Сынып: 7 «А» 2015-2016 оқу жылы



Дата25.08.2017
өлшемі51,23 Kb.
#26023
25 Красноярка орта мектебі





Өткізген: Қайрбекова Сандуғаш Амирхановна

Сынып: 7 «А»

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Тілін сүйген-елін сүйер»

Мақсаты: Оқушыларға тіл өнерінің биік шыңы – шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызын ұғындыру.Пікір

еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу.Тіл құдіретіне деген құрмет,тіл болашағына деген жауапкершіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: баяндау,дөңгелек үстел,пікір алмасу,сахналау.

Көрнекілігі:қанатты сөздер,мақалдар,газет-плакат,слайд.

Тәрбие сағатының барысы

Ұйымдастыру:Сәлемдесу,назар аудару.

Кіріспе сөз:-Армысыздар, құрметті қонақтар,7 «А»сынып оқушыларының дайындаған «Тілін сүйген-елін сүйер» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыз «Тілдер мерекесіне»орай дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.Мақсатымыз-тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің өміршең құндылықтары,мәні мен маңызы туралы ойымызды ортаға салып,түйінді пікір айтуға машықтанамыз.Тәрбиелік мақсатымыз тіл құдіретіне деген құрмет,тіл болашағына деген жауапкершілікті сезіну.

Ана тілің біліп қой,

Бостандығын теңдігін.

Ана тілін біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындылыды.

Тіл-халық тарихы,тіл-ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз. Жыл сайын 22-қыркүйек тілдер мерекесін тойлаймыз.Тілдер мерекесі құтты болсын!

Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім-ана тілім,ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,

Жан сырларым,тілегім,бар арманым.

-Тіл мәдениет,тіл- әдебиет,тіл- тарих демекші бүгін тіл туралы ойымызды ортаға салмақпыз.

Тапсырмалар жоспары:

  1. «Тілің үшін таяқ жеген кезің болды ма?»/тілге байланысты қызықты оқиға даярлау/

  2. «Бала тілі-бал» дегенге қосылыамын/бүлдіршіннің қызықты тілі туралы мысал келтіру немесе бала кездегі оқиға/

  3. «Тіл» туралы өлең шығаруға қалайсыңдар? /өлең шумақтарын өз ойымен шығару/

  4. «Тіл» туралы кино түсіру керек/сценарий жазу,дайындау/

  5. «Тіл» туралы әнді көрініспен көрсету қажет/жанды бейнеклип дайындап,көрсету/

  6. Бүгінгі тақырыпқа байланысты «Газет»шығару/журналистер тіл туралы/

Әдеби монтаж:

Оқушылар тілге байланысты өлең-жырларын мәнерлеп айтады.

Баршаңызға айтарым,

Ана тілін сүйіндер!

Шаттығымыз,барымыз

Тіл екенің біліндер!

Слайд-шоу көрсету-тілге байланысты

Тілге байланысты мақал-мәтелдердердің мағынасын ашу

Өнер алды-қызыл тіл.Ана тіл-асыл қазына.Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.Тіл-адамды,адам-тілді танытқан.Тіл-тағдыр,ол туралы ойлану керек.Тілді жасау мүмкін емес,өйткені оны халық туғызады,филологтар тек оның заңдарын ашып,жүйеге келтіреді,

ал жазушылар тек осы тілде өз өнерін ұштайды.

Бірде төмен,бірде шығып жоғары

Сөз сөйлесең,қозғалыста болады?/тіл/

-Тілің үшін таяқ жеген кезің болды ма?/қызықты оқиға даярлау/

-Тіл туралы жаңа ақпараттар кім жинап келді?/сұрау/

-Тіл туралы қара сөздерді талдау.

Ана тілім-бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Термелетіп балқыдым.

-дей келе келесі кезекті «Ана тілі» әніне берейік./тіл туралы ән/

«Ананың сүті –бал,баланың тілі-бал»-дегендей «Бала тілі-бал» дегенге қосыламыз ба?/ия/

-Бүлдіршіннің қызықты тілі туралы мысал келтіру /есте қалған қызық оқиғаларын сұрау/

-Тіл туралы өлең шығаруға қалайсыңдар?/уй жұмысы/

-Тіл туралы кино түсіру қажет болса сценарийді қалай жазар едік?

/кино-сценарииін үйден жазып келу/

-«Анамның тілі-аяулы үні» тіл туралы әнді көрініспен көрсету қажет/музыканы қойып жанды бейнеклип дайындап көрсету,уйден керекті заттарды әкелу:бесік,кимешек,шапан,қамзол т.б/

Қорытынды бөлім:

Газет шығару/тақырыпқа байланысты,бүгінгі сабақ жайлы

тіл туралы ойға түйген қызықты сәттерді газетке шығару,

қорғау/

-Келесі кезекті биші қыздарға береміз.Әр ұлттың тілімен жазылған ән-флеш-моб-би.

-Міне,бүгінгі «Тілін сүйген-елін сүйер» атты

тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті, қорытындылай келе,

қазақ тілінің болашағы өзімізге байланысты, өз қолымызда тілімізді құрметтейік,қастерлейік.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!

Туған тілім-ана тілім-өз тілім!

«Өзге тілдің бәрін біл,өз тілінді құрметте» дегендей

өз ана тілімізді,мемлекеттік тілімізді құрметтейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет