Құзіреттілігі (білім алу нәтижелері): Жалпы құзіреттіліктер: - инструменталды: өзіндік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, электронды кітапханалармен жұмыс жасай білу, түпнұсқаларды сараптау үшін философия тарихын және философиясының негізгі категорияларын білу; фудаменталды санаттық және әдістемелік философия аппаратын білу, сонымен қатар оның негізгі теориялық білімдерін, философиялық дамудың басты тарихи кезеңін дүниетанымдық және басты әлеуметтік гуманитарлық білімдер ретінде игеру.
- тұлғаралық: ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру үшін топпен біріге жұмыс жасай білу, өзіндік ғылыми ұстанымын қалыптастыру және дәлелдеу; әлеуметтік шынайылықтың процестері мен құбылыстарын жалпы ғылыми және философиялық әдістер арқылы зерттеуді игеру және кәсіби біліктілік шеңберінде дербес өздігінен жаңа білім алу қабілеттілігін қалыптастыру.
- жүйелік: мәтіндермен жұмыс жасай білу және оларды осы арнадағы өзекті мәселелерді шешуде қолдана білуді; терминология мен ұғымдық аппаратқа бағдар жасауды; философия тарихындағы таным мәселесін және оның философиялық негіздерінің жалпы қалай құрылғандығын; таным теориясның негіздерін, жаратылыстанулық және гуманитарлық ғылымдардағы дүниені танудың негізгі бағдарларын; ғылыми танымға қатысты терминдер мен айтулы ғалымдардың жалпы теорияларын; ғылыми танымдағы әдістнамалар мен әдістердің қалай пайда болғандығын және оның қалай қолданылатындығын
Пәндік құзіреттіліктер: - Философия тарихындағы таным мәселесімен шұғылданған ойшылдардың негізгі идеяларын меңгере отрып, ондағы негізгі мәселелерді болашақтағы біліміңізде және қоғамдық өмірде қалай қолдану керектігі туралы машықтанады;
- таным теориясы, болмыс мәселесіндегі ғылыми білімдердің түзілімін, олардың филосояилық қырларын меңгере отырып, өз бетінше ғылыми білім мен танымның негізгі бағдарын, жалпы филосояисын талдап беруге үйренеді.
- Қоғам мен адам мәселесі, оның құндылықтарын филосояилық негізде саралап, жинаған білімдперін өткен-қазіргі-болашақ уақыт тұрғысынан байланыстыра білу және өмірлік маңызды мәселелерді өз бетінше шеше білуге дағдыландыру
Пәннің пререквизиттері – Қазақстан тарихы
Пәннің постреквизиттері – Әлеуметтану, Саясаттану