Сынып жетекшісі,оның міндеттері мен жұмысының мазмұны


Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі



бет7/15
Дата11.12.2021
өлшемі71,68 Kb.
#99461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Сынып жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді.

Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.

Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланыңжан – жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма – жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке – дара , үздік – үздік әрекеттер басым болып келеді.Өткенмен – салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма – жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет