Сынып: 8ә Оқушының аты -жөні



Дата21.05.2020
өлшемі17,97 Kb.
#70191
Байланысты:
ca15e641c42548b58d1c24b868bb0df1


Сынып:Оқушының аты -жөні:

Күні: 18.05.2020ж.

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІҮ тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары (ТЖБ №4)


  1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспапатарының ерекшелігіне қарай топтастыр:

қыл қобыз. жетіген, шертер, домбыра, даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, асатаяқ, шың, қоңырау, сыбызғы, сазсырнай, үскірік

Үрлеп тартылатын

Қияқпен ойналатын

Шертіп ойналатын

Ұрып ойналатын

Сілкіп ойналатын
















[5]

  1. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін берілген мәтіннен анықтап, сұрақтарға жауап беріңіз:

Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола бастады. Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты.

Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. 

Білім беру жүйесінде қандай өзгеріс орын алды?

Жаңа әдістемелік мектептердің ашылуының себебі?

ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде мектептерде қандай пәндер оқытылды?

Қазақ жерінде не себепті қазақ-орыс мектептері ашылды?

Не себепті жетіжылдық мектептер ашылды?

. [5]

3. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін

тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау:

Қазақ зиялылары

Тарихи еңбектері

Маңыздылығы

Шәкәрім Құдайбердіұлы,







Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы







Құрбанғали Халид







Қорытынды ой:

[7]

4. ПТМС-формуласы арқылы Ы. Алтынсариннің педагогика саласындағы жаңашылдығы мен білім саласына ықпалын бағалау

Тақырып:

Ы. Алтынсариннің педагогика саласына ықпалы болды ма/ болмады ма?

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »



• Үшінші сөйлем «Оны мен мына 2 дәлел, 2 дәйек арқылы келтіре аламын …»

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім . [8]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет