Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде


-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер



бет3/3
Дата28.06.2017
өлшемі376,82 Kb.
#20433
1   2   3
3-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер

1807 жылы ағылшын физигі Томс Юнг өте маңызды жаңалық ашты. Ол қызыл, жасыл, көгілдір түстерді қосып,ақ түс алуға болатынын байқады. Сонымен қатар қызыл,жасыл, көгілдір түстерді қосып басқа түстер алуға болатынын байқады. Қызыл, жасыл, көгілдір түстерді Юнг алғашқы түстер деп атады.



Толықтауыш тустер: Күн спкетрінен қызыл түсті бөліп алсақ, нәтижесінде көгілдір жасыл жарық шығады.Бір – біріне  қосқанда ақ  жарық  беретін  түстерді  толықтауыш  түстер деп атады.


Егер зат  ақ  жарықтың  барлық  құрамды  бөлігін  біркелкі  шашыратса ол  ақ  болып  көрінеді.Ал зат өзіне түскен  барлық түсті жұтса, ол  қара түсті  береді.
Сондықтан мөлдір  денелерді жарық  жолына  ұстаса , олар  әр түрлі түске  боялған  тәрізді көрінеді.Мұндай  заттар  жарық  сүзгісі деп  аталады.

Жаңа материалды қорытып, бекіту. (10-13 мин)

Деңгейлік есептер

  1. Зеңбіректен 4 км қашықтықта тұрған бақылаушы жарқылдан кейін 12с өткенде жарылыстың дыбысын естиді.Осы мәліметтер бойынша дыбыстың ауадағы жылдамдығын анықтау.(333м/с)

  2. Адам 16 Гц жиіліктен 20000 Гц жиілікке дейінгі дыбысты сетиді. Адамның қабылдайтын толқын ұзындықтарының интервалын анықтау керек. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340м/с. (21,25м,17мм-ге)

  3. Дыбыстық сезім адамда шамамен 0,01с сақталады. Негізгі және тосқауылдан шағылған дыбысты ажырату үшін адам тосқауылдан қандау қашықтықта болуы керек. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340м/с. (1,7м)

Жаңа материалды түсіндіріп , дисперсия құбылысына мысалдар келтіру арқылы оқушылардың алған білімін бекітеміз.

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)(2 мин)

Түсті жолақтың өзін Ньютон........................ деп атады.

Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон ....................... деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле..................... сынады, зат ішіндегі жылдамдығы ......................... болады.

Латынның dispersio деген сөзі , қазақша ............. деген сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге ......... тасымалдайды.



Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)

1Түсті жолақтың өзін Ньютон спектр деп атады.

2. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон дисперсия деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле аз сынады, зат ішіндегі жылдамдығы үлкен болады.

Латынның dispersio деген сөзі , қазақша шашамын деген сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге энергия тасымалдайды.



Оқушыларды бағалау (1 мин)

Бағалау парақтары бойынша оқушылармен бірлесе топ бағасын айтамын



Үй тапсырмасы (1 мин)

1. Б.Кронгарт, В.Кем, Физика 11 сынып § 4,6 153 - бет

2. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы» №1046,1047,1049 есептер шығару.

3. Эссе жазу.Тақырыбы: «Жерде күннің жарығы болмас



Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары (10- сынып)

Сабақтың мақсаты: өтілген тақырыпты қайталай отырып, алған білімдерін жинақтау, пысықтау. Бүгінгі өмір талабына сәйкес оқушылардың газ заңдары тақырыбын білу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақматериалдарын оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстары арқылы меңгерту.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: Дөңгелек үстел, ассоциация әдісі, «Венн» диаграммасы, «Ой толғау» әдісі және «Еркін жазу» стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Физик – ғалымдардың суреттері, слайд, сызба – нұсқа, кестелер, білім деңгейлері жазылған плакат.

Сабақтың барысы: «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары үш кезеңнен тұрады.

«Қызығушылықты ояту» кезеңі. Сабақтың бұл кезінде ассоциация әдісі негізінде «Газ заңдары» тақырыбы бойынша ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырылады.

Бұл кезде оқушылар өздерін шығармашылық жұмыспен айналысатын зерттеуші ретінде сезінуі керек. Зерттеу тақырыбы «Газ заңдары». Осыған орай өз ойларын жекелей, жұптық, топтық шаралар арқылы жеткізе білулері шарт.

Ассоциациялық карта арқылы әр топтан бір спикердің жауабы тыңдалады. (Бұл әдіс бойынша сыныптағы барлық оқушы өз ойларын мүмкіндіктеріне қарап қағаз бетіне түсіреді).

Келесі тапсырма «Газ заңдары» тақырыбын еске түсіре отырып, оны сипаттайтын шамалармен танысу, осы шамалар туралы мәліметтер жинақтау. Ол үшін дөңгелек үстел әдісін қолданамыз. Үш топ бойынша төмендегідей тақырыптар беріледі. І топ – «Изотермиялық», ІІ топ – «Изохоралық», ІІІ топ – «Изобаралық». Тақырыптарға байланысты ойларын қағазға түсіреді, зерттеу уақыттарына 3 минут бөлінеді. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша жұмыс жүргізу шарттары мынадай болады.

1.Әрбір топ жазуларын бөлек түспен толтырулары қажет.

2.«Талқылау аяқталды» командасынан кейін жазуды аяқтап, сағат тілінің жүрісі бойынша әрбір топ келесі топқа жазған беттерін беру керек, әрбір топ оқушылары жазған материалдармен танысып, толықтырулар мен түзетулер енгізіп, қайтаруы керек (түзету мен толықтырулар топтардың таңдаған түстерімен жазылуы қажет).

Белгіленген уақыттан кейін әрбір топтан спикерлер сөз алып, өз тақырыптары бойынша қорғау жұмыстарын жүргізеді. Осы уақытта топтың басқа мүшелері өз тақырыптарына байланысты физик – ғалымдардың суреттерін және сызбаларын тауып тақтаға іледі.

Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгерту жүзеге асады. Әр топ өз аттарына сәйкес тақырыптарын түсіндіре келіп, күнделікті өмірде қолдана білу қажеттігіне тоқталып өтеді.

«Ой толғаныс» кезеңі – сабақты бекіту кезңінде «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ерекшеліктерін салыстырады.

Топ оқушылары процестерге берілген есептерді тақтаға орындайды, дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Сабаққа қатысқан оқушылардың барлығы бағаланады. Оқушылардың ауызша жауаптары, есептер шығаруы, шығармашылық жұмыстары басшылыққа алына отырып бағаланады.

Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, түсінгендігін, әлі де болса нені білгісі келетіндерін қағаз бетіне түсіріп келу тапсырылады.

Қорытынды: осы технологияның страгегияларын пайдалану барысында сабақта мүлдем ауыз ашпайтын оқушының ойын айтқанын, ізденгенін, топқа өз үлесін қосуға тырысатынын, өзінен кеткен қателіктерін мойындайтынына көзім жетті. Жыл сайынғы жинақталып келе жатқан тәжірибеге қоса, оқытудың жаңа технологиясы сапалы білімге көрсеткіш болмақ.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керекдеп сөзімді аяқтағым келеді.

Ұсыныстар:
1.«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясын сабақта тиімді қолдану.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашу.

3. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру.

 

 

АҚТӨБЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН БАСҚАРУ КОЛЛЕДЖІ










Баяндама

Тақырыбы: «Физика пәні сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде »

Өткізген: Курмалакова Ж.Ж.

физика пәні оқытушысы

Ақтөбе қаласы

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет