БӨЖ : Көз жарақаты, диагностикасы және емдеу тактикасы. ОБӨЖ: «Көрудің ақырындап және ауырсынусыз төмендеуі синдромымен» көрініс беретін көз ауруларын анықтау және емдеу. - катарактаны анықтау және емдеу, жұмсақ интраокулярлы линзаларды имплантациялау арқылы катарактаға ультрадыбысты факоэмульсификация жүргізу ерекшеліктері;
- глаукома кезінде міндетті диагностикалық зерттеу әдістерінің тізімі;
- глаукоманың әртүрлерінде консервативті емдеу принциптері;
- глаукоманы хирургиялық емдеу принциптері, глаукома хирургиясы кезінде оперативті араласу және жаңартылған түрлері;
- глаукоманың жедел ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек;
- тор қабық дегенерациясын анықтау және емдеу;
- тор қабыққа лазеркоагуляцияны қолдану.
Басқа ағзалар мен жүйелердің негізгі синдромдарын анықтау және емдеу,көру мүшесімен байланысы. Көздің қосалқы аппаратының және көз алмасының жарақаттары.
- Никулич синдромын анықтау және емдеу;
- Фогта- Каянаги- Харад синдромын анықтау және емдеу;
- Бехчет синдромын анықтау және емдеу ;
- Рейтер синдромын анықтау және емдеу ;
- Лайелл синдромын анықтау және емдеу ;
- аталған синдромдардың көру мүшесімен байланысы;
- көру мүшесі жарақаттарын консервативті және хирургиялық емдеу принциптері.
3
1
Барлық сағат
45/15
Межелік бақылауды өткізудің және емтихан сессияның мерзімдері:
Межелік бақылау практикалық сабақтың 4 және 8 күнінде тапсырылады. Цикл біткеннен кейін қорытынды бақылау жүргізіледі: ауызша емтихан алдында ОҚКЕ тапсырылады.
Кеңес беру туралы мәліметтерКеңес беру емтиханға бір күн қалғанда профессор Жапалаков Б.А., Л.Д. Марданова, кафедра доценті Кожантаева С.К. және м.ғ.м. Д.Е. Жолдыбаева өткізеді.