Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері
Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы.
Сөз екпіні
Тақырыбы: Бата беру
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру. Жаттаған мақал-мәтелдерін айту
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.
Сөздік: ұяла сөйлеу – говорить стесняясь, дәм татқызу – угощать, аттану - отправляться в путь, әдептілік – воспитанность, мәдениет – культура, демалыс үйі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение сөзін тастамау — прислушиваться
Бата беру
Менің досым Әсем - үздік оқушы. Мінез-құлқы да жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан оған демалыс үйіне жолдама берілді.
Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп уайымдап жүр. Ертең жүреді деген күні: -Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп ақыл айтты.
Анасының сөзін жерге тастамайтын Әсем мені ертіп, Ажар апаларға, Бақытгерей, Сырым аталарға барып, сәлем берді.
Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, - деді Әсем сәл ұяла сөйлеп.
Сапарың оң болсын!
Аман жүр, қарағым!
Өркенің өссін! - деп үлкендер риза болып, батасын беріп, үйлерінен дәм татқызды.
Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан, қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алады.
Бұл - әдептіліктің, үлкенді сыйлай білудің, мәдениеттіліктің белгісі.
(Ф. Оңғарсыновадан)
Жоспар:
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 4-тапсырма. «Бата беру» мәтініндегі Әсемге мінездеме беріңдер. Мінездемедегі әр сөзге екпін қойып жазып келу.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |