4. Оқыту әдістері және жоспарланған оқу іс-әрекеттері, оқытуды басқару 1. Кіріктірілген және белсенді оқыту әдістерін қолдану: Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс: Ақпараттық-іздестіру әдістері –өсіп келе жатқан ағзадағы тіршілік үдерістері туралы ақпараттарды талдау үшін қажетті білімді (ақпараттық материалдарды) іздеуде, іріктеуде оқушының өзіндік жұмысының әдістері болып табылады. 2.Дәріс (жеке тақырыптар бойынша презентациялар мен талқылаулар)
Барлық негізгі идеялар дәріс тақырыбымен байланысты болуы керек, презентация теориялық ережелерді (сурет, графика, фотосурет және т.б.) суреттеуге және түсінуге қиын позицияларды түсіндіруге арналған (схема, алгоритм және т. б.).
3. Топпен жұмыс – тақырып бойынша тәжірибе: Топтық жұмыстың түрлері: жабық тапсырма (мұғалім оқушыларға оқудан күтетінін нәтижедерді түсіндіреді); ашық тапсырма (оқушылар өздігінен оқу материалдарын таңдайды және өңдейді, оқудан күтетінін нәтижелерді ұсына аладцы); еркін тапсырма (оқушылардың өздері тақырыпты анықтайды, қажетті материалды өз бетінше табады және оқудан күтетінін нәтижелерді ұсынады).
4. Кері байланыс – IT технологиясын (білім беру порталдары мен сайттарын құру технологиясы); ақпараттық ресурстарды сақтау және бір мезгілде пайдалану үшін бұлтты технологияларды пайдалану; оқу блогтарын құру технологиясы; онлайн-сабақтар); Кейс-стади (практикалық байланыстыра оқыту) пайдалана отырып кері байланыс беру.
5. Бағалаудың әдістері Кері байланысты "оқытушы-студент", "студент-оқытушы", "студент-студент" жүйесі арқылы бағалау