Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі – сынып. Мұнда танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырлады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады. Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі әлеуметтік қорғауды кең және тар мағынада қарастырған орынды. Жұмыс түрлерінің әр қилылығы және оларды жиі жаңарту қажеттілігі сынып жетекшілерінің алдына оларды таңдау мәселесін қояды. Педагогикалық әдебиеттерден сынып сағаттарын, байқауларды,т.б өткізудің әр түрлі сипаттамасымен табуға болады. Олардың идеялары мен жеке элементтері бір-біріне ауытырылуы мүмкін, әрбір нақты жағдайда белгілі бір жұмыс түрі қолданылады. Өйткені, әрбір баланың және әрбір балалар бірлестігінің өзіндік орны бар, соған сәйкес жұмыс түрлерінің мазмұны мен құрлысы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.