«сын т¦РЃысынан ойлау» технологиясыныњ єдістерін пайдаланудыњ тиімділігі



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі108 Kb.
#59333
1   2   3
Байланысты:
16 желтоксан

Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Егеменді елдің біздер,
Ұланымыз жас қанат
Апайларға сәлеміміз,
Құттықтаудан бастаймыз.
Ызғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата аі
Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусіз
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Отан-анаң ауялы,
Отан- әкең,ақылшың.
Отан-асыл арманның,
Аялаған өз елін.
Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Атағы артық, жаны аппақ,
Әй Отаным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі 
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Серігіту жаттығуы.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап аспанда
Жас ұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба /2-рет
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 28 жыл толды.
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?
Ержігіт: Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Енді, балалар «Көгершін» деген әнді айтайық.
Тәрбиеші: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Би «Тәуелсіз елім»
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан-Ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,
Шет елдерге болмаймыз біз берешек
Екі мың отыз келген кезде бұйырса,
Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.
Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды салтымыз
Президентті әрқашанда қолдаймыз,
Жастарыма, толық сенім артамыз.
Арқасына күнді алып,
Қыранымыз самғап жүр
Көк туымыз желбіреп,
Жер мен көкті жалғап тұр.
Әділдік жеңіп соңында.
Тәуелсіз болды еліміз
Татулықпен бірлікпен,
Гүлдей бер, туған жеріміз.
Тәуелсіздік келді деп,
Оралды қайта салтымыз
Баянды болғай енді тек
Бақытты біздің халқымыз.
Отаным, Қазақстаным,
Жұмбағым Қазақстаным
Сен менің желеп-жебеушім,
Тәуелсіз Қазақстаным!
Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап.
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»


Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиеші: Құрметті балабақша ұжымдары,ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген.Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 28 жыл толды. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп өседі
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді
Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.
Елдігімнің – реңі,
Теңдігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым – арай таным!
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры
Бостандығым тұңғыш рет
Аққанатын қаққан күн
Әже әлдилеп немересін
Басы айналған бақтан күн
Ән «Анашым»
Бәрі болған қазақ сынды көне елде
Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де
Жаһандағы ең жауыргер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге.
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен – таңба?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын,өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!
Балалардың орындауында
Хор «Біз өмірдің гүліміз»
Тәрбиеші: Енді ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері анық.
Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,
Қазақтың ою – өрнегі , қыраны және самғаған.
Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,
Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.
Сахналық қойылым : « Туым – намыс,ұранымыз –бірлік біздің»
Өзіңдікі туыңда
От пен ауа,суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да!

Мереке бүгін ұлы күн,


Бабалар рухы көксеген
Азатты елдің ұлымын
Теңескен төбем көкпенен.
Ән «Қошақаным»
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің,жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Балабақша серпін нық,
Көкке атанды бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.

Тәуелсіздік – ел болу


Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Жүргізуші
Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О,халайық Құтты болсын қуаныш!
Хор : «Менің Қазақстаным» 
Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар ересектер тобының дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет