Силлабус пәні: «Молекулалық биология, медициналық генетика» Мамандығы



бет2/27
Дата17.10.2022
өлшемі105,49 Kb.
#153344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
molekulalyk biologiya medicinalyk genetika
Зертханалық жұмыс 6, Практикалық сабақ 4, Менің Отаным – менің мақтанышым
2.2 Пән/модульдің саясаты ...
Оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген.
Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың
жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
• Дәріс сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
• Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
• Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беріп тапсырудан тұрады.
• Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу.
• Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
• Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
• Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.
• Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.
2.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Ағзаның қызмет етуінің негізгі молекулалық – генетикалық механизмдері жайында білімді студенттерге игерту және оны клиникалық тәжірибеде қолдануға үйрету.




2.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

- Ағзаның қызмет етуінің молекулалық –генетикалық және жасушалық механаизмін қалыпты және патологиялық жағдайларда оқып білудің, диагностика жасаудың, кең тараған ауруды емдеу мен оның алдын алуды тиімді жүргізудің маңызын түсіндіру.


- Теориялық және тәжірибелік медицинада қазірғы молекулалық –генетикалық технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы көз қарастарын қалыптастыру.
- Кеңінен таралған тұқым қуалаушылық аурулардың алдын алуды және қазіргі жетістіктерді пайдаланып диагностика жасау үшін тұқым қуалаушылық патологиясының негізгі белгілерін анықтауға үйрету.
- Медицинада молекулалық –генетикалық зерттеулердің жетістіктерін қолданудағы этикалық және құқықтық нормалар туралы түсінік беру.
- Тұқым қуалаушылық аурулар жайында электронды базадағы және ғылыми әдебиеттердегі мәліметтермен жұмыс жүргізу дағдыларына үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет