Сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады



бет4/4
Дата26.03.2023
өлшемі28,34 Kb.
#173041
түріСынақтар
1   2   3   4
Байланысты:
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 қыры

алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
Бұл мақала арқылы ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндікке ие боламыз. Қорытындылай келе, Н.Ә.Назарбаевтың осы бір сөзімен аяқтағым келеді: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы!»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН РЕСУРСТАР

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы. https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html

  2. Лойко О.Т. и др. Семиосфера социальной памяти и ее аберрации в образовании. Журнал «Ценности и смыслы». - Москва: Институт эффективных технологий. № 3(37) 2015. – С. 35-43

  3. Назарбаев Н. Ә. Ұлы даланың жеті қыры: [ұлттық тарих туралы] // Егемен Қазақстан. - 2018. - 21 қараша. - 1, 2 б.

  4. Назарбаев Н. Ә. Ұлы даланың жеті қыры : [ұлттық тарих туралы] / Н. Ә. Назарбаев // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 23-29 қараша. - 1, 2, 3 б.

  5. Абдрахманов С. Асауды алғаш ауыздықтағандар кезінде ғарышқа адам ұшқандай ұлы қадам жасаған еді : (Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы туралы) / С. Абдрахманов // Егемен Қазақстан. - 2018. - 26 қараша. - 6 б.

  6. Айтаханов Е. Тарихи тамырымызбен мақтанамыз : [Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы туралы] / Е. Айтаханов // Егемен Қазақстан. - 2018. - 27 желтоқсан . - 4 б.

  7. Алматы облысында саяси репрессия құрбандарына музей ашылды // Қала мен дала. - 2018. - 22 желтоқсан. - 8 б.

  8. Арын Б. Рухани қазынамызға қосылған құнды мұра : [Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы бойынша] / Б. Арын // Егемен Қазақстан. - 2018. - 13 желтоқсан . - 5 б.

  9. Ахметжанов Н. Көне тарих көмескі тартпасын : [Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры " мақаласы туралы ] / Н. Ахметжанов // Егемен Қазақстан. - 2018. - 28 желтоқсан . - 4 б.

  10. Аяшев О. Озық ой құдіреті : [Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы бойынша] / О. Аяшев // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 7-13 желтоқсан . - 30 - 31 б.

  11. Әбдікәкімұлы Т. Кеңістік пен Уақыт феномені [Мәтін] : "Ұлы даланың жеті қыры" / Т. Әбдікәкімұлы // Егемен Қазақстан. - 2018. - 22 қараша. - 6 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет