1. Оқытушы туралы мәлімет
Аты-жөні: Мурзалиева Айкерим Байказаховна
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
Қызметі: аға оқытушы
Кафедра: педагогика, психология және филология
ЖОО еңбек өтілі: 8 жыл
Кафедраның толық мекен-жайы: қ.Жезқазған, к.Анарқұлов 12а
Ғимарат: 5, қабат: 2, кабинет: 205
2. Пән туралы мәлімет:
Семестр
|
Несие саны
|
Сабақ түрі
|
СӨЖ
саны
|
Барлық сағат саны
|
Бақылау формасы
|
Аудиториялық сағат саны
|
СОӨЖ саны
|
Бар-лық сағат саны
|
Дәрістер
|
Тәжірибелік сабақтар
|
Зертханалық сабақтар
|
ІҮ
|
4
|
15
|
45
|
-
|
60
|
120
|
60
|
180
|
емтихан
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Білім, білік, дағды: Қазіргі заманның талабы білім беруде гуманизациялау мен гуманитаризациялау мәселелеріне үлкен мән беру болып отыр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу.
Оқушыларды даралап, саралап оқыту арқылы дамыта оқыту басты назарымызда тұр. Оқыту мазмұнын, технология түрлерін жаңартуға міндеттіміз.
Бүгінгі күні қазақ халқының қайнар көзі ауылда шоғырланған. Ауыл мектептерінің ахуалын көтеріп, жағдай жасау, материалдық базасын нығайту – кезек күттірмейтін көкейтесті мәселе. Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру, әсіресе, ауыл мектептерінің проблемаларын шешу, оның жұмыс принциптері мен қойылған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылуы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған әдістемелер бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Теориялық модельді даярлағанда, оның компоненттері төмендегідей өлшемдермен көрсетілген:
шағын комплектілі мектептегі жұмысқа мұғалімнің кәсіби бағыттылығы;
мұғалімнің әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үрдістің маңыздылығын білуі;
білім беруді жеке тұлғалық бағытталуының гуманистік қажеттілігін білу-сезіну;
шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін білу;
пәнаралық шоғырландыруды іске асыру технологиясын игеру;
шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқаруды жетілдіру тәсілдерін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |