Тәрбие жоспарының үлгісі
1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс – әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |