құрметті дастарқан дәмінің бірі. Бие сүтінен даярланатын
қымызды көптеген көшпелі халықтар- қазақтар, қырғыздар,
башқұрттар баяғы заманнан білген.
Тарихи мәліметтетге сүйенсек қымыздың пайда болу тарихы V ғасырдан басталады. Сақтар заманынан жылқы сүтінен дайындалған. Қымызды дайындау технологиясы көшпенділер заманынан келе жатқан дәстүр. Дәлел ретінде осыдан 5500 жыл бұрынғы энеолит кезеңінде қымыздың болғандығы мәлім. Көне француз қолжазбаларда да қымыз туралы мәліметтер баршылық.
Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезін, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдегенде,
Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезін, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдегенде,
сондай-ақ витаминдер жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады. Антибиотикалық дәрі- дәрмектер қымыздың құрамындағы:витаминдермен, қоректік заттармен, ашытқылармен қосылып организмге оңай сіңеді.
Өзінің адам организміне жасайтын күрделі және әр жақты әсеріне қарай қымыз тіршілік көзі ретінде ықпал етеді және маңызды тамақ өнімі болып табылады.
Француз саяхатшысы Вильгельм Рубринаста 1253 жылы қазіргі Татарстан территориясымен саяхат шегіп, қымыз ішкен. Қымызды ашыту жолдарын, дәмін, адам организміне, оның ішінде несіп бөлуге әсер ететінін божайлап тұрып жазған. Қымыз жайлы ⅩⅧ-ⅪⅩ ғасырлардың өлі арасында көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігін бақылаған С.Т. Ақсақов та, тіпті орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де жақсы лебіз білдірген.