Сыныбы 7а Күні 05. 05. 16 Тақырыбы



Дата08.07.2017
өлшемі85,78 Kb.
#20741
Сыныбы_7а________

Күні_05.05.16________

Тақырыбы: Еуразия материгі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуразияның халқ елдері, ұлттық, діни, тілдік құрамы, басқару жүйелері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Еуразияның халқы және елдерімен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Топтастыру.



3. Кестемен жұмыс. 6. Тест тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, глобус, ғалымдардың суреттері, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Оқушылар мұғалім берілген төрт елдің қалалары бойынша 4 топқа бөлінеді.

1-топ. «Қытай мемлекетті»

2-топ .«Украина»

3-топ. «Ресей»

4-топ. «Қазақстан»

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қорытындылау.
«Ең, ең, ең ...» ойыны. (Әр сұрақ 1 ұпаймен есептелінеді)


№№

Ең, ең, ең ...

Жауаптары



Ең суық мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит



Ең таяз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит



Ең жылы мұхит

Үнді мұхиты



Ең терең мұхит

Тынық мұхиты



Ең үлкен мұхит

Тынық мұхиты



Ең кіші мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит



Ең енді мұхит

Тынық мұхиты



Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит



Ең тұзды мұхит

Үнді



Ең тұздылығы аз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит



Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит

Атлант мұхиты


Қорытындылау.___ІІ-_тапсырма'>Қорытындылау.____Жаңа_тақырыпты_түсіндіру.'>Қорытындылау.


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім: Жаңа тақырыпты ашу үшін төрт топтың бөлінген елдер бойынша сипаттама беруін сұрайды

Видео - фильм көрсетіледі.

І- тапсырма: Топтарға Еуразия материгін зерттеген ғалымдар бойынша кластер құрастыру және қорғау.

1. Н. М. Пржевальский қай жылдары өмір сүрді және оның ашқан жаңалықтары жайлы кластер құрып қорғау.

2. П.П Семенов – Тян –Шанский қай жылдары өмір сүрді және оның ашқан жаңалықтары жайлы кластер құрып қорғау.

3. Ш. Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді және оның ашқан жаңалықтары жайлы кластер құрып қорғау.

4. Әбу- Наср әл- Фараби қай жылдары өмір сүрді және оның ашқан жаңалықтары жайлы кластер құрып қорғау.

Қорытындылау.

ІІ- тапсырма: Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Еуропа елдерін жекелеген аймақ бойынша бөліп түсіндіру.


Еуропа елдері


Солтүстік Еуропа

Оңтүстік Еуропа

Батыс Еуропа

Шығыс Еуропа

Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландия, Дания т.б.

Португалия, Испания, Италия, Грекия т.б.

Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия т.б.

Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Югославия, Хорватия, Словения, Македония, Албания, Латвия, Литва, Эстония т.б.

Батыс Еуропа


Қорытындылау.
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтаға « Қызыл гүлім- ай» әуені қойылады видео қарап бірге қимылдар жасайды.



ІІІ – тапсырма ”Бәйге” (зымыран сұрақтар)

1.Еуразияда неше климаттық белдеуде жатыр? (7)

2.Біз қай материкте тұрамыз? (Еуразия)

3.Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр? (қоңыржай)

4.Ең аумақты климаттық белдеу (қоңыржай)

5. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтетін белдеу (субарктикалық)

6.Еуразияның ең ірі шөлдері орналасқан белдеу (тропиктік)

7. Үндістан, Үндіқытай түбектері қай белдеуді қамтиды (субэкваторлық)

8.Тынық мұхит жағалауынан келетін өте қуатты тропиктік циклон не деп аталады? (тайфун)

9.Су қоры жөнінен Еуразия нешінші орында тұр? (2)

10.Материктің 1/3 бөлігін қандай алап құрайды.(ішкі тұйық алап)
IV. Жаңа сабақты бекіту.


Тест тапсырма

1.Еуразия материгінің ауданы.

а) 54 млн. км.²

ә) 30,3 млн. км.²

б) 24,2 млн. км.²

в) 18,3 млн. км.²

2.Еуразия материгінің халқы қанша?

а) 2 млрд.

ә) 3 млрд.

б) 4 млрд.

в) 1 млрд.

3.Еуразия солтүстіктегі шеткі нүктесі?

а) Пиай мүйісі

ә) Челюскин мүйісі

б) Рока мүйісі

в) Дежнев мүйісі

4.Орталық Азияда 15 жыл болып Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын ашқан ғалым?

а) П.П.Семенов

ә) Н.М.Пржевальский

б) Ш.Ш.Уалиханов


в) Қ.И.Сатбаев

5.Еуразия жағалауларын д.ж. мұхиттың қаншасы шайып жатыр?

а) 4

ә) 2

б) 1

в) 3

6.Еуразияның ең көп бөлігін алып жатқан климаттық белдеу?

а) Қоңыржай

ә) Арктикалық

б) Тропиктік

в) Экваторлық

7.Еуропа елдері қанша аймаққа бөлінеді?

а) 3

ә) 5

б) 4

в) 6

8.Пайда болуы жағынан Еуразияда қандай көлдер кеңінен тараған?

а) Жанартаулық көлдер

ә) Бөген көлдер

б) Қалдық көлдер

в) Тектоникалық көлдер

9.Азия елдері қанша аймаққа бөлінеді?

а) 3

ә) 6

б) 4

в) 5

10. Қазақстан қандай аймаққа кіреді?

а) Орталық және Шығыс Азия

ә) Оңтүстік Азия

б) Оңтүстік–Батыс Азия

в) Оңтүстік–Шығыс Азия




Қорытындылау.

V. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










VІ. Қорытындылау, бағалау.

Бағалау

р/с

Аты-жөні

Үй тапсыр-масы

І

тапсырма

ІІ тапсырма

ІІІ

тапсырма

ІV

тапсырма

қортынды

баға

1






















2






















3






















4






















5






















6






















VІІ. Үйге тапсырма беруҮйге: Топта бөлінген мемлекеттері бойынша реферат жазу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет