Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша коучинг сабағының жоспары



Дата22.08.2017
өлшемі34,93 Kb.
#24316
Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша  коучинг сабағының жоспары.

Коучинг тақырыбы:

Сыни тұрғыдан ойлаудың жолдары

Мақсаты:

Мұғалімдермен сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдана отырып оқушыларды сыни ойлауға тәрбиелеу жолдарын қарастыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 20-21 б.

Күтілетін нәтиже:

Әріптестеріме сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд-презентация, үлестірме қағаздар, , түрлі-түсті стикертер

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі

«Болжау» стратегиясы,

«10 минуттық эссе» стратегиясы



Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Топтық  талдау, болжау, тапсырмаларға орындау, салыстыру,  зерттеу

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Рахмет.


Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Мұғалімдер жүргізушінің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.



Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу



Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ  топқа бөлінеді.

 Жүргізуші әртүрлі әріптер жазылған қағаздарды қатысушыларға таратады. Әуен жүрген кезде қолдарында жазылған әріптер бойынша топтарға бөлінеді.

       

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Болжам» стратегиясы

Топтарға бірдей тапсырма беріледі.Тапсырманың тақырыбы: «Аққу».  Оларға тірек сөздері таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа. Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.

 Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды. Топтардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін слайдқа «Аққу» тақырыбына жазылған мәтін шығады. Әрбір топ тапсырмаларын қорғағаннан кейін басқа топтар бағалап отырады. Осы жерде бағалаудың түрлерін, бағалау критерилеріне тоқталып, талқыланды.

 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«10 минуттық эссе» стратегиясы

Рольдік ойын:




Эсселер оқылады, әртүрлі көзқарастағы ойлар айтылады. Бір балауызшамның жануынан әр түрлі сыни ойлардың шығатынын талқылайды.

Топтық жұмыс. Рольдік ойын. Топ болып өз ойларын ортаға салады.




 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Рефлексия


Қатысушыларға кері байланысы ұсынылды.

 


 Мұғалімдер бүгінгі сабақ арқылы не білгендігі туралы, әлі де қарастыратын мәселелері жайлы жазады. Әркім өз пікірлерін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет