән бергенде -ған тұлғалы етістік тәуелді жалғауларымен, түрленеді (алғаным йоқ). Қазақ тілінде (әдеби, ауызекі тіл) жоқ сөзімен берілетін болымсыздық мағынаның үш түрінің бірінде осы жолдың кездесуі (алғаным жоқ, алғам жоқ, алған жоқпын) бұл тұлғаның көнелілігінің белгісі болса керек. Ескерткіштер тілінде — ма-ған формасының жиі қолданылуы XV—XVI ғасырлардан басталады. Оған қарағанда -ған ермес тұлғасының кездесуі әрірекке XI—XII ғасырларға кетеді.
Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда еткендігін көрсетеді: I -ып + турур + мен>ып + тур + мен>-ып + мен>-ып-пын;
II -ып + турур + сен>-ып + тур + сен>-ып + сен>ып + сың; III -ып + турур > -ып + тур > ып + ту>-ып + ты.
Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (азербайжан, ұйғыр, қырғыз, түрікмен) еткен шақтың бұл түрі жіктелу үлгісінің өзіндік қолданысымен айрықшаланады. -ыпты тұлғалы өткен шақ Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы -ып + турур + мен формасында ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. «Тефсир», «Оғызнамада», сонымен бірге XVII ғасыр шығармалары «Шежіре-и-терекме», «Шежіре-и-түркіде» қолданылған: «Заид Расулға айтыб турур» («Тефсир»), «Барчасының атларыны йуқарыда бир бир айтыб турурмиз (Ш.Тер.). Көне қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикусте» де кездеседі. «...дунйаға тириклик берип турур, Христос бизге тоғуп турур». XIV ғасыр жазбаларынан белгілі -ып + тур + мен формасы XV ғасырдан кейін өнімді қолданыла бастаған. «Кодексте», «Ат тухвада» -ып + тыр + мен түрінде езулік вариантымен берілген. Осы қолданыстың ізін қазіргі түркі тілдерінің ішінде хакас, шор, тува, қырғыз, алтай тілдерінен көруге болады. XV ғасырдан бергі ескерткіштерде актив қолданыста кездесе бастаған -ып + мен формасының алғашқы фиксациясы XIII—XIV ғасыр жазбаларынан көрінеді; «Тефсир», «Оғызнамада» бірен-саран ұшырасуы байқалады: «Балықны йах-шы сақлабсен» («Оғызнама»), «Ул, не ким сен келтүрүб — сен («Тефсир»). Белгілі бір дәуірлерде -ып көсемшелі өткен шақтың үш түрінің де қатар қолданылуы кездесіп отырған. Мұндай ерекшелік грамматикалық тұлғалардың саралана бастауының алғашқы сатысының көрінісі болса керек. Тілдің ішкі заңдылықтары негізінде әрқашан сұрыпталу процесінің жүріп жатуы бір функцияны атқаратын бірнеше вариантты формаларының ең ықшамдысын ғана таңдауға алып келеді. Қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдеріндегі -ып көсемшелі өткен шақ формасы, сөйтіп о бастағы -ып + турур + мен тұлғасының ықшамдалуы нәтижесінде дамып қалыптасқан.
Назар аударар жайт — ескерткіштер тіліндегі -ып формантты өткен шақтың білдіретін мағыналық қырлары. Э.Наджиптің көрсетуінше «Гүлстанда» бұл тұлға екі түрлі мағына берген. Бір жағдайларда берген мағынасы қазіргі қазақ, өзбек, ұйғыр тілдеріндегідей болып келеді. Яғни, сөйлеуші куә болмаған, қатыспаған немесе оның еркінен тыс болған я басқа біреулерден естіген іс-әрекетті білдіруі ұғынылады: «Сорды кім мұңа не болып турур: айт-тылар, хемр ішіп, ұрұс етіп кісі өлтүрүп турур («Гүлстан»). Екінші бір жағдайларда жоғарыдағыдай модальдік реңк болмайды да, беретін мағынасы -ды, -ған тұлғалы еткен шақ формасымен сәйкес келеді.
Өткен шақ ішінде аналитикалық формалардың да езіндік қалыптасу жолын байқауға болады. Күрделі шақ тұлғаларының көмекші етістік тіркесі арқылы жасалатыны белгілі. Орхон-Енисей жазбаларында, «Диван луғат ат-түрік», «Құдатқу біліг», «Хибат-ул хақайық», «Тефсир», «Оғызнамада» көмекші етістік ерті, ерді түрінде келсе, XV ғасырдан бергі дәуірде бұл тұлғамен еді формасы да қатар қолданыла бастаған. Ал қазіргі кезеңде түркі тілдеріндегі аналитикалық шақ формасының сыңары ретінде еді көмекші етістігі қолданылады. Тарихи тұрғыда ең көне аналитикалық шақ формаларының біріне -мыш ерті тұлғасы жатады. Алғаш Орхон-Енисей ескерткіштерінен мәлім болып, XV ғасырға дейін актив қолданылған. «Алп ер бізіңе тегміш ерті» (Күлтегін); «мусылман болмыш ердиләр» («Тефсир»). Түркі тілдерінің дамуы барысында оғыз тобындағы тілдерде өнімді қолданылып, нәтижесінде осы топқа тән ерекшелікке айналған. Жазба ескерткіштерде XIII—XIV ғасырлардан бастап кездесетін күрделі өткен шақ түлғасы -ған. «Бабырнама», «Шежіре-й-терекме», «Шежіре-й-түркіде» жүмса-лып отырған: «Сизлер аңа ынанған ердіңіз» («Тефсир»).
Функциялық және семантикалық жағынан -мыш ерді формасымен ұқсас бұл тұлға өнімді қолданылу сипатына ие болып, келе-келе қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ерекшелігіне айналып кеткен. «Қүдатқу білікте» ескі үйғыр ескерткіштерінде кездесетін аналитикалық өткен шақ формаларының бірі -ды ерті (ерді) тұлғасы: берді ерді (КБ.), көртүм ерті (Алтын ярук), алды ерті (Юр). Мағынасы -ған еді, -мыш ерді формаларымен сәйкес келетін бүл тұлға қазіргі гагауз, түрік тілдерінде сақталған. Көне түркі тілдеріне тән болған, кейін ығысу нәтижесінде қолданылудан шығып қалған күрделі өткен шақтың бір түрі -дуқ ерті формасы «Тефсирде», Рабғузи шығармасында кездеседі. «Мен бутларны хақиқат көрмедүк ердім, турдум, Маккага бардым, көрдүм. (Теф.); «Эй, ата, биз йабанда йылқы, қарамал, күзәйү, болуб, Иусуфны отағ да қойдуқ ерді (Рабғ.)» Қазіргі қазақ тілінде кеңінен қолданылатын -п еді аналитикалық өткен шақ формасының алғашқы ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан («Тефсир», «Оғызнама», «Қисса ал энбие») басталады: «Берке эмгек бирле ел күнни босып ерді» (он), «Тоқы мушриклар таба кетиб ердиләр (Теф.)». XV ғасырдан кейінгі кезеңдерде бұл қосымшаның өнімді жұмсалуы байқалады.
Жіктеу жалғауларын тікелей қабылдау арқылы қазақ тілінде нақ осы шақ (жай түрі) мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, тұр,.жатыр, жүр) қалыптасу жолын бақылау олардың XII—XIV ғасырлардан бергі кезеңде осы функцияда қолданыла бастағанын көрсетеді. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Олардың ескерткіштерде қолданылуы мынадай болып келеді: «Иүрүрмен йерде изни көрмек үчүн» (МН.). «Сулайман тахт үзе ол турур» (Рабғ.). «Иүгүрүб тышқары чықты ерсе көрді: Иав турур (Ш. Тер.). Нақ осы шақтың күрделі түрі жазба ескерткіштер тілінде XIV ғасырдан жұмсала бастайды да сирек кездесуімен ерекшеленеді; «Халқның тұзың йейүб йүрүрмен (Ш. Тер.).
Қазақ тіліндегі ашық рай тұлғаларының дамуын жалпы түркі тілдеріндегі шақ категориясының қалыптасу процесімен, ескерткіштер тілімен байланыста қарастыру белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Тілдің тарихи даму барысында шақ және рай тұлғаларының өзара жіктелісі болған. Шақ формаларының бірқатары функңионалды-семантикалық және құрылымдық өзгеріске түскен. Соның нәтижесінде кейбіреулері ығысып, қолданудан шығып қалып жатса, екінші бір тұлғалар дербес шақ формасына айналып отырған. Жеке ұлт тілдерінің түркі семьясынан бөлініп, қалыптасуына байланысты әрбір түркі тілдеріндегі шақ формалары өзіндік дыбысталу және семантикалык, даму сатысымен ерекшелене бастаған.
Етістіктердің жақ, сандық жалғауларды қабылдау мәселесі негізінен жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларға байланысты әңгімеленеді. Айналып келгенде, етістік тұлғаларының жақ, сан жайлы ұғым туғызуы аталған грамматикалық формаларды қабылдауы болып табылады. Осыдан бұрынғы тақырыптар бойынша айтылғандарды қорыта келгенде, етістіктерге жалғанатын жақтық және сандық жалғаулар үш түрлі топқа бөлінеді. Бұндай әр түрлілік, бір жағынан, жекелеген етістік категорияларының тарихи ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, белгілі бір дәрежеде сол қосымшалардың тарихи дамуы, өзгеру сатыларын да байқатады.
Келер шақ, осы шақ тұлғаларына, өткен шақ есімшелеріне, -п көсемшелеріне I, II жақтық мәнді туғызу үшін I, II жақ жіктеу есімдіктерінің толық түрі тіркесе айтылған немесе солардың фонетикалық езгеріске түскен тұлғалары жалғанған:
жекеше көпше
I — мен, -біз, -міз,
II — сен, -сің.
III жақта ол есімдігі,тг/рг/р көмекші етістігі қолданылғаң, Алайда III жақты білдірудің мұндай тәсілі тұрақты, айнымайтын құбылыс емес кейде ол есімдігі де, көмекші етістік те айтылмайды. Қосымша орнына жіктеу есімдіктердің қолданылуы V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, сол сияқты XI—XVI ғасыр ескерткіштерінде де ұшырасып отырады: «Тәпсірде»— Тақы Хақиқатда мен қорқұтған-мен і оғул, сен айдың, біз ешітдіміз. МҚ-да: Мен ет тоғрағаймен т. б.
Жақ қосымшалардың қазіргі қазақ тіліндегідей қысаң дауыстылармен айтылуы тілдің «жаңа» дәуіріне қатысты екені айқын. Жақ қосымшаларын қабылдау ерекшеліктері тұрғысынан айрықша атап айтар жай, -п көсемшелеріне және -ады тұлғалы ауыспалы осы шақ тұлғаларына байланысты. Жалпы түркі тілдерінің тарихы көсемше тұлғаларына тікелей жіктік жалғауларыныңжалғануын білмейді. -п көсемшесінің өткен шақ мәнінде жұмсалуы көне түркі тілінде мына сипатта болып отырады: йана бір қул ал-қалы мені білен кенелішіп турур (юр.). ...ана Мариямдан тэн алып кіші болуп турур (КК). Сөйтіп -п көмекшісі жақ бойынша тікелей жіктелмеген. Жіктік жалғау -п көсемшесіне тіркес айтылған «байланыстырушы» тұр етістігінің есімше (турур) тұлғасына жалғанған. Кейін тұр етістігі фонетикалық езгерістердің нәтижесінде нольдік тұлғаға айналған:
XIII—XIV ғғ. қатысты жазбалар тілінде-ақ бұл тұлғаның -« + мен (сол сияқты: -п + сен, -п + ты (ды) түрі ұшыраса бастайды: У.і, не кім сен коруб-сен (Тефсир). -ады тұлғасы да осындай өзгерістің нәтижесі. Абулғазы ханның «Шежіре-й-түркі, «Шежіре-и-терекме» шығармалары тілінде мына сияқты қолданыстар кездеседі: Соруб турурлар: кім болур сен уа щайдын келер турур сен. Дінмухамед хан улуғ ләшкер бірлен келе турур- Тез оғыз елінің ічінде уруш болуб қызыл қан қара суб — тек ақа турур. Осы фактілер негізінде -ады тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді жолмен жүрді деп ойлау керек: 1. -а + турур> -Ч + тур>-а + ды; 2. -а + турур + мен//сен>-а + тур/ур/мен//сен>-а + + мен//сен>-а+мын// + сың;
I—II жақтарда тек есімше түлғасы емес, бүтін сөз (турур) түсіп қалған. Ал III жақта есімше түлғасымен қоса түбірдің соңғы дыбысы да түсіп қалып, қосымша ықпал заңдылығына ұшыраған (-а + ты, -а>ды).
Жақтық және сандық жалғауларының екінші түрі жіктеу есімдіктердің толық түрі емес, солардың кысқарған, өзгерген сыпатын танытады. Мұндай қосымшалар -ды тұлғалы өткен шақ етістіктері мен шартты рай тұлғаларына жалғанады:
жекеше көпше
I -м, -қ, -к, мыз, -міз, -муз, -мұз,
II -ң, -ңыз, -ңіз,
III -(-лар, -лер).
V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде II жақ (жекеше де, көпше де) -ғ аффиксі арқылы да берілген: Ыдуқ Отүкен йыш будун бар-дығ (ҚТ). Махмуд Қашқари бұл қосымшаны арғу тілінің ерекшелігі дейді: «Сөйлеуші бірлікте болса -м-мен -тапындым, тыңдаушы бірлікте болса -ң -тапындың, езге жақ бірлікте болса -ы -тапынды. Сондықтан: тапундуғ-табындың. Сен аны қачурдуғ — сен оны қашырдың». Бұл қосымша қазіргі башқұрт, татар, құмық тілдерінде ұшырасады. Бұл жерде ескеретін ерекшелік: -са тұлғасьгның жақ қосымшаларын қабылдауда -ды тұлғасымен бірдей болуы, -ды тұлғасы, осыдан бұрын айтылғандай, о баста қимыл есім, сондықтан оның жақ қосымшаларын қабылдауы тәуелді жалғаулы есімдерге үқсас. Ал -са осы күйінде таза етістік екені мәлім. Олай болса, оның есімдерше түрленуін қалай түсіндіруге болады? Мәселе мыынада: көне түркі тілінде шартты рай тұлғасы -сар, қосымшаның соңғы элементі -р есімше жасаған тұлға, жақ қосымшалары әуелі сол есімше түлғасына жалғанған, кейін -р -түсіп, қалған дәуірде ол бұрынғы ізбен — таза етістік негізге жалғанатын болып қалыптасады: -сар + мен>-са/р/+ мын>-са + мын. Сонымен, бұл да есімше негізді тұлғадан дамыған. Көп замандар бойы көпше I жақтың қосымшалары -қ және -мыз жарыса қолданылғаны байқалады. I жақ көпше мәнінде (өткен шақ етістіктерінде) екі қосымшаның біреуінің ғана түрақталуы кейінгі жайт.
Қазіргі түркі тілдерінің кепшілігі жедел өткен шақтың көпше I жағында -қ аффиксін ғана қолданса, алтай, хақас тілдерінде -мыс, -быс аффикстері қолданылады. Қосымшалардың үшінші түрі бұйрық, қалау рай тұлғаларына жалғанады:
Жекеше Қөпше
I -ай, -ей, -айын, -ейін, -алың, -елің, -алым, -елім,
II -ғыл, -гіл, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз,
III -сун, -сүн, -сун(лар), -сүн(лер).
Сонымен, қазіргі тіліміздегі шақ тұлғаларының қайсысы да тарихи тұрғыдан көбіне есімшелер негізінде қалыптасқан. Етістіктердің жақтық жалғауларына байланысты айта кететін тарихи ерекшелік мынадай: V—VIII ғасыр жазбалары тілінде шартты рай тұлғасы қазіргідей тәуелдік жалғаулары бойынша өзгермеген. XI ғасырдағы оғыз, қыпшақ, сувар тайпалары тілінде -дуқ тұлғасы есімшелердің ешбір жақ қосымшасынсыз үш жақта да сол күйінде қолданылғандығын М.Қашқари ескертеді. Ал қа зіргі дәуірде сары ұйғыр тілінде жақ жалғаулары қолданылмайды.
Оның үстіне, түркі тілдерінде III жақта (бұйрық райдан басқа) жақтық қосымша жоқ және еш уақытта болмаған. Сонымен, түркологияда айтылып жүрген жақтық қосымшалар түркі тілдерінде о баста болған категория емес, кейін тілдің даму барысында пайда болған категория дейтін пікірдің дәлелденуіне едәуір фактілер барлығы айқындалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
13- Дәріс: Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері.
Мазмұны: Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс — тарихи-салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау Менинский, Шотт, кейінгі Радлов заманынан-ақ осы тарихи салыстырма әдіс арқылы жүріп келе жатыр. Бұл әдістің басты шарты -жай салыстыру, қалай болса солай салыстыру емес, тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру. Тарихи-салыстырма әдістің қолданылатын мынадай негізгі орындары бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысты. бірақ бір жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің өзара байланысы, бір-біріне қатыс дәрежесі бірыңғай болып келмейтін еске алынады. Бір тілдің екінші бір тілмен ұқсастығы, жақындығы мол да, үшінші бір тілмен байланысы одан гөрі алыс, ал төртінші бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның үстіне, олардың тарихи жағынан бір-бірімен ұштасуы да әр түрлі. Кейде бір-бірімен өте ұқсас, өзара жақын тілдер тарихи жағынан бір-бірімен өте алыс кезеңде ғана ұштасады. Мысалы: қазақ тілі мен қарақалпақ, ноғай тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз тілдерімен ұштасады, содан кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен салыстыруға мүмкіндік туады. Ал екінші ерекшелікке қазақ тілі мен қырғыз тілдерін жатқызуға болады.
Тарихи-салыстырма әдісті қолданудың мақсаты — қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау.
Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік тәсіл деп аталады. Тарихи-салыстырма әдісті ретроспективтік тәсілмен іске асыру — зерттеудің негізгі бағыттарының бірі. Екінші сөзбен, зерттеу бүгінгі тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Мысалы: айақ~адақ, шор: азақ, якут: атах, көне түркі: адақ. Сон-да й~з<д/т дыбыс ауысуы келіп шығады. Қазіргі тілдердің ішінде якут тілі ғана көне түркілік сипатқа жақын қолданысты сақ-таған. Олай болса, қазақ тіліндегі ел адақтау тіркесі де кененің «қалдығы», айақ сөзімен түбірлес, бірі ескі күйді, бірі жаңа дәуірді танытады. Ретроспективтік тәсіл, сонымен, туыс тілдер фактілерін көне мұралар тілі фактілерімен салыстыруды мақсат тұтады. Салыстырылатын фактілер семантика, функция, грамматикалық жақтарымен қатар, диахрондық өзгерістер тұрғысынан да қарастырылады. Бұл тәсілдің бір тіл фактілерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделген түрін іштей реконструкция тәсілі деп атайды. Іштей реконструкция тәсілі синхрондық фактілерді салыстыру арқылы диахрондық қорытынды жасауды көздейді. Бұл тәсіл бойынша тіл құрамындағы элементтер өзара салыстырылады да, өзгерістің бағыты мен түрі айқындалады. Мысалы,- Ііе-л, ке-т және бе-рі, ә-рі, алдыңғыларда ортақ түбір ке-, екінші топ сөздерде қосымшалар ортақ, түбірлердің ортақтығын түсіндіру үшін жазба ескерткіштер мен туыс тілдер фактілеріне жүгіну керек: бұ жақ, о жақ, со жақ, ана жақ ортақ түбір екі түрлі: о~а және бұ~ со. Алдыңғы ортақ түбір соңғымен (бұ)~(со) салыстырғанда ерекше көрінетіндер б, с элементтері. бұ және со сөздерінің екі түрлі мәнде ұғынылуы да (бұ — осы жерде — менің айналамда, со — сол жерде, сенің айналаңда) б және с элементтеріне байланысты. Осылардың бәрін еске алсақ, бұ және со сөздерін екі түрлі элементтерден құралған: б, с — локативтік мән бергендер, ұ және а — сілтеулік мән бергендер деп қарауға әбден болады. Дегенмен, тілдің бір саласына ғана қатысты синхрондық фактілерді салыстыру ретроспективтік тәсілге жатады. Өйткені, әдеби тіл мен диалектідегі бір-біріне эквивалент фактілер әр түрлі кезең мен өзгерістердің (тіпті таза лингвистика емес, экстралингвистикалық, әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі) нәтижелері болуы мүмкін.
Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады (бұл жердегі салыстыру сопоставление: хронологиялық жүйе сақталынбайды). Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар (системные отношения) арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі түркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, алтайлық (қырғыз) вокализм, қарағас вокализмі тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау көбіне-көп типологиялық салыстыра қарастырудың нәтижесі. Түркі вокализмінің аталған түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделеді.. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын зерттеуде қолданылатын әдістің бірі — ареалдық әдіс. Ареалдық әдіс арқылы тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің сыпаты мен дәрежесін, ондай процестің орны мен таралу аймағын айқын-дап, ол нәтижелерді тілдің тарихи езгерістерінің бір түрі (немесе өзгерістердің бір тобы) ретінде тілдің тарихи грамматикасына енгізуге болады. Ареалдық әдіс кейде изоглостарды тарихи түсіндіру әдісі деп те аталады. Олай деп атауға себеп — ареалдық әдіс туыс, бір-біріне жақын тілдердің белгілі бір регионда шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіреді. Тілдер мен диалектілердің ықпалдасу процесінің бағыты мен орнын айқындауға ареалдық әдіс археология мен этнографиялық мәліметтерді де пайдалана алады. Мысалы, қазақ тілінің батыс говорлар тобына түрікмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын айқындау ареалдық әдісті қолдану арқылы жүреді. Батыс говорлар тобы дегенде бірыңғай, бірөңкей қарастырылмай, оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс тәрізді региондарға жіктеп, олардың әрқайсысына тән тарихи-әлеуметтік, этникалық ерекшеліктер болғандығы еске алынады. Оңтүстік-батысқа орналасқан қазақ тайпалары оғыз тектес рулармен шектессе, батыстағы олардың ағайындары ноғайлармен, башқұрттармен араласты. Солардың барлығы да қазақ тіліне ықпал етті, із қалдырды. Ал ондай өзгешеліктер бізге белгілі ескерткіштерде өз көрінісін таба берген жоқ. Сонымен қатар, батысты мекендеген қазақ тайпалары жайында айтқанда, қыпшақ (қуман)-славян байланыстарын, кейінгі ғасырлардағы қазақ-орыс байланысын назардан тыс қалдыруға болмайтындығы айқын. Ал оңтүстікке орналасқан қазақтардың тілі туралы зерттеулер қазақ-өзбек байланысымен қоса, араб-парсы тілдерін де назардаи тыс қалдыра алмайды.
Тілдің динамикалық жүйелі тарихын жасау үшін оны әр түрлі өлшем түрғысынан жан-жақты қарастыру керек болады. Зерттеуші сондай мақсат қойғанда қолданбай кетпейтін әдіс — синхрондық сипаттау әдісі. Синхрондық сипаттау әдісі белгілі бір дәуірдегі тілді жан-жақты сипаттауға құрылады. Екінші сөзбен, белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін өзгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, қысқасы бүкіл механизмін түгелдей дәлелдеп шығу синхрондық сипаттау әдісінің үлесіне тиеді.
Бұл әдіс диахроникалық зерттеуде синхрондық әдісті қолдану болып табылады. Бұл арқылы тілдік фактілер бір-біріне бағынышсыз, оқшау алып қаралмайды, белгілі жүйені құрайтын тәсілдер ретінде қарастырылады. Бұндай зерттеулердің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдік функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл семантикасының даму, өзгеру, жаңару тарихы жасалуға тиіс болады.
Тіл тарихын зерттеуде әр кез қолданыс табатын немесе ойда болатын әдістердің бірі — типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі. Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тіл-тілдер бір-бірінен өзіндік ерекше заңдылықтар арқылы ерекшеленіп, оқшауланумен бірге, олардың көпшілігіне тән ортақ заңдылықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр. Ортақ заңдылықтар ортақ ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья тілдерінің ерекше белгісі деп қаралатын құбылыс (не құбылыстар) басқа да семьялар тілдерінде ұшырасуы мүмкін. Ғылымның бүгінгі қорытындылары ретінде белгілі болған сондай заңдылықтар қай тілдің тарихын зерттеуде де есте болады, зерттеу үстінде белгілі болған қүбылысты түсіндіруде қолданыс табады. Айталық, сөздің қатаң дауыссыздардан басталуы басқы буынның екпінді болуымен ұштасып жатуы тек түркі тілдерінің ерекшелігі емес, герман тілдерінде де бар заңдылық. Сондай-ақ сөздің анлауты мен инлаутында й — ж (дж) дыбыс сәйкестігі, немесе дыбыс ауысуының болуы түркі тілдерімен Қатар Индия мен Иран тілдерінде де бар. Біздің ғасырымыздың 20-жылдарында-ақ Е.Д.Поливанов айтқан, дамудың барлық немесе көпшілік тілдерге ортақ себептері мен принциптері болатындығын бүгінгі лингвистика жоққа шығармайды, қайта дәлелдей түседі. Әрине, Е.Д.Поливанов 1928 жылы бұл пікірді өзбек тілінің ирандық ықпалға ұшыраған говорларына байланысты айтқан еді.
Біздің заманымызда бүл көзқарас тек фонетика ғана емес, грамматика құрылысында да барлығы дәлелденіп отыр. Қазақ тілінің грамматикалық қүрылысының даму тарихын зерттеп, түсіндіруде осы аталған зерттеу әдістерінің қайсысы да қолданылып келеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |