Сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады



бет2/4
Дата26.03.2023
өлшемі28,34 Kb.
#173041
түріСынақтар
1   2   3   4
Байланысты:
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 қыры
Ересек циклограмма кыркуйек (копия)
1.Атқа міну мәдениеті
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3.Аң стилі
4.Алтын адам
5.Түркі әлемінің бесігі
6.Ұлы Жібек жолы
7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны
« Тариxи сананы жаңғырту» бөлімінде:
1.Ұлы даланың ұлы есімдері
2. Ежелгі өнер
3.Дала фольклоры мен музыкасы
4.Тариxтың кино өнері мен телевизиясы туралы баяндалған. 
Ал осыларға жекелеп тоқталар болсақ.
Шынында да, тарихтың сонау терең сахнасына үңілсек, халқымызда киелі саналатын төрт түліктің бірі- жылқының адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланады. Бұл түлік- ата-бабаларымыздың жан серігі, айрылмас досы болған.. Атқа міну салтының негізін қалаған- біздің халық.
Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Жылқыны қолға үйрету біздің жерімізден бастау алғанын әлем мойындады. Соның арқасында ауыздық, шалбар ойлап табылды. Ол заманда атқа міну қазіргі кездегі зымыранмен ғарышқа ұшқандай жаңалық еді.
Жылқы малы Қазақ халқы үшін қасиетті болған. Мінсе көлік, жесе ет, ішсе сусын, Батыр бабаларымыз ұлан-байтақ қасиетті жерімізді қорғап, сақтап бізге жеткізді.
Этнографиямызға шолу жасасақ, халқымыздың қаншалықты бай екенін анық байқай аламыз. Салт- дәстүріміздің ерекшелігін, ұлттық аспабымыз домбыра, қобыз үнін естігенде тебіренбейтін жан жоқ, сірә!? Халқымыздың тілі де өте бай. Оның бірден- бір дәлелі-М. Әуезовтың «Абай жолы» роман -эпопеясы. Ұлы жазушы бұл туындысында халқымызың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін айқын түрде бір сөзді екінші рет қайталамай, бай тілмен шебер суреттеп жеткізе білген. Сан алуан халық өз әлемінің кереметімен мақтанады. Ал мен үшін тарихы ең бай халық- қазақ халқы. Тарихымызды саралап қарар болсақ, халқымыздың ұлылығына, тарихының тереңде жатқандығына өте көп дәлелдер келтіре алатындығымыз сөзсіз. Халқымыз ұл бала дүниеге келсе «атқа мінер дүниеге келді» , «атқа мінеріңнің бауы берік болсын» деп құттықтасып , шуласып жатады. Қазақта ұл баланы 3-5 жастан атқа отырғызып үйрете бастаған.
Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерінде ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дəлелдеді. Осы тұста менің де атам Самат Құлжанұлы Ұлы Отан соғысы жылдары атты әскер қатарында отандық борышын атқарып, азаматтарды атқа мінуге үйреткен. Атам ат құлағында ойнаған жауынгер болған… Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті – Ұлы даладан тараған, деп айтуға толық негіз бар.
Мақалада Ұлы даланың қырларының бірі ретінде ежелгі металлургияны анықтады. Бұған жерімізден табылған жәдігерлер дәлел. Алуан түрлі металл кендеріне бай Қазақстан жері осы кәсіптің пайда болуының негізгі орталықтарының бірі болды. Ежелгі заманда-ақ Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерлерінде тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, қорғасын, темір, күміс және алтын балқытылған.Археологиялық дереккөздерге сүйенсек, Орталық Қазақстан пайдалы қазбалардың жер қойнауының байлығына негізделген металлургия өндірісінің қалыптасуы мен дамуының Еуразиядағы ең көне аймақтарының бірі болғандығын көрсетеді.Ежелгі қоныстарда салыстырмалы түрде қарапайым және өте күрделі жылу құрылғылары табылды. Археологиялық материал негізінде тау — кен ісі, металлургия, зергерлік техника, көне өндірістерді зерттеу арқылы Ұлы даладағы ежелгі металл өндірудің амал-тәсілдерін көруге болады..Ежелгі металлургиялық жұмыстарды дамытудың техникалық ұтымдылығы мен күрделілігі анықталды — өндірістік қызметтер ең аз еңбек шығындарымен ойластырылған түрде жүргізілді. «Көшпенділерде өндіріс, мәдениет болмаған, олар тек мал шаруашылығымен айналысып, көшіп жүрген»- деген теріс пікірге ежелгі дәуірден бастап темірді шебер қолданған және болатты балқытқан ұста шеберлерінің ерекше, қасиетті рөлі туралы қалыптасқан түсінікті дәлел етуге болады. Ежелгі темір шеберлері бұл өнердің барлық құпияларын білді және бейнелі түрде айтатын болсақ, темірді «қамыр сияқты иледі».Сондай-ақ, жазбаша дереккөздердегі мәліметтерді ескерсек, , Жібек жолы бағыттары бойынша темірден жасалған әртүрлі бұйымдар тасымалданғаны, олар бағалы тауар ретінде жоғары бағаланғаны туралы да айтылған. Сондықтан, «Жібек жолы» кейде «Болат жолы» деп те аталады.
Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу — аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы — аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. Қар барысы-Қазақстан символдарының бірі. Көк туымыздағы Қыран құсты, елтаңбамыздағы пырақты мысал қылсақ та болады. Есік обасынан табылған алтын адам біздің елімізде мықты өнер мен мәдениет болғанының дәлелі.
Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адамның» табылған. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жанды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Ал, үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған.
Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың паймдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң- құс белгілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелу үстінде. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде. Елімізді түркі әлемінің қара шаңырағы деп аитсақ та болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет