Сынып жетекшісінің мақсаты.Оның негізгі қызметтері мен міндеттері
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |