Жұмыстың барысы:
Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын есептеңдер.
Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.
( 197 –сурет)
Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.
Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар.
Тізбекті ажыратыңдар да , қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер.
Қуатты P =I * U формуласы бойынша есептеңдер.
А =P * t формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.
Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.
I , А
|
U , В
|
t , С
|
P , Вт
|
А , кДж
|
тұтынушы
|
2
2,5
2,9
|
220
220
220
|
300
1800
3600
|
440
550
638
|
132
390
2298
|
Тұрмыстық құралдар
|
Қорытынды: Әр түрлі ток тұтынушыларын токқа қосқанда токты пайдалану уақытына сай токтың жұмысы мен қуаты артады.
№ 7 жұмыс. Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу
және магнит өрістерінің кескінін алу.
Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзететінін көрсету.
Құрал - жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.
Жұмыс барысы:
Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішіне магнитті енгізіңдер.
Магнитті шығарып алып,магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай таралғанына назар аударыңдар.
Темір ұнтағынын көп жабысқан орындарын белгілеп, суретін салыңдар.
Екі жолақ магнитті бір – біріне әр түрлі ұштарымен апарыңдар. Бақылағандарыңды айтып беріңдер.
Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер.
Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
Жұмысты орындау. 1.Темір ұнтағына магнитті енгізіп, шығарып алып, темір ұнтағының магниттің ортасына жақын жерде көп тартылатынын байқау.
2.Темір ұнтағының көп жабысқан жерінің суретін салу.
3.Екі жолақ магнитті бір-біріне оңтүстік пен солтүстік полюстерін қарама-қарсы қойып, магнит сызықтарын бақылау арқылы олардың олардың тартылу құбылысын қарау, суретін салу.
4.Магнит үстін бір парақ қағазбен жауып, темір ұнтағын себу арқылы ортасында бірін-бірі тарту құбылысын байқау.
Қорытынды. Магнит сызықтарының түрін көру, магнит өрісінің әсер ету құбылысын зерттеу.
№ 8 жұмыс.
Электромагнитті жинау және оның әрекетін тексеру.
Жұмыстың мақсаты: Электромагниттің негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.
Жұмыс барысы:
Ток көзін, шарғыны, реостаты, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. ( 198 – сурет)
Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғының магнит полистерін анықтаңдар.
Магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыңдар.
Шарғыға темір өзекті енгізіңдер.
Электромагниттің магнит тілшеге әрекетін бақылаңдар.
Қорытынды жасаңдар.
Жұмысты орындау.
1.Электр тізбегін жинап,тізбекті тұйықтап магнит тілше арқылы, шарғының полюсін анықтау үшін тілшенің оңтүстік полюсіне ток көзінің теріс полюсіне жалғанған шарғының ұшын жақындатамыз. Олар тартылады, шарғының ұшы солтүстік полюс болып табылады.
2.Магнит тілшені шарғыдан қашықтатып, шарғыға темір өзекше енгіземіз. Электромагнит магнит тілшеге тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |