ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
ГКП на ПХВ «Талдыкорганский высший медицинский колледж»
«Бекітемін»
Директордың оқу тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Құмарова А.Б._________
«____»________2020 ж.
СИЛЛАБУС
Пәні: «Молекулалық биология, медициналық генетика»
Мамандығы: 0304000 «Стоматология», біліктілігі: 0304023 «Дантист»
Курс: II
Семестр: III
Бақылау түрі: Емтихан
Барлығы__60/2__сағат/кредит KZ
Аудиториялық сабақтар _20___сағат
СӨЖ ___15___сағат
ОСӨЖ ___5___сағат
Симуляциялар _20_сағат
Клиника _____сағат
Талдықорған - 2020 ж.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
ГКП на ПХВ «Талдыкорганский высший медицинский колледж»
«Келісемін»
МЕ «Стоматология»
директоры А.М.Амантай
_____________________
«____»________2020ж.
|
«Бекітемін»
Директордың оқу тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Құмарова А.Б._________
«____»________2020 ж.
|
СИЛЛАБУС
Пәні: «Молекулалық биология, медициналық генетика»
Мамандығы: 0304000 «Стоматология», біліктілігі: 0304023 «Дантист»
Курс: II
Семестр: III
Бақылау түрі: Емтихан
Барлығы__60/2__сағат/кредит KZ
Аудиториялық сабақтар _20___сағат
СӨЖ ___15___сағат
ОСӨЖ ___5___сағат
Симуляциялар _20_сағат
Клиника _____сағат
Талдықорған - 2020 ж.
Пән/модуль бойынша силлабусты құрастырған оқытушылар:
1.Ахмеджанова Ирина Токеновна
2.Сыртанова Роза Дарыпкановна
0304000 «Стоматология» мамандығының 0304023 «Дантист» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған.
№ 2 циклдық әдістемелік комиссия отырысында қаралды,
№___хаттама ________20___ ж.
№ 3 ЦӘК төрайымы __________________Калкеева Б.Н.
(қолы ) (аты-жөні)
Колледж Әдістемелкі кеңес отырысында қаралып келісілді,
№___хаттама ________20___ ж.
Колледжәдіскері__________________ДуванбековаГ.С.
(қолы ) (аты-жөні)
Оқытушылар туралы мәлімет
№
р/с
|
Аты-жөні
|
Ғылыми дәрежесі
|
Қызметі
|
Электронды
мекен-жайы
|
1.
|
Ахмеджанова Ирина Токеновна
|
жоғары санатты
|
Биология химия пәні Оқытушысы
|
ahmedzhanova.srs @mail.ru
|
2.
|
Сыртанова Роза Дарыпхановна
|
Биология ғылымдарының магистрі, жоғары санатты
|
Биология химия пәні Оқытушысы
|
roza.darypkanovna.83mail.ru
|
2.Бағдарлама.
2.1 Кіріспе
2019 жылғы жаңа МЖБС сәйкес 0304000 -"Стоматология" мамандығына жалпы білім беру бағдарламасы бойынша «Молекулалық биология, медициналық генетика» пәнін оқыту жоспарланған.
Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының және нәруыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, жасушадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу кезеңдерін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.
Молекулалық биология пәнін оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты кезеңдермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.
Мұндай қалыптасқан дайындық екінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабілетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік кезеңдеріндегі молекулалық және жасушалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі рөлін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.
Типтік бағдарламаға сәйкес 60 сағат жоспарланған, оның 20 аудиториялық сабақтар, симуляция сабақ -20, студенттің өздік жұмысы 15, студенттің оқытушымен өздік жұмысы 5 сағат.
Курс аяқталған соң студенттердің білімін бақылау емтихан түрінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |