5) Үйге тапсырма. № 1195
6) Сабақтың қорытындысы: сабақты талдау, бағалау.
Күні: 11.04.2015 жыл.
Пәні: Математика
Сыныбы: 5а
Сабақтың тақырыбы: Сандардың жуық мәндері.Сандарды дөңгелектеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға «санның жуық мәні», «санды дөңгелектеу» туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушыларға санды қандай да бір үлеске дейін,бүтінге
дейін дөңгелектеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге,
тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: түсіндіру мультфильм кейіпкерлерімен,сұрақ-жауап
Көрнекі-құралдар: Компьютер, проектор,слайд-презентация
Сабақ барысы:
Сабақтың толық нұсқасы презентацияда құрылған.
I. Мәселе қою (слайдтар № 1 – 6)
«Санның жуық мәні» нені білдіреді?
II. Оқушыларға «санның жуық мәні» деген түсінік беріледі.(слайды № 7 – 10).
Осыдан кейін «санның дәл мәнінен кем жуықтау» және «санның дәл мәнінен артық жуықтау» деген сөйлемге түсінік беріледі (слайдтар № 11 – 13).
Әрбір мысалдың шешімін тапқан сайын оқушылар ережені толығымен дәл айтып,оқып отырады.Үйде балалардың анықтама мен ережелерді оқығысы келмейтіні құпия емес.Сабақта бірнеше рет теорияны тыңдайтын болса,оқушылар көп күш түсірмей-ақ тақырыпты ұғып алады.
III. Оқушыларға санды бүтінге дейін дөңгелектеу мысалдарында, санды дөңгелектеу алгоритмі беріледі. (слайдтар № 14 – 21).
Балаларға қарапайым түрде түсіндіру үшін ,кәдімгі сызғышты қолданамыз.Бесінші сынып оқушыларына таныс емес,жаңадан «жуық теңдік» белгісі енгізіледі.Білімдері санды бүтінге дейін дөңгелектеуде нақты мысалдармен бекітіледі. (слайд № 22).
Достарыңызбен бөлісу: |