Метафора - Көкшенің жүрегі , жаным жаралы,қызыл тіл,қу өмір, арқа аралы, жер еркесі т.б
Кейіптеу: өмір күшті уын аяды ма, қанды ор боп қалады, қызыл тілім кісендеулі,қара топырақ қанын ішті
Мұңайып мәңгі мұңды белдер қалды,
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді
Иіліп әдеппенен сәлем еткен
Теңеу: сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей, атқан тандай , бар сұлулық жиылғандай. Анафора әдісі арқылы поэманың бояуын күшейтіп, естілу қуатын арттырған.
Эпитет: кермиық дала, жел ой, қағынған жер,қорқақ ақыл ,арда күш, сұм садақ,қап – қара шер
Аллитерация: Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бәрінің бӛлтірігі – бала Ноян
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына
Ассонанс: Адасқан аққу құстай мен бір пақыр .
Арқаның аруы боп жүрсем-дағы
Алыста туған, өскен жерім жатыр.
Авторлық сөздік қолданыс:
Жебе
Садақтың оғы.
Наркескен
Болаттан соғылған екі жүзді түзу қылыш.
Көбе
Бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас, қола не мыс, кейде алтын мен күміс табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған киім.
Алаш
Қазақ, қазақ ұлты.
Кебін
Өлген адамның денесін орайтын ақ кездеме (мата).
Арсы
Алланың ғарышта отыратын тағы.
Көкжал
Қасқырдың арланы.
Тұрман
Ер-тоқымның жабдығы.
Керсен
Ағаштан дөңгелектеп істелген ыдыс.
Қалша
Жас адам, бала.
Тебінгі
Салт атты адамның балтыры мен тақымын қажамау әрі шалбардың балағын аттың терінен сақтау үшін тоқымға тігілген немесе ерге жалғастырыла салынған жалпақ былғары.
Алдаспан
Имек қылыш.
Кебе
Бұл жерде: сөйлеу тілінде – қағба.