Сынып: 8 Пәні: Алгебра



Дата27.09.2019
өлшемі23,47 Kb.
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

   Сынып: 8                                             Пәні: Алгебра

Тақырыбы:

   Виет теоремасына есептер шығару

Мақсаты:

   Оқушылардың квадрат теңдеуді шешу дағдыларын жинақтау, жүйелеу. Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету. Топтық жұмыс  арқылы оқушылардың ой–өрісін дамыту, сыни ойлауға үйрету

Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші

   Квадрат теңдеулерді шешуде Виет теоремасын пайдаланады. Белгілі түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрады. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын қолданбай, квадрат теңдеудің түбірлерін табады.

Жұмыс түрі

 Жеке, жұптық, топтық



Сабақ кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.

Ұйымдастыру

 


2 мин

 

 



 

2 мин


   Ынтымақтастық атмосферасын құру, көңіл күйлерін көтеру психологиялық тренинг өткізу.

   - Әрбір адам?


   - туысым, досым....   
   - Әрбір сұрақ?
   - түсіну, ұғу ұлағат
   - Әрбір ісім?
   - тірлік, тілек, адалдық
   - Әрбір сөзім?
   - шындық, бірлік, адалдық

   Сыныптағы оқушыларды таңдаған сандары бойынша 3 топқа бөлу

     1 топ «бірліктер»
     2 топ «ондықтар»
     3 топ «жүздіктер»

Бағалау парақшаларын таратып беру



Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы құрылады

2.

Білу

Үй тапсырмасын сұрау



7 мин

«Сен маған, мен саған» ойыны бойынша доп лақтырып сұрақтарға жауап беру;

№162   Жауаптары: 1)х2=3  2) х2=0,5

                              3) х2==0,25    4) х2=-0.75


Өткен тақырыптарды қайталайды

 

 



 

3.

Түсіну

«Қатені тап» топтық жұмыс



8 мин

Әр топ квадрат теңдеуді Виет теоремасы арқылы шешуге есеп құрастырады. Бұл есепте 1-2 қате жібереді де басқа топтармен алмасады

Топтағы оқушылар есептегі қатені табады және есептің шешімін табады

4.

Қолдану

Топтық  жұмыс

«Өрмекші» оқыта үйрету ойыны жеке,топтық жұмыс


6 мин

Әр топтағы оқушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылады, тапсырмалар үш деңгейде жазылады

   1)  х2+6х+8=0  теңдеуінің түбірлерінің қосындысын және көбейтіндісін тап тап     Жауабы:Х12=-6      Х12=8

   2) х2+5х+4=0 теңдеуінің х2=-1, х1-ді тап
жауабы:-4

   3) х2-12х+q=0 теңдеуі түбірлерінің айырымы 2-ге тең болса, q-ды табыңдар.

Жауабы: 7+5=12  7-5=2     7*5=35  q=35


Әр оқушы өз нөміріне байланысты тапсырмаға дайындалады.Тапсырма орындалған соң бірдей нөмірдегі оқушылар топтасады, талдайды, мұғалім дұрыс жауап береді. Өз топтарына келіп, өз тапсырмалары бойынша материалды түсіндіреді

5.

Сергіту сәті

2 мин

Тақтада тапсырмалар, формулалар көрсетіледі
   1) Бірінші еселеуіші бірге тең квадрат теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады? /дұрыс/

   2) D=b2-4a /дұрыс емес/


   3) Егер Д < 0 болса, квадрат теңдеудің бір түбірі болады?  /дұрыс емес/

   4)  х12=-b/a /дұрыс/

   5) х12=c/a /дұрыс/

   6)  х12=p /дұрыс емес/



Тақтадағы тапсырмалар, формулалар дұрыс жазылса екі шапалақ және екі қолдарын жоғары көтереді, қате болса бір шапалақ екі қолдарын алға созады

6.

Талдау

Жеке жұмыс



5 мин

Ата- бабаларымыз қандай дау, сұрақ болса да оны мақал- мәтелдер, даналық сөздер арқылы шешкен екен. Ендеше, бізде осы жауапты тауып көрелік. Мен сіздерге мақал айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім квадраттық теңдеудің түбірлері, яғни түбірлер арқылы квадраттық теңдеу құру және дана сөзді табу керек?

   1) Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді.  (Б) х1+х2= 6 +4=10      х1*х2=6*4=24

   2) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.   (І)х1+х2= 7+7=14       х1*х2=7*7=49

   3) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.   (Л) х1+х2= 1000 +1=1001      х1*х2=1000*1=1000

   4) Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.    (І)  х1+х2= 30+40=70       х1*х2=30*40=1200

   5) Бір тал кессең, он тал ек (М)  х1+х2= 1+10=11       х1*х2=1*10=10

 


І

х2 -14х + 49 = 0

М

х2 -11х + 10 = 0

І

х2 -70х + 1200 = 0

Б

х2 -10х +24 = 0

Л

х2 -1001х +1000 = 0
Жауабы: БІЛІМ

 «Ең басты қазына – ол білім». Әрқашанда  ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіздер дегім келеді.



Әр оқушы орнында отырып  тапсырмаларды орындайды

7.

Жинақтау

Жұптық жұмыс



5 мин

Ноутбукта тақырып бойынша тест орындау.

Тестті орындайды және жауабын тексеріп өз-өзін бағалайды

8.

Бағалау

5 мин

«Ойлаудың алты қалпағын» «Виет теоремасы» тақырыбы бойынша қолданамыз

   «Ақ қалпақ» - фактілер, бізде қандай информация бар, ақпарат береді (теорема)

   «Қызыл қалпақ» - эмоция, осы теорема жайлы не ойлаймын

   «Қара қалпақ» - теореманың қолайсыздығы

   «Сары қалпақ» - артықшылығы,  бұл теорема не үшін керек

   «Жасыл қалпақ» - шығармашылық ой, ұсыныс, жаңа идея

   «Көк қалпақ» - әділдіктің белгісі, қорытынды жасау, келесі қадамдарды анықтау


Жеке жұмыс

9.

Бағалау критерийлері

1 мин

   - Тапсырмаларды қатесіз, жүйелі орындау;
   - жылдам ойлау, өз ойын дәлелдей білу;
   - сұрақтарға толық жауап беру;
   - сабақтағы белсенділік;

Балалар бағалау парақшаларына өзін-өзі бағалайды.

10.

Сабақты қорыту

Рефлексия



1 мин

   «Бағдаршам» тәсілі. Сабақты қаншалықты меңгергендерін бақылаймын

   Қызыл түсі - түсінбедім
   Сары түсі - әлі сұрақтарым бар
   Жасыл түсі - маған бәрі түсінікті

   Парақшасының бірін көтереді



 

11.


 

Үйге тапсырма

1 мин

   Шығармашылық тапсырма «Квадрат теңдеулер» тарауы бойынша сөзжұмбақ  жұптасып құрастыру, №165

 


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет