Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет20/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
2. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруда қолданатын міндеттері мен әдіс-тәсілдері.
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыруда ең жиі қолданылатын әдіс тәрбиешінің оқып беруі. Көлемі шағын мәтіндер ауызша жатқа оқылады.
2. Баяндау әдісі. Бұл әдістің алдыңғыдан айырмашылығы тәрбиеші оқылатын шығарманы сөзбе - сөз емес еркін түрде айтып береді. Яғни мәтінді тәрбиеші қысқартуына да, балаларға қиындық келтіретін бөліміне түсінік беруге болады. Баяндаған, әңгімелеген кезде сол топтағы балалардың сөздерімен шектелмей әдеби тілде сөйлеуі қажет.
3. Жаттау әдісі. Бұл әдіс көбінесе өлеңдерде, мақал-мәтелдерде, оқыған кезде пайдаланылады.
4. Дидактикалық ойындар. Балаларға таныс шығармалар арқылы жүргізіледі.
5. Сөздік жұмыс. Әрбір оқылған шығармадағы балаға таныс емес оқиғалар, суреттер, көрнекіліктер арқылы түсіндіруі қажет.
ТӘСІЛДЕРІ:
1. Шығарманы қайталап оқу. Бұл тәсіл балаға таныс өтілген шығармалар бойынша жүргізіледі.
2. Таңдап үзінді оқу тәсілі
3. Шығарма мазмұнына сай ойыншықтар, суреттер пайдалану.
4. Кітаптағы дайын суреттерді пайдалану.

Балаларды әдебиетпен және ауыз әдебиетімен таныстыру, оларды әңгімелеуге және оқыған, тыңдағанын қайта әңгімлеп беруге, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, мысалдарды жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету, тілді бейнелеу және мәнерлеу, сөздік шығармашылықтың бастапқы түрлерін дамыту жөніндегі жұмыс-міне осылардың бәрі баланың зердесін оятып, ой-түйсігін, тілін жетілдіруге жәрдемдеседі, көркем сөзді қабылдауы жетіле түседі, балалар әдебиеті шығармалаларының неғұрлым күрделіліктен түсіне бастайды, оларды түрлі шығармалармен таныстырады.


Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалар көркем шығармаларды тұтас лғанда тереңірек қабылдайды: сюжетті жай түсініп қана қоймайды, жарқын, бейнелі сөзді, ертегілер мен әңгімелердің нәрін аңдай бастайды, өздерінің кейіпкерлерге деген өзқарастарын айтады. Бес жасқа шыққанда олар сабақтарда ғана емес, одан тыс жерде де танысқан қысқа-қысқа ойнату тақпақтарын, төрт жолдық өлеңдерді біледі. Балалар тәрбиешінің барлық тапсырмаларын ынталы орындайды: әңгімесін кішкене жазық фигуралармен сүйемелдей отырып, ертегіні қайта айтып шығады, белгілі ертегілерді драмалайды, бейнеленген кейіпкерлердің сипаттық ерекшеліктерін сөйлеуі, бет-әлпетінің құбылысы арқылы көрсетуге, әңгімелеуді олар дауыс ырғағымен мәнерлеуге тырысады.
Бес–алты жасағы кезде балалар ертегіні ықыластана, назар аудара тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді: оларда шығарма мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдарының арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әркеттің белгілі бір түріне қызығу тұрғылықтығы пйда болады: біреулері өлең оуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды; балалардың өздері жұмбақ, өлең ойлап таба бастайды, белгілі ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады. Құрбыларының қасында тапқырлық талпыныстарына және орындаушының іс-әрекетіне баға беріп қарау қалыптасады; балалар кімнің жақсы ойлап табатынын, әңгімелейтін, жатқа оқитынын кәдімгідей бағалайды. Ауыз әдебиетінің шағын формаларымен-жұмбақтармен, ойнату тақпақтарымен, жаңылтпаштармен, еретгілермен танысу баланы эмоция жағынан қалыптастыру оның бейнелі ойлана білуін, шығармашылық қиялын дамыту, сондай-ақ сөйлеу аппараттарын жетілдіру үшін, түрлі көркем сөздерме сөз қорларын молайтуда маңызы өте зор. Жаңылтпаштарда, тақпақтарға тән дыбыс үйлесімінің ойнақылығы баланың сөйлеу апаратын жетілдіріп оған ермек болады. Әрі фонетикалық қиындықтарды жеңуге және дыбыстарды дұрыс айту дағдысын мегеруге итермелейді.

Қандай да болсын көркем шығарманы түсініп қабылдау балаларға бірден қиындық келтіреді. Алғашқы күннен бастап, баланы оқылған шығармаларды дұрыс таңдай білуге үйрету қажет. Сондай-ақ көркем шығарма әрі танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәнін түсіндіру. Соған сай әр топта оқылатын көркем шығармалардың өзіндік мақсаты бар. Мысалы, 2-кішкентайлар тобындағы ертегі, шағын әңгіме, өлең жаңылтпаш бойынша жұмыстар жүргізіледі және осы топтардан бастап шығарма жанрын ажырата білуге үйрету керек. Осы топтағы тәрбиеші ертегі немесе әңгімені ауызша баяндап бергені тиімді. Ал шығарма үлкен болса шығарманы бөлікке бөліп баяндау қажет. Баяндап болған соң сұрақ-жауап арқылы бала түсінігі тексеріледі. Өлеңмен таныстыруда әрбір сөздің дыбысына орфоэпиялық ережеге көңіл бөлу керек. Оқылған шығарманың мазмұны жағынан бала түсінігіне сай өмірде сол тақырыпқа ұқсас бала таныс оқиғаға сәйкес келсе сұрақ арқылы сол оқиғамен шығарма мазмұнын салыстыру керек. Тәрбиешінің ескерткені оқылған шығармадағы жаңа сөз мазмұнын түсіндіру, сөйтіп тәрбиеші көркем әдебиетпен таныстыра отырып, бала тілінің жан-жақты жетілуіне байланысты, яғни дыбыстық мәдениетімен сөздік қорына, грамматикалық құрылысына әсер етеді. Ал естиярлар тобында көркем әдебиетпен таныстыру күрделене түседі. Бұл топта тәрбиеші оқылған шығармалардың жанырын айтудан бастайды. Сонымен бірге шығарма тіліндегі теңеу, салыстыру сөздерді сол сөзбен мағыналас, балаларға бұрыннан таныс синоним арқылы түсіндіруге болады. Ал өлеңді оқығанда өлеңнің әрбір тармағына, ұйқасқа көңіл бөлу қажет. Бұл топта сөздік қорды дамыту жұмысы одан әрі жалғасады.


Ересек топта поэзия мен прозаны ажырата алады. Сонымен қатар бұл топта кейіпкер ерекшеліктерін талдау, олардың іс-әрекетін бір - бірімен салыстыру жұмысы жүргізіледі. Мысалы, бір ертегіні оқып болған соң, қандай ертегі оқылды? Неге ертегі деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қоюға болады. Бұл топта сөздік жұмыс жүйелі жүргізілуі тиіс. Жаңа сөздерді еске түсіру мен даярлық топта бала кейіпкерлердің жақсы іс-әректіне сүйеніп, жаманнан жиреніп, өз ана тілінің байлығына көңіл бөлетіндей дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан бұл топта шығарманы бір рет оқығанда бала оның жалпы мазмұнына көңіл бөлсе, ІІ рет оқығанда көркемдік жағынан яғни теңеу, салыстыру, анықтауыш, антоним, синоним, әрине бұл топтағы балаларды көркем шығарманы барлық жағынан түсінеді деп айту қиын. Бірақ мәнерліліктің шығарма тілінің көркем құрылысының алғашқы элементімен танысады. Бұл топта да балаларға логикалық анықтама, ереже, терминдер айтылмайды. Тек қана сөз мағыналары балаларға түсінікті тілмен, қарапайым тілмен жеткізіледі. Мысалы, шығармадағы құбылысты қандай сөзбен сипатталған, сөзді пайдалану, өз ойыңнан сөйлем құра деген тапсырма орындатуға болады. Бұл топта балалар әңгіме мазмұнын ойша жалғастырып, ерегі, әңгіме құрастыруға дағдыланады. Сөйтіп өз бетімен шығармашылық әңгіме құрастыруға үйренеді. Жыл аяғында қорытындылау әңгіме ұйымдастыруға болады. Мұндай әңгімелесу кезінде жыл бойына оқыған әңгімені бала есінде қалдырып, ұнағаны таңдалып алынады және сол шығарманың кейіпкерінің іс-әрекетіне талдау жасалынады. Кейіпкердің жағымды қасиетіне өз бағасын беруі тиіс. Бағдарламаға енген әдеби шығармалардың тақырыбы, мазмұны қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту принциптері іріктелген бағдарламалық шығармалардың барлығы қоғамдық, ғылыми техника жетістігіне, еңбек түрлерімен тығыз байланыста алынған. Олар балалардың ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын кеңейтіп, тілін жетілдіреді. Ауыз әдебиетіне кейін қаз-қаз, бесік жыры сияқты өлеңдер баланы тазалыққа, жақсы әдепке үйреніп, өкпелегіш, қиқарлық сияқты жаман әдеттен жирендіреді.

18 Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі


1. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға даярлығы,
2.Балаларды кітап мұқабасымен таныстыру. Мұқабаға педагогикалық және эстетикалық талап.
3. Сабақтан тыс уақытта кітаппен жұмыс істеу.
4. Балабақшадағы кітап бұрышының маңызы және оны безендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет