Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақ:
Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.
Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;
Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы 3млн км² артық;
Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тікелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;
Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;
Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;
Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;
Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;
Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;
Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;
Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.
Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.
Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы өзендерінің бастауын тапты.
1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.
Жаңа сабақты бекіту:
8848 м
|
|
Байкал көлі
|
1620 м
|
Каспий
|
-403 м
|
Джомалунгма шыңы
|
390 мың км²
|
Арабия түбегі
|
3 млн км²
|
Өлі теңізі орналасқан Гхор ойысы
|
Қорытынды: Қорытындылай келе Еуразия материгінің географиялық орнын, қоныстану және зерттелу тарихын танып білдік.
Үйге тапсырма: §14-оқу. Кескін картаға Еуразия материгін түсіріп келу.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға материк жағалауындағы мұхиттармен таныстыра отырып, ішкі және шеткі теңіздеріне тоқталып теңіздер туралы ұғымдарын қалыптастыру және ерекшеліктерін анықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жағасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды.
Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдңгі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы.
Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің қайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар.
Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартқа қол қойылды. Мұнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде Солтүстік теңіздің де су бетін мұнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мұхиты өзін-өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мұхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.
Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды.
Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС.
Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.
Жаңа сабақты бекіту:
Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.
Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалаулары бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар.
Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді танып білдік.
Үйге тапсырма: §15 оқу. Кескін картаға Еуразияның жағалауындағы мұхиттар мен мұхиттарды түсіру
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға жер бедеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру, білімдерін кеңейту, күнделікті іс-әрекетке қатысты білімдерін тереңдету.
2.Дамытушылық: Оқушылырдың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты жандандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге, табмғаттағы бар байлықты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданынан жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналсқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері – Джомолунгма (Эверест), 8848м. Таулардың аралығын кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі – биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251м-ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері маериктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.
Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық плитасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең ежелгісі – Шығыс еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайады. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары – Арабия мен Үндістан платформалары келіп ығысты. Еуразия литосфералық плитасының ығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында Тынық мұхиттық плита Еуразия плитасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілген. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.
Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуі еуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік-шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды.
Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалды. Мұндай жер сілкіну мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам мен 10 600 – ден астам үйді теңіз толқыны лезде шайып әкеткен. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы (4750м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Каракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.
Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қбатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.
Пайдалы қазбалар түзілу жағдайына байланыста магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған.
Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі.
Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде пайда болған. Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстарымен толтырылған шеткі иіндерінде орналасады.
Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған. Фосфорит тыңайтқыш өндіруден пайдаланылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Сондықтан табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескерудің маңызы зор.
Жаңа сабақты бекіту:
-
Еуразияның пайдалы қазбалары
|
Магмалық:
Темір кен орындары: Үндістан, Ресей, Қытай (Курск магнит аномалиясы), Норвегия;
Алтын сирек кездесетін металдар:
Якутия-сапфир, рубин-Үндістан, Шри-Ланка
Шөгінді: темір, фосфорит әр түрлі шөгінді жыныстар.
Мұнай-газ: Парсы шығанағы, Солтүстік, Жерорта теңізі, Батыс-Сібір, Каспий маңы.
Таскөмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донецк, Қарағанды.
Фосфорит: Қаратау.
Боксит: Қазақстан, Қытай, Альпіде.
магмалы
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия материгінің жер бедері мен пайдала қазбаларының түрлерімен таныстық.
Үйге тапсырма: §16-17 – оқу, кескін картаға жер бедері мен пайдала қазбаларды түсіру. Жер бедерінің негізгі белгілерін анықтау, кескін кртамен жұмыс.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Пайдалы қазбалар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға Еуразия материгінің пайдалы қазбаларының маңызы мен ерекшеліктері дүние жүзіндегі алатын орнына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, тестпен жұмыс істеуге, картаны дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттердің пайдалы қазбаларын біле отырып, өз еліндегі, жеріндегі табиғат байлықтарын көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның пайдалы қазбалар картасы, оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ:
Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерге сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басулармен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған Орал, Сарыарқа, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.
Пайдалы қазбалары.
Еуразия пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық п.қ-р жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуімен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған. Магмалық жолмен түзілген темір кен орындары Үндістанда, Қытайдың солтүстік шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы) және Скандинавия түбегінде орналасқан. Еуразияның шығыс бөлігі арқылы сирек кездесетіе металдарға бай қалайы- вольфрам белдеуі өтеді. Жоғары температураға төзімді болғандықтан вольфрамнан электр шамының сымы жасалынады. Алтын мен алмастың ірі кен орындары Сібір платформасында жатқан Саха жерінде орналасқан. Ал Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында ежелден-ақ әртүрлі асыл тастар – сапфир, рубин өндіріледі.
Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендерімен әртүрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі. Жанғыш пайдалы қазбалардың дүние жүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған: мұнай мен газ қоры жөнінен Еуразия басқа материктерден алда тұр.
Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде п.б. қазіргі кезде мұнай құрлықтан ғана емес материктік қайраңдардан да табылған. Мұнай негізінен Парсы шығанағында, Солтүстік және Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында өндіріледі. Парсы шығанағы мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алады. Таскөмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жағалауларындағы қаулап өскен өсімдіктердің қалдықтарынан түзілген. Таскөмір Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғағы Силезия, Рур және Донецк, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған, фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуға пайдаланылатын бокситтің шөгінді кен орындары Қазақстанда, Ұлы Қытай жазығының солтүстігінде, Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас тұзы мен калий тұздары өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің п.б-уы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескеудің маңызы зор.
Жаңа сабақты бекіту:
Магмалық
Шөгінді
Қалайы, вольфрам.
Асыл тастар: сапфир, рубин, т.б.
Мұнай, газ, тас көмір, боксит, фосфорит, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |