Жұмыстың барысы:
Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Fа ауырлық күшін өлшеңдер.
Мензурканы пайдаланып, дененің Vg көлемін анықтаңдар.
Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер Fы = Pс g Vg.
Fа ауырлық күші мен Fы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
Кестені толтырыңдар.
Тәжірибе реті
|
Сұйық
|
Fа , Н
|
Vg, м3
|
Fы, Н
|
Fа мен Fы қатысы
|
Батады, жүзеді немесе қалқып шығады.
|
1
2
3
|
Су
Тұзды су
Тұзды су
|
1,5
1
0,95
|
13*10-6
9*10-5
1,2*10-4
|
1,5
0,93
1,3
|
FA =Fы
FA Fы
FA Fы
|
Жүзеді
Батады
Қалқиды.
|
Қорытынды: Архимед күші мен ауырлық күші арасындағы байланысты тексере отырып, денелердің жүзу шарты орындалуына көз жеткізу.
Сынып: 7 «а,ә»
Күні:
№ 7 жұмыс.
Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.
Құрал – жабдықтар: тақтай, динамо-
метр, өлшеуіш таспа немесе сызғыш,
ағаш білеуше, жылжымалы қысқашы
бар штатив.
1 – тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-
қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді. А1= F1Һ.
Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F күші дененің Р ауырлық күшіне тең : F1= Р.
Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:
1) білеуді көтеретін Һ биіктігін таңдап алыңдар;
2) білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
3) білеуді Һ биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.
Жұмысты орындау: 1.Білеуді көтеретін биіктікH=40 см=0.4 м
Ауырлық күші F=0,7 Н. Көтергенде істелетін жұмыс А1= F1Һ. =0,7Н*0,4 м=0,28Дж
2 – тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен Һ биіктігіне бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы: Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 < F2), оның есесіне жолдан ұтыламыз (L>Һ). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2= F2L
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір - біріне тең: А1= А2 немесе F1Һ= F2L
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А2 >А1
Тақтайды көлбеу орналастырыңдар (Һ биіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек);
Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;
Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2 тарту күшін өлшеңдер;
Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.
Жұмысты орындау: 1. Биіктік Һ=40 см=0.4 м
2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0,65 м
3. F2 тарту күші F2=1,2Н
4. Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс
А2= F2L =1,2Н*0,65м=0,78 ДЖ
3 – тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК-ін) табу.
Жұмыстың барысы: Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең: ŋ= немесе (%) есептесек: : ŋ=*100 %
ПӘК –ті табу үшін : 1) Көлбеу жазықтықтың ПӘК –ін есептеңдер;
2) Механиканың «Алтын ережесін» пайдаланып (§76) үйкеліс есепке алынбаған жағдайда көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелге F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар;
3)Көлбеу жазықтықтың Һ биіктігін өзгертіңдер де істелген жұмыстарды және көлбеу жазықтықтың ПӘК –ін анықтаңдар;
Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер;
1.Көлбеу жазықтықтың ПӘК- =*100%=36%
2.Көлбеу жазықтықтың формуласы - = F2= F1Һ/ L=0,4Н
F2- динамометрмен өлшенген мәні 1,2 Н, есептелген мәні -0,4 Н себебі үйкеліс күші бар
3.Көлбеу жазықтық биіктігін өзгертеміз Һ=60 см=0,6 м
Ап= F1Һ=0,42 Дж АТ= F2L=0,97 Дж; =*100%=43%
Көлбеу жазықтық бойымен тарту күші
F2 (Н)
|
Ауыр-
лық
күш F1(Н)
|
Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс
А2=F2 (Дж)
|
Көлбеу жазықтық
биіктігі,
Һ (м)
|
Көлбеу жазық-
тық
ұзын-дығы,
L (м)
|
Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс ,
А1 =F1Һ (Дж)
|
ПӘК (%)
|
0,4
|
0,7
|
0,78
|
0,4
|
0,65
|
0,28
|
43
|
Қорытынды: Көлбеу жазықтық арқылы денені Һ биіктікке көтергенде пайдалы жұмыс Ап толық жұмыстанАТ аз болады. Көлбеу жазықтық биіктігі артқан сайын пайдалы әсер коэффициенті артады.
Сынып: 7 «а,ә»
Күні:
№8 жұмыс.
Иіндіктің теп – теңдік шарттарын анықтау.
Жұмыстың максаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал – жабдықтар: Штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, масштабты сызғыш, динамометр.
1 – тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің теп – теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе – теңдігі» , «Күш момент-тері» туралы материалды қайталаңдар;
Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе – теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай L₂ арақашықтықта ілуге болады екенін анықтаңдар. Алынған мәліметті кестеге жазыңдар:
Біліктің сол жағы
|
Біліктің оң жағы
|
Масса m₁(г)
|
Иін L₁ (см)
|
Күш F₁(H)
|
Күш моменті, М₁(Hм)
|
Масса m₂ (г )
|
Иін L₂(см)
|
Күш F₂(H)
|
Күш моменті, М₂(Hм)
|
200
300
|
10
6
|
2
3
|
20
18
|
100
100
|
19,5
16,5
|
1
1
|
19,5
16,5
|
4. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырмасы (M₁-M₂) олардың орташа мәніне (M₁ +M₂) / 2 бөлу керек: Ауытқу (M₁ - M₂) : (M₁ +M₂) / 2* 100 % =2,5
2 – тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе – теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе – теңдік күйге келтіріңдер;
Иіндікті сағат тілінің бағытында (шартты түрде оң бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын табыңдар: Моң=M₁ +M₂+...........Мn ;
Иіндікті сағат тіліне кері бағытта (шартты түрде сол бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар: Мсол= M₁ +M₂+...........Мк ;
Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.
Жұмысты орындау Моң= M₁ +M2 М1= F₁ L₁ М₂= F₂ L₂
М1=1Н*0,045м=0,045Нм М₂=2Н*0,155м=0,31Нм
Моң= M₁ +M2 =0,355 Н,м Мсол= M₁ +M2 = 0,35Нм
Моменттер ережесі орындалады. Моң= Мсол
Қорытынды: Моменттер ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдалану арқылы тексеріп көз жеткіздік.
8 СЫНЫП 26.10.18
№1 жұмыс.
Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.
Жұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал – жабдықтар:
Калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка),
термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім
(бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.
Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.
Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁( t - t₂ ) формуласымен есептеңдер.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.
Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[ ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері. ℇ =[ ] =0,05
Қорытынды: Жылу баланс теңдеуі бойынша ыстық судың берген суық судың алған жылу мөлшері тең болу керек.
Ыстық судың массасы
m, кг
|
Ыстық судың баст.
темпер.
t, ºC
|
Қоспаның темпера-
турасы, t1, ºC
|
Ыстық судың берген жылу мөлшері,
Q1, Дж
|
Суық судың массасы
m₁, кг
|
Суық судың баст.
Темпер.
t2, ºC
|
Суық судың алған жылу мөлшері
Q2 ,Дж
|
0,1
|
94
|
56
|
15120
|
0,1
|
20
|
15960
|
8 Сынып 26.10.18
№2 жұмыс.
Мұздың меншікті жылуын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
Құрал – жабдықтар:таразы, термометр,
калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз,
шәйнек (сыныпқа біреу)
Жұмыс барысы:
Калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер, mк
Оған су құйыңдар, содан кейін суы бар калориметрді өлшеңдер: mсу= m – mк
Суы бар калориметрдің ішкі ыдысын сыртқысының ішіне орналастырып, судың tсу температурасын өлшеңдер.
Мұз кесегін сорғыш қағазбен алдын ала құрғатып алып, содан кейін оны суға салыңдар.
Суды термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен t температурасын белгілеңдер.
Калориметрді қайтадан өлшеңдер және суға салынған мұздың mмұз массасын анықтаңдар.
Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
mк , кг
|
mсу , кг
|
tсу = tк
|
t
|
mмұз
|
0,025
|
0,07
|
23
|
15
|
0,015
|
Q₁+Q₂=Q3+Q4 жылу балансының теңдеуінен мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңдар, мұндағы- Q₁ - калориметр стақанының берген жылуы, Q₂ - судың берген жылуы, Q3- мұз ерігенде калориметрге берген жылу мөлшері. Q4 – мұздың суға берген жылу мөлшері.
Cm1(t1-t2) =λm2+cm2t2 λ= Cm1(t1-t2)- cm2t2/ m2
Қорытынды: Жылу баланс теңдеуін шешу арқылы мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
Сынып: 8 «а,ә» 20.01.20
№3 жұмыс.
Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.
Жұмыстың мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, амперметр,
вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор,
кілт, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын
қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар. Бөлік құны - 0,05 А, 0,2 В.
191, 192, 139-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.
3. Қорытынды. Әр жағдайда амперметрдің көрсетулері бірдей. 0,2 А болды.
Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып. электр тізбегін жинаңдар.
Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U₁, U₂ және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер. U₁=3,4 В, U₂ =0,6 В
Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
U₁ + U₂ қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар. U= U₁ + U₂=4В.
Достарыңызбен бөлісу: |