Сыныбы: 4г Тақырыбы: Сөздің буындық құрылымын түзеу Логопедиялық сабақтың тақырыбы



бет2/5
Дата15.05.2020
өлшемі30,92 Kb.
#68675
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
szd-buyndy-rylymyn-tzeu (1)
szd-buyndy-rylymyn-tzeu (1), szd-buyndy-rylymyn-tzeu (1), kalendarnyy plan korrekcionnoy raboty deti s zpr
Көрнекілігі: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, С-Ш дыбыстары бар суреттер, табиғат суреті, Дымбілмес пен Мыстан кемпірдің суреттері.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу (балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

ІІ Негізгі бөлім.

  1. 1. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған сасақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

«Жұдырық, тақтай, алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

  1. 2. Артикуляциялық жаттығулар орындау.

«Күрекше»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 сек. ұстап тұру керек.

«Алтыбақан»

Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: тілді жіңішкертіп, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек. Бұл қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет