жұмысты орындауда білім алушылар таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе алу;
таңдап алынған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білу;
ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу;
нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білу;
әдеби шығарма не мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме, пікір жаза алу дағдылары қалыптасады.