Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс -әрекетінің жүйесі Тобы: пп-19-1 Орындаған


Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?



бет2/3
Дата24.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#104751
1   2   3
Байланысты:
3 лек тарбие

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?


  • Сыныптағы оқушылардың талап –тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты танып білу.
  • Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
  • Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру.
  • Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың ата –аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
  • Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Тәрбие мен өзін -өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
  • Тәрбие қызметінің тұтасытығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
  • Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім – тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметі 3 бағытта қаратыруға болады.


  • Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық.

  • Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтін қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оның әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.        Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату.     Рухани- адамгершілік және рухани – эстетикалық  мәдениетін қалыптастыру.


  • Ұйымдастырушылық қызметі.

  • Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін     қолдай отыра, ынтымағы жарасқан,саналы да белсенді әрі іскерсынып ұжыман қалыптастыру.


  • Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.

  • Оған:мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау,  бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

 Мектеп оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгей анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайынжұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші. Сынып жетекшісі өте маңызды ,әрі жауапты міндеттерді орындайды. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады, оқушылар ұжымын ұйымдастырады,тәрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналар мен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын жүргізуде комплексті қарауды жүзеге асыру, ақыл-ой, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиелерінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету мектеп оқушылары тәрбиесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

      Сынып жетекшісінің негізігі міндеті – оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату ұжымға топтастыру. Ол тәрбие құралдарына   оқу міндеттеріне саналы және жауапты қатынасты тәрбиелеу, оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібін, режимін сақтауға үйрету және т.б.

      Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сынптың оқу-тәрбие жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-ана мен мектептің ынтымақтастық тенденциясын қамтамасыз ететін басты тұлға.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет