1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық ахуал орнату
Топқа бөлу
‘Денсаулық” ‘Саулық’ “Байлық’’ атты топтарға бөлінді
Ең алдымен сынып сағатымыздың басын тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атамыздың сөзімен бастау алдық. Халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап өттік. Осылайша бүгінгі өтетін тақырыбымыз "Денсаулық- салауатты өмір салты" атты сынып сағатымыздың тақырыбын ашып алдық.(Оқушыларға шағын видеоролик көрсетілді.)
Қорытындалай келе Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық деп сынып сағатымызды қорытындыладық.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!