4-5. Балалардың сөздік, дыбыстық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті жағдай. Тіл мәдениетінің ерекшелігі. Тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі, яғни, сөйлеген кездегі сауаттылық, фонетикалық, орфографиялық, орпоэпиялық, морфологиялық заңдылықтар мен нормаларды, стилді, құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану деген сөз.
Жалпы алғанда тіл мәдениеті негізінен сөз мәдениеті, сөздерді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Өйткені тіл мәдениетінің де зерттейтін объектісі сөз, сөздің дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы. Сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі.
Дыбыстау мәдениеті дегеніміз – сөйлеу барысында барлық тілдік құралдарды (дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп сөйлеу тәсілдерін есту қабілеттерін жетілдіру, дұрыс тыныс алу) орынды пайдалана білу. Дыбыстау мәдениеті балаларда сәби шағынан бастап бірте – бірте қалыптасады. Баланың дыбыстарды, буындарды жеке сөздерді айтып үйренуі, оның сөйлеу аппарытының жетілуімен қатар жүреді, бірақ барлық топтағы балаларды дыбысты дұрыс айту процесі бірден қалыптаспайды. Сондықтан да жеке дыбыстарды айтудағы қателіктер жиі кездеседі.
Бала тілінің дыбыстық мәдениеті дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиеші алдымен тіліміздегі дыбыстардың жасалуының ерекшеліктерін өзі жақсы білуі қажет. Мысалы, тіліміздегі дауысты дыбыстардың дауыссыздардан төмендегідей айырмашылықтары бар:
1.Дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты. Дауысты дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері жан – жақты қимылға келеді.
2.Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз еркін шығады, ал дауыссыз дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелерінің бірінен қалайда бір тосқауыл болады.
3.Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын жасай алмайды.
Дауысты дыбыстар жуан – жіңішке, ашық – қысаң, еріндік – езулік боп алты түрге бөлінеді:
Мысалы, А – ашық, жуан, езулік дыбыс
Ү – жіңішке, қысаң, еріндік, дауысты дыбыс.
І – жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс.
Дауыссыздар дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді
Д,Т – тілдің ұшының үстіңгі алдыңғы күрек тісінің дыбыстары ішкі жағына нық тиіп, содан соң кілт ашылуынан пайда болады.
Айырмасы: Т – қатаң, Д – ұяң.
Ш,Ж – тіл алды таңдайға жуықтауы арқылы пайда болады. Ш – қатаң, Ж – ұяң.
Н – тілдің ұшының қызыл иекке тиюі арқылы жасалады. Ауа мұрын арқылы шығады. Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс.
М – екі еріннің бір – біріне нық тиюі арқылы жасалады. Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс. Ауа арқылы шығады.
Б,П – екі еріннің бір – біріне нық тиюі арқылы жасалынады. П – қатаң, Б – ұяң.
Һ – көмейден шығатын дауыссыз дыбыс. Ауа бөгетсіз қарқынмен шығады.
Ғ – тілдің артқы шені таңдайдың артқы жағына жуықтауы арқылы жасалады.
№17 Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі
1. Балаларды жан-жақты тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы.
2. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруда қолданатын міндеттері мен әдіс-тәсілдері.
3. Балалардың жас ерекшелігіне қарай көркем шығармаларды іріктеу принциптері, кітаппен жұмыс істеу.
1. Балаларды жан-жақты тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы. Көркем әдебиет мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруда, дамып жетілуіне үлкен әсер етеді. Көркем әдебиет арқылы бала айнала қоршаған орта, табиғат туралы түсінік алып, адамдар арасындағы қарым - қатынас жайлы түсініктері дамиды. Өлеңдерді, ертегілерді тыңдаған кезде бала сол кейіпкерлердің жақсы іс- әрекетіне үйрене бастайды. Сөйтіп көркем әдебиет арқылыбала адамгершілік, ақыл- ой, эстетикалық тәрбие алады.
Балабақшаға арналған білім беру бағдарламасында әр топта оқылатын көркем шығарманың тізімі берілген. Осыған орай:
1. Сол шығарманың мазмұнын меңгертіп дұрыс түсініктерін қалыптастыру тәрбиешінің ең басты міндеті болып саналады.
2. Әңгімені не ертегіні тыңдаған бала сол шығарма оқиғасымен кейіпкерлердің іс- әрекетімен бірге шығармадағы көңіл- күйді өзі бастан кешіргендей сезімде болуы тиіс.
3. Шығармада не туралы айтылғанын, сол шығарманың кейіпкерлері не себепті ұнады, ұнамаса қандай мәселелері бар және шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді ажырата алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
4. Шығарма мәтіні рольдерге бөлініп беріліп, балалар сол рольдер бойынша жауап береді.
5. Тәрбиеші өз тобындағы балалардың өткен жолы қандай шығармамен танысқанын еске түсіріп отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |