«сын т¦РЃысынан ойлау» технологиясыныњ єдістерін пайдаланудыњ тиімділігі



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі108 Kb.
#59333
1   2   3
Байланысты:
16 желтоксан

Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады. Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда
Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі болып аталып өтіледі.
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 25 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.
Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан Республикасында 2017жылы Бүкіл Дүние Жүзілік ЭКСПО көрмесі өткелі жатыр.Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды. .Есік қағылады.
Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті.Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен ,жұмбақтар.
Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал. (Қазақстан мемлекетінң Туы)
Туымыздан күн қарап
Күлімдейді әлемге
Күнмен бірге қандай құс.
Қанат қаққан бар елге (Қыран)
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.
Балалар: Ту. Көк.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет