Сынып: 7 «а,ә» Күні: 16. 09. 19 №1 жұмыс



бет1/18
Дата28.01.2020
өлшемі6,27 Mb.
#56663
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
лабораторная работа 7 -11
Ақпараттық хат
Сынып: 7 «а,ә»

Күні: 16.09.19

1 жұмыс.



Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.

Құрал – жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр(мензурка) , су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш,т.б.)

1 - тапсырма: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  2. Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.

  3. Сұйық көлемін см3 өлшем бірлікпен аламыз.

  4. Өлшеуіш цилиндрдің бір бөлік құны 1 см3. Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең, яғни 0,5 см3.

  5. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.

  6. Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.

  7. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)

100 см3

1 см3

0,5 см3

54-0,554+0,5

Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.

2- тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады.

  2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 – 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппенбайлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да,

көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.




Өлшейтін дене

Сұйықтың бас-тапқы көлемі

( V1, см3 )

Дене мен сұйықтық-тың көлемі (V2, см3 )

Қатты дененің көлемі

(V = V1- V2) см3



цилиндр

Тас


60

38


72

45


12

7
3 .Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені

ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып

төгіледі.төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп,

батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.



Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сиятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет