3-тапсырма. Сары түс.
Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар.
Мысалы: сана, сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина.
4-тапсырма. Жасыл түс
Дидактикалық ойын: «Қай баған?» (сурет бойынша «с» дыбысынан басталған сөздерді «с» бағанына, ал «ш» дыбысынан басталған сөздерді «ш» бағанына орналастыру қажет)
5-тапсырма. Қызғылт-сары түс
[С]-[Ш] дыбыстарын сөздерде ажырату.
Ұста-ұшта
Аласа-алаша
Өсу-өшу
Қас-қаш
Сал-шал
Сана-шана
|
Сабақ-шабақ
Істі-ішті
Сала-шала
Асу-ашу
Сақ-шақ
Асық-ашық
|
6-тапсырма. Алқызыл түс
«Бұл қалай өзгереді?» ойыны.
Логопед балаларға түбір сөздер айтады, балалар түбірге тиісті жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасайды.
-шы немесе -сы
Мал...... бала......
Сауын...... ана.....
Оқу....... аула.....
7-тапсырма. Күлгін түс
«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.
Логопед: Мен сөйлемді бастаймын, сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтайсыңдар.
-
Шора мен Самал (шанамен ойнады).
-
Пештің қасында сары (мысық отыр).
-
Саягүл сары (сиырды сауды).
ІV Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Дөңгелекті құрайық.
Қолымызбен шапалақтап,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Сауық-сайран құрайық.
Бас, иық, тізе, саусақ,
Аяқ, аяқ, аяқтар,
Саусақ, саусақ, саусақтар.
Логопед:
- Балалар, жарайсыңдар! Барлық тапсырманы орындап, Дымбілмеске көмектестіңдер. Енді, түстерді атап шығайықшы.
- Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дымбілмеске ертегі айтып берсек қайтеді. Ендеше, «Арыстан мен тышқан» ертегісін тыңдап, әңгімелейік. Және с-ш дыбыстарын барынша дұрыс айтайық.
V Сабақты бекіту.
[С]-[Ш] дыбыстарын мәтінде ажырату.
«Арыстан мен тышқан»
(ертегі)
VІ Үй тапсырмасы.
С-Ш дыбыстарын әріппен таңбалап, бастырып келу.
VІІ Бағалау.
VІІІ Қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |