«Ескелді ауданы әкімдігінің М.Байысов атындағы орта мектебі МДШО» КММ бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар Ескелді ауданы әкімдігінің М.Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінің білім бөліміне бекітілген ювеналдық полиция тобының мектеп инспекторымен бірлесе жүргізілетін тоқсандық жұмыс жоспары бойынша 2021 – 2022 оқу жылы I тоқсанда жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау, оқуы мен тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу, оқушыларға байланысты туындаған дау-дамайды шешу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ата – анасының қарауынсыз көшеде жүруінің алдын алу бойынша барлық сыныптарда ата – аналар жиналыстары өтіліп, ата – аналарға балаларының сағат 20 00 – ден кейін ата – анасының қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынғандығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң ескертілді. Түнгі уақытта балалары ата – анасының қарауынсыз көшеде жүріп, ұсталған жағдайда ата – аналарына салынатын айыппұл салынатындығы айтылды. Ата – аналарынан балаларын түнгі мезгілде көшеде жүргізбеу және сабақтан кейін балаларының жауапкершілігін өз мойнына алатындығы туралы міндеттеме алынды. Мектепте «Татулық» ата-аналар кеңесінің құрамы, бірлескен жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
Кешкі рейд жұмысы бойынша І –ІІ тоқсанға кесте құрылып, ай сайын рейдтер жүргізілді: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Искакова мен Е.Ешмұханбет, мектеп инспекторы М.Насыржанов, мектеп педагог-психологы Р.Қалқабаева, әлеуметтік-педагог А.Блисбек және сынып жетекшілерімен бірге жоспар бойынша Балпық би, Шатырбеков, Нысанбай, Жетпісбаев көшелерін және ескі ғимараттар, мәдениет үйін, қырман, иесіз үйлерді, құрылыс нысандарын, өзеннің бойы, аялдамалар мен дүкендердің маңайын тексерді. Рейд нәтижесінде кешкі уақытта ата-аналарсыз көшеде жүрген оқушылар анықталған жоқ. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың үйлеріне рейд жасалды, аз қамтылған, сәтсіз отбасында тұрып жатқан балалардың күн тәртібін сақтауы мен ұстануына назар аударылды. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында ұлдар мен қыздарды бөлек жинап, дәрістер мен семинарлар өткізіліп, ұлдар және қыздар кеңесі өтілуде. Кеңес кезінде ұлдарға және қыздарға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер айтылды. 07.10.2021 жылы 5 – 11 сынып оқушыларына «Жеке тұлғаның ұжымдағы орны» тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтті. Кеңес барысында оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды тәртіп сақтап, ынтымақты болуға шақырылды. Кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастар арасындағы қылмысқа қарсы күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау туралы Ескелді АПБнің ЖПҚ-нің ЮПТ-нің инспекторымен бірлескен жоспар құрылып, іс-шаралар атқарылуда. 14 күркүйек күні 1-11сыныптың ата-ана комитеттерімен мектеп психологтары А.Шағамбаева, Р.Қалкабаева, әлеуметтік педагог А.Блисбектің қатысуымен «Отбасылық дәстүрлерді сақтаумен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы» онлайн режимінде конференция өтті. 20.10.2021 жылы мектепте АІІБ ЖПҚ ЮПБ – ның мектеп инспекторы полиция капитаны М.Насыржановтың қатысуымен кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, анықтау және болдырмау бағытында әлімжеттікті, дау жанжалдарды болдырмау, қорқытып ақша алушылық деректерін анықтау-жою тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтіп, кеңес барысында оқушыларға зорлық – зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп, ҚР ҚК баптары, интернеттің зияны мен пайдасы жөнінде айтылды. Ата-аналарға ватсап желісі арқылы презентация жолданды.
Сонымен қатар, мектеп директоры Р.Темербеков пен полиция капитаны М.Насыржанов 8-11 сыныптарын аралап, «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 жедел қызметі» байланыс орталығы жайында таныстырып өтті. 2021-2022 оқу жылының басында жасалған әлеуметтік паспорт аясында мектепте атаулы әлеуметтік көмек алатын 80 оқушы 48 отбасы, 48 аз камтылған оқушы анықталды. “Атамекен” порталына тіркелген 21 оқушыға мектепке құрал-жабдықтар, жылы киімдер алынып берілді. Демеушілер тарапынан 10 оқушыға аяқ киім алынды. Жоспар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 78 оқушыға «Мектепке жол» акциясы бойынша оқу құралдары берілді. Үйлеріне тұрмыстық жағдайын тексеру актісі жасалып, Жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақ тізіміне өтініштері қабылданып, 77 оқушы қосылды. 20 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар жалға алушы есебінен тамақтануда. Алтын күз мерекесіне орай «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты мектепішілік байқау жарияланып, оқушылар арасында қолөнер мен сурет сайысы ұйымдастырылуда. Күзгі демалыс кезінде волейбол спорт ойынынан 9-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік жарыс ұйымдастыру жоспарлануда. Назарларыңызға Рахмет !