Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек», немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Сабақты бастамас бұрын «Жанұя тобын» құрап алу керек. Ол
үшін оқушылар өздері ұнататын түстерді таңдап алады.
Бұл ойынның аты: «Кімге қай түс ұнайды ? »
Сары түсті I топқа;
Жасыл түсті II топқа;
Қызыл түсті III топқа келіп отырады.
Оқушылардың таңдаған түстеріне түсініктеме беру:
Қызыл -Ізденімпаз; Жасыл -Ойшыл; Сары -Данышпан.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн ?» сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады. Жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт «бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатты.
Орнына білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір саламыз.
Ой толғаныс.
Оқуды қорытындылауы. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім
қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды табиғатпен қарым-қатынас жасауға үйретеді. 2 сыныпта табиғатты зерттеу, болжау, жинақтау, топтау т.б. денелер, заттар , құбылыстар жайындағы білім жүйесі, табиғаттағы су, ауа тіршілікке керекті табиғат заттары ретінде қаралады. Адамның, судың, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны да ашылады. Бұл тақырыптарды өткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақтың сапасын арттыруға болады. Оқушыларға ауаның, судың тазалығы, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны туралы өз пікірлерін айтқызып, «Адам -табиғат қамқоршысы» атты бес минуттық эссе, шағын әңгіме жазғызуға болады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі -«Топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».
Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсерлерін жіктеп көрсету үшін, тәжірибе барысында өткізілген «Дүниетану» пәнінен «Табиғат» тарауының қорытынды сабағымен байланыстырып көрсетелік:
Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз. Уақытты белгілей отырып екі тізім жасауын түсіндіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |