КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
р/с
|
Тақырып атаулары
|
Дәріс
|
Практикалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
І семестр
|
1
|
Қазақстанның әлеуметтік-географиялық орны, әлеуметтік-әкімшілік бөлінісі. Елорда. Ірі және көне қалалар
|
|
3
|
3
|
3
|
2
|
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер
|
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Тіл. Тіл – таусылмас қазына
|
|
3
|
3
|
3
|
4
|
Сәлем – сөздің анасы. Қазақ халқының сәлемдесу үлгілері
|
|
3
|
3
|
3
|
5
|
Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі
|
|
3
|
3
|
3
|
6
|
Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық. Кітапхана. Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар
|
|
3
|
3
|
3
|
7
|
Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар
|
|
3
|
3
|
3
|
І аралық бақылау
|
8
|
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
|
|
3
|
3
|
3
|
9
|
Қазақ халқы үшін қасиетті ұғымдар. Ұлттық концептілер
|
|
3
|
3
|
3
|
10
|
Ұлттық салт-дәстүрлер
|
|
3
|
3
|
3
|
11
|
Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
|
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары.
|
|
3
|
3
|
3
|
13
|
Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
|
|
3
|
3
|
3
|
14
|
Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі. Уақыт – алтыннан да қымбат
|
|
3
|
3
|
3
|
15
|
Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы. Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар. Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі
|
|
3
|
3
|
3
|
ІІ аралық бақылау
|
Қорытынды емтихан
|
Барлығы 135 сағат
|
|
45
|
45
|
45
|
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары
№
|
СӨЖ тақырыптары
|
Орындалу түрі
|
Сағат саны
|
1
|
Қазақстанның ерекше жерлері
|
Презентация
|
3
|
2
|
Қазақстан ... даму жоспары
|
Стратегиялық жоспар құру
|
3
|
3
|
Қазақ батырлары, еңбектері
|
Таныстырылым
|
3
|
4
|
Бизнес жоба
|
Жоба
|
3
|
5
|
Ақша және теңге тарихы
|
Бейнебаян
|
3
|
6
|
Халықаралық ұйымдар
|
Анықтамалық, презентация
|
3
|
7
|
Адам құқықтары мен бостандықтары
|
Сауалнама
|
3
|
8.
|
Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі
|
Презентация
|
3
|
9
|
Тәжірибелі маман болу студенттік кезден басталады (мамандық бойынша)
|
Жоба жұмыс
|
3
|
10
|
Менің саламдағы инновациялық технология, жобалар мен өнімдер
|
Таныстырылым
|
3
|
11
|
Еңбектің наны тәтті
|
Эссе
|
3
|
12
|
Салауатты өмір салты
|
Бейнебаян
|
3
|
13
|
Ұлттық спорт түрлері мен қазақ спортшылары
|
Презентация
|
3
|
14
|
Ұлттық тағамдар (бірнеш елдің)
|
Презентация
|
3
|
15
|
Кәсіпкерліктің қыр-сыры
|
Зерттеу жұмысы,презен-тация
|
3
|
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыптары
|
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР
|
1.
|
Қазақстанның әлеуметтік-географиялық орны, әлеуметтік-әкімшілік бөлінісі. Елорда. Ірі және көне қалалар
|
Жай сөйлем және интонация
|
2.
|
Ел басқару жүйесі. Қазақстан республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары
|
Бөгде сөз
|
3.
|
Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
|
Сұрау мәнді сөйлем
|
4.
|
Экономикалық жүйе. Ішкі және сыртқы сауда
|
Болымсыздық категориясы
|
5.
|
Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
|
Сан-мөлшер категориясы
|
6.
|
Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
|
Анықтауыштық қатынас
|
7.
|
Адам құқықтары мен бостандықтары
|
Меншік мәнді сөйлем
|
8.
|
Отбасы. Бала тәрбиесі
|
Көмекші есімдер қызметі
|
9.
|
Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық. Кітапхана
|
Қимыл есімдер қызметі
|
10.
|
Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар
|
Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем
|
11.
|
Еңбек. Еңбек нарығы
|
Тыйым мәнді сөйлем
|
12.
|
Денсаулық. Салауатты өмір салты
|
Етістік категориясы
|
13.
|
Ұлттық спорт. Атақты спортшылар
|
Есімше категориясы
|
14.
|
Тағамтану. Ұлттық тағам
|
Етіс категориясы
|
15.
|
Жеке кәсіпкерлік. Іскер адамдар
|
Көмекші етістік
|
СЕМИНАР САБАҚТАРЫН (ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫН) ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Семинар сабақтарына дайындықты мынадай тәртіппен жүргізген жөн:
Тақырыпты оқу барысында семинар сабағына арналған дәптерге қысқаша мәнжазбаларды жазып алу қажет, бұл әсіресе дербес оқуға арналған сұрақтарға қатысты. Бұл мәнжазбаларды семинар сабағында жауап беру барысында, сондай ақ межелік бақылау мен емтиханға дайындық барысында қолдануға болады.
Практикалық сабаққа дайындық студенттің дербес жұмысының міндетті бөлігі болып табылады және сабақ жоспарында көрсетілген барлық сұрақтарды қамтуы тиіс. Сабаққа толықтай дайындалу тақырыпты толығымен меңгеруге және семинардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Студенттің практикалық сабақтағы жұмысы оның жоғары белсенділігі деңгейін және жария қорғау барысында төмендегі талаптарға сай болуын болжайды:
Көмекші құрал ретінде мини конспектілерді пайдалана отырып, сұрақтарға ауызша еркін түрде жауап беруі;
Сұрақтарға жауап беруге дайын болуы және жауап бере алуы, сондай ақ айтылғандарға талдай жасай білуі;
Студент әрбір семинар сабағында ең көбі 7 балға дейін жинай алады.
Семинар сабағында студенттің білімі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
Теориялық білімдерін пайдалану;
Жауаптарының негізділігі;
Қойылған сұрақтарды талқылауға қатысу;
Тапсырмаларды шешу, мән жайларды қарастыру;
Тезистер мен жауаптардың негізділігі;
Дәлелдерді қолдану;
Фактілік және тарихи материалдарды қолдану;
Зерттеудің негізгі түсініктерін меңгеру;
Жарыссөздерге қатысу;
Қойылған сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды шешу барысында дербестік таныту;
Қарастырылып отырған сұрақтарды талқылау барысында терең теориялық білімдерін көрсету;
Жауаптарының теориялық негізділігі мен құқықтық реттеу тәжірибесінен мысалдар келтіруі;
Барлық қойылған сұрақтар бойынша талқылауға белсенді әрі тұрақты түрде атсалысу;
Қарастырылып отырған мән жайлар бойынша дұрыс, негізді әрі толық түсінік беру;
Қарастырылып отырған мән жай бойынша өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;
Қарастырылған мәселе бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруі;
Басқа студенттердің жауаптарын талқылауға белсенді түрде атсалысу;
Практикалық сабақта толықтай белсенділік таныту.
Берілген әдебиетті оқудың жалпы ережелері:
Оқу кезеңдері: шығармамен алдын ала танысу; алғы сөзді немесе кіріспені оқу; мәтінді оқу.
Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.
Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.
Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.
Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.
Студенттердің Оқытушымен Өзіндік Жұмыстары (СОӨЖ) тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Презентация 15-20 слайд аралығында болуы қажет. Материалды алдын-ала жүйелеп, құрылымын анықтап, аудитроияға жақсы көрінетіндей етіп слайдқа орналастыру қажет. Презентацияны қорғаушы қолындағы материалдың толық нұсқа негізінде, әр мәселеге байланысты слайдқа сілтеме жасап отырады.
Эссе 250-300 сөзден аспауы тиіс. Онда тезис, аргумент, қорытынды секілді бөлімдері сақталуы керек.
Ауызша жауап материалды конспект, әдебиеттер, сондай ақ сөздіктер арқылы игеру. Мұнда анықтамаларды жаттау және негізгі ұғымдарды талдау талап етіледі.
Тақырыптар бойынша конспект жасау
Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:
Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.
СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.
Өткізу жоспары:
Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Талаптар:
-қызықты өткізуге аса мән беру;
-презентация барысында бейвербалды амалдарды шамадан тыс қолданбау \қолды шамадан тыс көп сермемеу/;
-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;
- киім киісіне назар аудару;
-өзін салмақты ұстау;
-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;
-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;
- орыс тілін араластырмау;
-презентацияғақойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.
Презентацияға берілетін уақыт: бір топқа 5-7 минут.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Абнасырова Р.Ж., Нұрманова Г.Н., Дүйсебекова Ж.М., Қазақ тілі. – Алматы, 2018.
2. Абиыр А., Абнасырова Р., Отарбаева Ғ. Практикалық қазақ тілі (кітапханада бар)
3. Ахметжанова З., Жолшаева М., Нұрманова Г. Ұлттық құндылықтар негізіндегі қазақ тілі (кітапханада бар)
4. Абнасырова Р., Нұрманова Г., Дүйсебекова Ж. Қазақ тілі (жалғастырушы деңгей)
5. Бектұров Ш, Бектұрова А. Казахский язык для всех. – Алматы, 2004.
6. Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.
7. Кубаева И. Просто о невероятно сложном. – Алматы, 2007.
8. Кузекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.
9. Кузекова З.С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш., Мамаева М.Қ., Жолшаева М.С. Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.
10. Кузекова З.С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш., Мамаева М.Қ., Жолшаева М.С. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.
11. Қарабаева Қ. Келіңіз, сөйлесейік. (Ересектерге арналған оқу құралы). – Астана, 2010.
12. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. (ЖОО студенттері үшін тіл ұстартуға арналған оқу құралы). – Алматы, 2014.
13. Қасым Б., Молдасанов Е. Қазақ тілі. – Алматы, 2003.
14. Омаров Б.А. Қазақ тілі (шығыстану факультеттеріне арналған). – Алматы, 2012.
15. Омаров Б. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2012.
16. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.
17. Сүлейменова Э.Д., Қ. Қадашева, Д.Аханова. Тіл ұстарту. – Астана, 2007.
18. Күзекова З.С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш., Мамаева М.Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.
19. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша). – Астана,2012.
20. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Жалпы ред. Басқарған: Әлкебаева Д.А. – Алматы, 2013.
21. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж.. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2005.
22. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақ тілі. Авт.: Салқынбай А., Иманқұлова С. – Алматы, 2012.
23. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы. Бакалавриат. Типтік оқу бағдарламалары. Авт.: З.Ш. Ерназарова, Б. Қасым. К. Жақсылықова, Ғ, Иманалиева, Н.А. Егіншібаева. – Алматы, 2007.
Қосымша әдебиеттер:
Жетпісбай Ш.А., Қоянбаева Қ.К., Ботабек А.Ә. Қазақ тілі ІІ-курсқа арналған практикалық курс оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 1998.
Нұрғожина Г.М., Кишенова А.Ю., Шабденова Қ.Ж. Қазақ тілі І-курсқа арналған практикалық курс оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 1999.
Жетпісбай Ш.А, Қ.К.Қоянбаева, А.Ә.Ботабек. Қазақ тілі оқу құралы. Университет ғылыми кеңесі оқу құралы ретінде бекіткен. Қарағанды: ҚарМТУ, 2000.
Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
Нұрғожина Г.М., А.А.Ақынжанова, Э.Қ. Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды: ҚарМТУ, 2002.
Интернет көздері:
el.kz
bilimland.kz (қазақ тілінің үш деңгейлік курсы)
learningapps.com
Бағалау саясаты (немесе бағалау критерийлері)
ҚР БЖҒМ ұсынған және университеттің ішкі бағалау жүйесі
Кредиттік технология бойынша балдық жүйе студенттің білім деңгейін бағалауда маңызды рөл атқарады. Студент біліміне қойылатын қорытынды баға бақылау түрлеріне қойылған, бөлінген балл көрсеткіштері мен емтихан қорытындысы және оқу кезеңіндегі студенттің жалпы жинаған балдық көрсеткішімен анықталады.
Бақылаудың 3 түрі жүргізіледі. Олар:
ағымдық (апта сайын не модуль соңында)
аралық (кесте бойынша 7, 14-апталар)
қорытынды (курс соңында)
Аралық бақылау кестеге сәйкес бір немесе екі рет өткізіледі. Ол сабақ барысында өтілген материалдарды қайталау, пысықтау, бекіту мақсатында ауызша, жазбаша, тест түрінде немесе аралас түрде өткізіледі.
Қорытынды бақылау (емтихан) оқу кезеңі соңында өткізіледі.
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Балдың сандық эквиваленті
|
%-дық
құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
«Өте жақсы»
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
«Жақсы»
|
В
|
3,0
|
80-84
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
«Қанағаттанарлық»
«Қанағаттанарлықсыз»
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
5 0-54
|
F
|
0
|
0-49
|
|
|
|
|
8ә. Оқытушының жеке бағалау критерийлері
-
Бағалау өлшемдері
|
І аралық бақылау
|
ІІ аралық бақылау
|
Қорытынды емтихан
|
Күнделікті сынып және үй тапсырмалары (сынақтар, жаттығулар)
|
25 балл
|
25 балл
|
Тест немесе билет түріндегі емтихан (барлығы 40 балл )
|
СӨЖ жұмысын қорғау
|
10 балл
|
|
Көркем шығарма оқу
|
10 балл
|
|
Сабаққа қатысу мен белсенділігі
|
15 балл
|
|
Аралық бақылау
|
15 балл
|
|
Барлығы
|
100 балл
|
|
100 балл
|
9. Оқытушының пән ерекшеліктеріне байланысты жеке талаптары
Баға қою саясаты: Семестр соңында бүкіл семестрдегі жұмыстың кумулятивті көрсеткіші болатын ортақ жалпы баға қойылады. Қорытынды баға СДУ-да қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.
Практикалық үй жұмыстарын бағалаудың шарттары: орындалған тапсырма мазмұнының дұрыстығы мен толықтығы, орындау техникасы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.
Емтихандық бағаны қоюдың шарттары: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндаудың стилі мен логикасы.
Курс саясаты:
кешікпеу және сабақтардан қалмау;
сабақ кезінде оқытушының рұқсатынсыз ұялы телефондарды қолданбау;
барлық тапсырмаларды уақытында орындау.
Академиялық тәртіп пен этикалық саясат:
- толерантты болу, басқа адамның пікірін сыйлау;
- қарсылықты дұрыс формада жеткізу;
- адал әрі әділ болу;
- жауапкершілікті сезіну.
Достарыңызбен бөлісу: |