Қорытынды: Бүгінгі зертханалық жұмыста біз шынының сыну көрсеткішін параллель пластинка арқылы анықтадық, сонда жарық сынғанда шынының сыну көрсеткіші n = 1,5 жуық мәнді сандар шықты.
4 - зертханалық жұмыс.
Зарядталған бөлшектердің ізін зерттеп үйрену.
Жұмыста Вильсон камерасымен алынған магнит өрісіндегі протонның ізі мен соған ұқсас зарядталған бөлшектердің ізін салыстыру керек.
Құрал – жабдықтар , қажетті өлшеулер , өлшеу әдістері. Жұмыс зарядталған бөлшектер үшін 4 – суретте берілген фотосуретпен жүргізіледі. I із протондікі , II із ұқсастыру үшін беріледі. Магнит өрісінің индукциясы фотосурет жазықтығына перпендикуляр. Екі бөлшектің бастапқы жылдамдықтары бірдей және фотосурет шеттеріне перпендикуляр. Белгісіз бөлшекті ұқсастыру оның меншікті зарядын q\ m протонның меншікті зарядымен салыстыру жолымен жүргізіледі. Оны былай орындайды: бөлшектердің ізін бастапқы бөлігіндегі радиустарын өлшеп салыстырады. Шынында магнит өрісіндегі бөлшек үшін Ньютонның екінші заңы былай жазылады: qʋB=m , осыдан = .
Осы формулалардан зарядталған бөлшектердің меншікті заряды олардың іздерінің радиустарының кері қатынасына тең екені көрініп тұр.
Бөлшек ізінің қисықтық радиусын анықтау үшін 4 – суреттегі фотосуреттің бетіне мөлдір қағазды салады да , екі хорданың орталарынан перпендикуляр жүргізеді ( 5 – сурет ). Перпендикулярдың қиылысында шеңбердің центрі жатады. Оның радиусы сызғышпен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |