Академиялық тәртіп (мінез-құлық) ережесі: Барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу, дәріс және семинар сабақтарына кешігуге жол бермеу. Оқытушыға ескертусіз сабаққа келмей қалу немесе кешігу 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмалардың, жобалардың, емтихандардың (СӨЖ, аралық бақылау, зертханалық, жобалық және т.б. бойынша) орындау және өткізу мерзімін сақтау міндетті. Өткізу мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырма айып баллын шегере отырып бағаланады. Семинар сабақ кезінде пікірталастар мен жаттығулар орындауға қатысуы пәннің жалпы бағасын қойған кезде ескерілетін болады. Пән бойынша қойылатын жасампаздық сипаттағы сұрақтар, диалог, ынталандырады. Сондықтан оқытушы пән бойынша қорытынды баға қойған кезде әрбір студенттің сабаққа қатысуын ескереді.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындаудағы дербестік; плагиатқа, алдауға, шпаргалкаларды қолдануға, білімді бақылаудың барлық сатысында көшіруге, оқытушыны алдауға және оған құрметсіз қарауға жол бермеу. (ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі). Мүмкіндігі шектеулі студенттер е-адресі mzhamilya@mail.ru, 8 775 3069205 байланыс телефоны бойынша кеңес ала алады.
Бағалау және аттестациялау саясаты
Критериялық бағалау: дескрипторларға қатысты барлық оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылауда және емтихандарда құзіреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Суммативті бағалау: дәрісханадағы белсенді жұмысы мен қатысуын бағалау; орындаған тапсырмаларын бағалау, СӨЖ (жоба / кейса / бағдарламалар / …)
Қорытынды бағалауды есептеу формуласы.
Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі
Дәрістік, практикалық /семинарлық/зертханалық / жобалық жұмыстардың /СӨЖ тапсырмалары тақырыптарының апталық сипаттамасы; тақырып көлемін көрсету және бақылау тапсырмасын қоса бағалауды балға бөлу.
Семестрдің бірінші жартысындағы оқу бағдарламасының мазмұнын талдау және жинақтау (1аралық бақылау) ғылыми эссе түрінде /оқылған тақырыптардың ғылыми мәселелерін жүйелі талдау жеке тақырыптық зерттеулерге презентациялар топтық жобалық жұмыстар жасауға қосқан жеке үлесін бағалау.