Ата — аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: * Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; *Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту; * Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу; Ал міндеттері: * Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді. * Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата — ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Ата-ана жиналысының хаттамасы №1 №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 8в сыныбында ата-ана жиналысы болып өтті. Өткізілген уақыты: 10.ІХ.2014ж Қатысуға тиісті: 28 Қатысқаны : 20 Күн тәртібінде қаралатын мәселе: 2014-2015 оқу жылында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұнымен таныстыру.
Ата-ана комитетінің құрамын сайлау.
Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысы: Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша сынып жетекшісі Абдразакова Н . сөз алып ата-аналарды жаңа оқу жылының алда тұрған міндеттерімен және 2014-2015 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырды. Алдағы оқу жылында оқушылар салауаттылық ,еңбек,ақыл-ой,адамгершілік,
азаматтық,эстиетикалық, экологиялық, экономикалық тәрбие бағыттары бойынша тәрбие сағаттары, пікірталастар,кездесулер, ата-аналар,сынып жиналыстары өтілетіні жөнінде айтып өтті. Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің құрамы сайланды. Ата-ана комитетінің төрайымы болып Тілеубекова М.сайланды. Мүшелері болып Омарова А.,Жақсыбекова Н, Ембергенова С
сайланды. Ата-аналар Алашаева Г,Шәдиева Т шығып сөйлеп, ата-ана комитетінің құрамын бірауыздан мақұлдайтынын айтты . Сынып жетекшісі ағымдағы мәселелерді айтып, таныстырып шықты. Қаулы етеді: 2014-2015оқу жылына арналған тәрбие жұмыстарының жоспары мақұлдансын.
Ата-ана комитетінің құрамы сайланып, бекітілсін.
Жиналыс төрайымы: Тілеубекова М Хатшысы: Жақсыбекова Н Сынып жетекшісі: Абдразакова Н
Ата-ана жиналысының хаттамасы №2 №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 8в сыныбында ата-ана жиналысы болып өтті. Өткізілген уақыты: 22.ХІ.2014ж Қатысуға тиісті: 27 Қатысқаны : 20 Күн тәртібінде қаралатын мәселе: І-тоқсан қорытындысын талқылау.
Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысы: Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша сынып жетекшісі Абдразакова Н. сөз алып, І-тоқсандағы сынып оқушыларының үлгірімі жөнінде айтып шықты. Оқу озаты -2, оқу екпінділері -12.
Оқушылардың білім сапасы 50%. Оқу үлгірімін әлдеде көтеру керек екенін ескертті. Оқушылардың сабаққа дайындалып, сабақтан қалмау жөнінде, мектеп формасын сақтау керектігі ескертілді. Ата-аналардың ой-өрісін көтеру мақсатында ситуациялық сұрақтар қойылды.
1.Ата-ана жиналысы болатынын баласы хабарлады. Ол күндегі әдетінше, ---- қолым тимейді. Не айтады дейсің, сені жамандайды да. Соны естуге барамын ба ? –деді. Ал сіздің пікіріңіз ше? 2.Балаңыз мұғалімдерге өзінше келемеждеп ат қойып,сөз арасын-да айтып отырады. Тіпті, сынып жетекшісіне де. Ал, сіз соны естіп отырып, балаңызға не айтар едіңіз? Осындай жағдай кездесті ме? 3.Мектепке кенеттен шақыртты. Не себептен екені белгісіз. Ал, сіз бірден жаман ойға берілдіңіз. Мектепке келесіз бе, әлде...? 4.Балаңыз соткадан түрлі нәрселерді көріп , тапжылмай отыр.Бұл бірнеше сағатқа созылды. Ал, қазір сағат түнгі 1200. Осы сәтте сіздің әрекетіңіз
5.Балаңыз сабаққа келмей қалды. Сынып жетекшісі не себепті қалғаны жөнінде сұрап, қоңырау шалды. Ал, сіз күнделікті сылтаулардың бірін айта салдыңыз. Балаңыздың білімі маңызды ма, әлде таусылмайтын сылтау ма? Ағымдағы мәселелер жөнінде сынып жетекшісі айтып шықты. Жаңа жылдық кешке дайындық жұмыстарының жүргізілетінін айтты. Қаулы етеді: