Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектепте - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, үйлестіруші және өткізуші педагог.
Сынып жетекшісі – мектеп пен баланың арасындағы қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің санқырлы түрлері арқылы ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік мақсаты
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.
Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.
Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті
сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту;
тұлғаның дамуына, әрбір оқушының өз орнын табуына, оның қайталанбас потенциалдық қабілеттерінің сақталуы мен ашылуына қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу;
оқушылар арасындағы және оқушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты гуманизациялау;
оқушыларда адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарлар қалыптастыру;
оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне жататындар:
сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру;
сынып ұжымының оқу жұмысын ұйымдастыру;
сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру;
оқушы тұлғасын зерттеу.
оқушыларды әлеуметтік қорғау.
ата-анамен жұмыс.
Сынып жетекшісі:
өзінің тәрбиелік мақсатын көре және құра білуді;
өз сыныбында тәрбие жұмысының жоспарын жасауды;
тәрбиелік шараларды өткізуді;
ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізуді;
өзінің жеке іскерлігін және жауапкершілігін үлгі ете және балалардың белсенділігін, жауапкершілігін дамыта отырып, балалармен қарым-қатынас жасауды;
психологиялық – диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, басқа да диагностикалық әдістемелерді пайдалануды және оларды тәрбие жұмысында дұрыс қолдануды білуі керек.
сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;
оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;
неғұрлым дарынды балалардың дамуына, олардың танымдық қызығушылықтарының артуына, олардың ой-өрісін кеңейуіне ерекше жағдай туғызады (үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырады, театр, көрмелерге экскурсия ұйымдастырады т.б)
психологты оқушылармен ақыл – ой еңбегін ұйымдастыруға қатыстырады (әңгімелесу циклы, жеке ұсыныстар);
сыныпта қолайлы микроклимат құрады, жағымды тұлғааралық қатынас қалыптастырады, түзейді және бағыттап отырады;
сыныптағы шығармашылық істерді ұйымдастырады;
балалардың денсаулығын нығайтады, оқушыларды дене шынықтаруға, спортқа тартады;
балалардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмектеседі;
айына бір рет тақырыптық сынып сағатын өткізеді; пән мұғалімдерінің, ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, қолданылып жүрген әдістемеге сай оқушылардың жеке тұлғасын зерттейді; оқушыларға мінездеме беру жұмысымен айналысады;
оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
егер сыныпта ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар боласа олардың құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік педагогпен ынтамақтастықта әрекет етеді;
әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушылар категорияларын тауып, оларды есепке алады;
қолайсыз отбасылардың балаларын тауып, оларды есепке алады;
«қиын» жасөспірімдердің, «тәуекел тобындағы»оқушылардың және есепте тұрғандардың тәртіптерін қадағалайды;
тоқсанға бір рет тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізеді;
отбасындағы тәрбие жағдайын зерттейді;
ата-аналармен жеке жұмыс жүргізеді;
ата-аналарды сыныптан тыс шаралар ұйымдастыруға тартады.
Өз қызметін жүзеге асыра отырып сынып жетекшісіжылдың басында:
сыныптың тізімін жасап, сынып журналын жасақтайды (алғашқы оқу аптасының басында)
мектеп кітапханасынан оқулықтар алуды ұйымдастырады (бірінші-екінші оқу күндері барысында)
оқушылардың отбасындағы тәрбиелік жағдайын зерттейді (алғашқы оқу тоқсаны барысында);
сыныптың әлеуметтік төлқұжатын жасап немесе нақтылап, әлеуметтік педагогқа тапсырады (бірінші оқу тоқсаны барысында);
сынып оқушыларының қосымша білім беру мекемелеріне қатысымы жөнінде толық ақпарат жинайды (қазан айында);
оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, соның ішінде қосымша білім бірлестіктеріне тарту бойынша жұмыстар жүргізеді (бірінші тоқсан бойына);
сынып өмірінің қызметін жартыжылдыққа немесе бір жылға ұжымдық жоспарлауды ұйымдастырады ( қыркүйек бойына);
сыныптың тәрбие жоспарын құрастырады, оны сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісімен келістіргеннен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге тапсырады (қыркүйек бойына);
күнсайын:
сынып журналына жоқ оқушыларды белгілейді;
сынып оқушыларының өзін-өзі басқару органы мен мектептің өзін-өзі басқаруындағы сынып өкіліне педагогикалық көмек көрсетеді;
оқушылардың сыртқы түрін және оларда ауысымдық аяқ киімнің болуын қадағалайды;
оқушылардың тамақтануларына және олардың асханадағы өз-өздерін ұстау мәдениетіне бақылау жасайды;
сынып сағатын өткізеді және (немесе) жартысағаттық ақпарат алысу және жүздесу ұйымдастырады;
мектептің сыныпқа бөлінген жер телімінің санитарлық жағдайына бақылау жасайды;
оқушылардың тамақтануына ақша жинауды ұйымдастырады
айсайын:
сынып ұжымының мектеп істеріне қатысымын ұйымдастырады;
оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметінің қорытындысын шығаруға көмектеседі;
жолда жүру ережесі бойынша сабақтар жүргізеді және техника мен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқаунамалар беріп отырады;
оқу кабинетінің және сыныпқа бөлінген жер аумағына тазалық күндерін ұйымдастырады;
жалпымектептік кештерде және өзге де шараларда кезекшілік атқарады (кезекшілік кестесі бойынша);
ерекше педагогикалық қамқорлықты қажет ететін өз сыныбының үйірме, секция, клуб, басқа да оқушылар бірлестіктеріне қатысымдарын қадағалайды;
тоқсан бойына:
оқушылардың денсаулықтарын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды ұйымдастырады;
оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметін ұйымдастыруға көмектеседі (ағымдағы ұжымдық жоспарлау, істі ұйымдастыру және ұжымдық талдау);
сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастыру (кезекшілік кестесі бойынша);
әлеуметтік педагогты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын немесе директорды оқушылардың ауытқымалы мінез-құлықтары, оқушылардың мектеп ережесін өресел бұзғандығы, өз оқушыларын әлеуметтік қорғау қажеттілігі туралы дер кезінде хабардар етіп отырады, және сонымен қатар қажетті педагогикалық шараларды қолданады;
мектеп оқулықтарының жағдайына бақылау ұйымдастырады;
сынып оқушыларының қосымша білім беру бірлестіктеріне қатысымы жайлы ақпараттарды анықтап нақтылайды;
педагогикалық консилиумдар өткізеді;
ата-аналар жиналысын өткізеді;
сыныптың ата-аналар жиналысын өткізеді;
сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырады (комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес);
сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына, тәрбие жұмысының мәселелеріне арналған семинар, кеңестерге, сынып жетекшісінің педагогикалық шеберліктерін арттырумен байланысты басқа да шараларға қатысады.
тоқсан соңында:
өткен тоқсандағы оқушылардың оқу және өмір сүру қызметінің қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сынып үлгерімі туралы есеп және толтырылған сынып журналын тапсырады;
каникул кезінде:
сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің каникул кезіндегі жұмысына қатысады;
өзін-өзі басқару органымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушы белсенділерімен, ата-аналармен өз сыныбының каникул кезіндегі шараларын ұйымдастырады;
оқу жылы аяғында:
оқу жылындағы сынып өмірінің қорытындысын шығарады және сынып белсенділерімен (өзін-өзі басқару) сыныптың есеп беру-сайлау компаниясын ұйымдастырады;
сыныптың оқу-тәрбие жұмысының барысы мен қорытындысына педагогикалық талдау жасайды және оны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына (өткен жылдың оқу-тәрбие жұмысының есебі формасында) тапсырады;
кітапханаға мектеп оқулықтарын тапсыруды ұйымдастырады;
сынып бөлмесін жөндеуді ұйымдастырады;
ата-аналардан балалардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинақтайды.
Мектеп бітіруші сыныптың жетекшісі:
түлектердің болашақтағы оқу және еңбекке орналасу жоспары туралы мәлімет жинақтайды (соңғы оқу жылы бойына);
оқушылармен және олардың ата-аналарымен өз сыныбының мектеп бітіруіне арналған шараларды дайындауды ұйымдастырады (жыл бойы);
өз түлектерінің оқуға және еңбекке орналасқандықтары туралы толық ақпарат алады (кезекті оқу жылының басына қарай).
Тәрбиеленушілердің мінез-құлық сипаттамасының негізгі бағасы
Тәрбие шарасы мазмұнының бағасы
Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қызмет әдістерінің бағасы
Тәрбиелік шараның мақсаты мен нәтижесінің бағасы
3 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау
Шараның атауы
Тәрбие шарасының бағыты
Өткізілу уақыты
Сыныбы
Қатысушылардың саны
Жағымды жақтары
Жағымсыз жақтар
Ұсыныстар
Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?
Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е Шуркова, Н.С Финданцевич).
Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В Титова).
Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).
Барлық қатысушыларға қызықты болатын
сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:
сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама жүргізу;
сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;
тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;
өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес лидерлер болғаны жақсы;
көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;