4
A. “Швецияның қара металлургиясы”
A1 сызбасы. Кирунавара.
Швецияның металлургия саласы ел экономикасында үнемі маңызды рөл атқарған еді.
Қазіргі уақыттың өзінде де темір кендері мен жоғары сапалы болат елдің маңызды экспорты
болып табылады. Саланың негізгі шикізат базасы
—
елдің солтүстік бөлігінде орналасқан
Кирунавара темір кен орны — Еуропадағы ең ірі кен орындарының бірі.
Швецияның
солтүстігінде орналасқан осы кен орнының негізінде 16-17 ғасырларда Берслаген тау-кен
ауданы құрылды. Осы жерде өндірілген өнім қазіргі уақытта
Швецияда балқытылған
болаттың 2/3 үлесін құрайды. Қазір электр доғалы пештерде болат өндірісі жолға қойылған.
Қазіргі уақытта елде балқытылған болаттың жартысынан көбі осы технологияны қолдана
отырып өндіріледі. 20 ғасырда Лулео және Окселесунд
порт қалаларында ірі
металлургиялық зауыттар құрылды. Қазіргі уақытта Лулеода
темірді тікелей қалпына
келтіру арқылы болат өндіретін зауыт құрылысы жүріп жатыр.
Бұл әдіс жаңа емес,
бірақ
әдетте отын ретінде табиғи газ қолданылса, Лулео зауытында ол сутекпен ауыстырылады.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып шығарған электр
энергиясының көмегімен
судан электролиз әдісімен сутегі алынатын болады.
1.
Берслаген тау-кен аумаға орналасқан түбекті атаңыз. [1]
Скандинавия
2.
Неліктен мәтінде айтылған Лулео қаласында жаңа өндіріс
құру табиғатты ұтымды
пайдаланудың мысалы болып табылатынын көрсетіңіз. [1]
Сутекті отын ретінде пайдалану атмосфераға парниктік
газдар шығарындыларын
азайтады
Достарыңызбен бөлісу: