Сынып Күні: Тақырыбы


IV. Бекіту: 37 беттегі кестемен жұмыс V. Сабақ қорытындысы



бет2/3
Дата10.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#13557
түріСабақ
1   2   3

IV. Бекіту: 37 беттегі кестемен жұмыс
V. Сабақ қорытындысы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар көпжасушалы ағзалар. Хлорофилі жоқ, сондықтан күн жарығын керек етпейді. Бұлардың түтікшелі және қатпарлы түрі болады. саңырауқұлақтардың көбею сызбанұсқасы: қалпақша астындағы спорангий – споралар – жіпшелер – жіпшумақ – жемісті дене – пісіп жетілген қалпақшалы саңырауқұлақтар.
VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: 8,9 параграфтарды оқып, сұрақтарға жауап беру. Жнуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды жазып келу

Сынып: 7 «а»

Күні -------------------------------------

Тақырыбы: Паразит саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты: Паразит саңырауқұлақтармен таныстырып, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Міндеті: Ақұнтақ, қастауыш, тат, қаракүйе, фермент, антибиотик, гибереллин, боверин терминдерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Паразит саңырауқұлақтарын басқа саңырауқұлақтардан айыра білуге үйрету
Білімділігі: Саңырауқұлақтардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздары туралы білетін білімдерін одан әрі толықтыру.
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.
Сабақ типі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар: Паразит саңырауқұлақтар зақымдаған өсімдіктердің суреттері, электрокөрсетілмдер, флипчарттар, видеокөрсетілім
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды қалай айыра аласын?

2. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар туралы не айталасын?



ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Паразит саңырауқұлақтары

2. Саңырау-құлақтардың маңызы


1. Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырағында, сабақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Бұл – ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары. Өсімдіктердің зақымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында көптеген қызғылт түсті. Кейінірек қоңыр түсті жемісті денелер түзеді. Ішіндегі түзілген жыныс жасушалары қосылып, зигота түзіледі. Әрбір зиготадан – қалта, оның ішінде 8 спора түзіледі де, жемісті денелердің ішінде қыстап шығады.

Етістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол паразит саңырауқұлақ. Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды, қамысты және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Астық дақылдарыныңғ жабайы дәнді дақылдардың және басқа да өсімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітілп тұрған қара тозаңдар көрінеді. Бұл – қаракүйе саңырауқұлағы. Ағаштардың сабағында өсетін пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақтар діңқұлақ деп аталады.


2. Саңырауқұлақтар тайгада, далалы жерлерде, тау, ормандарда, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Саңырауқұлақтардың қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Олар өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. өсімдіктерді тез өсіретін зат- гибреллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверин де саңырауқұлақтардан алынады.

Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту.42 беттегі кестемен жұмыс.
V. Сабақ қорытындысы: Саңырауқұлақтар табиғатта зат айналымына қатысады, әр түрлі қалдықтарды ыдыратып, шірітіп топырақ құнарлығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті аурулардың таралмауына пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамында 80-90% су, 2-4% нәруыз, 1 % май болады. Демек оларды тағамға пайдаланады. Өте қажетті дәрі өндіруде де маңызы зор.
VІ. Бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы: 10,11 параграфтарды оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып:

Күні
Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі
Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту
Міндеті:Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту
Білімділігі: Білім алушыларға туыс, тұқымдас, қатар, клас ұғымдарын түсіндіру

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: қайталау сабағы, аралас сабақ
Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктердің көбею жолдары көрсетілген суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І бөлімді тексеру:

  1. Мақта өсімдігінде ауру туғызатын вирус

  2. Бактерия жасушасына енетін вирус

  3. Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым

  4. Бактерия спораларының атқаратын қызметі

  5. Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар қалай аталады?

  6. Тұмау ауруын тудыратындар

  7. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

  8. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор затынын атуы

  9. Талшығы бар спораның атауы

  10. Споралар түзілетін орын

  11. Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ

  12. Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы

  13. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ

  14. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі неден тұрады?

  15. Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі

  16. Қалпақшасы қызыл түсті улы саңырауқұлақ

  17. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі

  18. Қайынқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба?

  19. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ

  20. Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ

  21. Тасқа жабысып өсетін қына қалай аталады?

  22. Қандай балдыр қына денесін құрайды?

  23. Бұғы қынасы ғылымда қалай аталады?

  24. Қына жақсы өсу үшін қандай жағдай керек?

  25. Қалалардың лас ауасына қына өсе ме? Неге?

  26. Сыртқы орта тазалығын көрсететін ағза

  27. Қынадағы фотосинтез үдерісіне қатынасатын ағза



ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Өсімдіктер дүниесіне жалпы сипаттама



Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырлар ғана жатады. Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылған қыналар тіршілік ерекшеліктерне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінің қыналар бөлімі болып жеке қарастырылуда. Ал балдырлар қарапайым құрылысты біржасушалы және күрделі құбылысты көпжасушалы болып келеді. Алайда олардың сабағы да, жапырақтары да болмайды. Бұлардың спора түзетін спорнгийі және жыныс жасушалары бір жасушадан пайда болады. Мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар спора арқылы, жынысты, жыныссыз жолмен көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар. Жыныстық мүшелері – көпжасушалы. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. енді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз

Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту. Білім алушылармен өсімдіктер дүниесі туралы сұхбат-дәріс өткізу
V. Сабақ қорытындысы: Өсімдіктер дүниесі қалай бөлінеді?
VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: ІІ бөлімнің кіріспесін оқып, өсімдіктер туралы білімінді қорытындыла.

Сынып: 7

Күні

Тақырыбы: Біржасушалы балдырлар

Мақсаты: Білім алушыларға тірі ағзалар дүниесіндегі орын алатын төменгі сатыдағы жасушалар тобына жататын біржасушалы балдырлар туралы мәлімет беру.
Міндеті: Таллом, хламинодомонада, хлорелла терминдеріне толық анықтама беріп, олардың маңызын түсіндіру
Дамытушылығы: Білім алушылардың төменгі сатыдағы өсімдіктер ішіндегі біржасушалы балдырлар туралы білетін білімдерін одан әрі толықтырып, дамыту.
Білімділігі: Білім алушылардың біржасушалы балдырлардың көбею ерекшеліктері, құрылысы, маңызы туралы білімдерін толықтыру
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, отандық өсімдіктерге қызығушылығын арттыруға, ұжымшыл болуға баулу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар: Біржасушалы балдырлар суреттері, электрокөрсетілімдер, флипчарттар
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Балдырлар туралы жалпы мәлімет

2. Жасыл балдырлар

3. Хлорелла мен хламидомонада балдырлары



1. Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Таллом – денесінде ұлпалар болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік. Жасшалары бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары мен вакуольдері болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды-хромотофор деп атайды. Балдырлар талшықты не талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде кездеседі. Олар өсімді, жынысты, жыныссыз көбейеді

Өсімді

Жынысты

Жыныссыз

Балдырлар жасушалары екіге бөлінеді. Жіп тәрізді балдырлар талломы бірнеше

өлшекке бөлінеді.

Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып зигота түзеді. Бір талломда түзілген гаметалар не әр түрлі талломның бойында п.б гаметалар қосылады



Талломдағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Кейде талшығы болмайды. Зооспоралар тө

емікке бекініп өніп, балдырға айналады. Балдырлар түсіне қарай

Жасыл Қоңыр Қызыл


2. Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен 1,5 млрд жыл бұрын п.б. Бір өкілі – хламидомонада. Ол тоқтау суларда мекен етеді. Хломидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан тұрады. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуоль және қызыл көзшесі болады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. жыныссыз көбейгенде жасушасы 2-ге,4-ке, 16-ға 32-ге бөлінеді.

Хлорелла да біржасушалы балдырға жатады. Оның хломидомонададан айырмашылығы оның тез қозғалатын екі талшығы және көзшесі болмайды. Екі балдырлармен де суда жүзетін балықтар қоректенеді.

Хлорококк – топырақта, ағаштың діңінде өседі.


Әсер етуші факторлар


IІІ. Бекіту.Алгология – ботаниканың балдырларды зерттейтін бөлімі. Хлорелл ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік.
ІV. Сабақ қорытындысы: Балдырлар көбіне суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш дініңде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар хлорофиллден және пигменттерден құралады.

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы: 14-параграфт оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7

Күні
Тақырыбы: Көпжасушалы жасыл балдырлар
Мақсаты: Білім алушыларды көпжасушалы жасыл балдырлармен таныстырп, олардың тіршіліктегі маңызын түсіндіру

Міндеті: білім алушыларды спирогира, улотрикс, балдырларымен таныстырып, осы балдырлардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру
Дамытушылығы: білім алушылардың көпжасушалы балдырлар туралы білетін мәліметтерін одан әрі толықтыру
Білімділігі: көпжасушалы жасыл балдырлардың көбею ерекшеліктерін көрсетіп, білімдерін толықтыру
Тәрбиелігі: білім алушыларды табиғатты қорғауға, табиғатты сүйіп, бағалауға баулу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар: флипчарт, спирогира және улотрикс, ламинария балдырларының суреті
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


Балдыр

Көбеюі

Тіршілік мекені

Ерекшелігі

Хлорелла










Хламидомонада










Хлорококк











ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Спирогира

2. Улотрикс


Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр.

Спирогира көбеюі


өсімді жынысты

Өсімді көбею кезінде спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке не жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. әр бөлшегінің жасушасынан жас спирогира пайда болады.

Жынысты көбею кезінде жіптеріндегі екі жасушаның қосылуы арқылы жүреді.


Улотрикс – көпжасушалы жіп тәрізді жсыл балдырдың екінші түрі. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекініп өседі. Әрбір жасушасындағы жасыл түсті хромотофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.

Улотрикс көбеюі


Жыныссыз көбею жынысты көбею

Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасуша түзе бастайды. Біртіндіп улотрикс жіпшесі пайда болады.

Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспорадан кішкене екі талшықты гамета түзіледі. Олар қоялып зигота түзеді. Спирогира мен улотрикс балдырлары күн сәулесінің қатысуымен хромотофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзіп қоректенеді. Оттегін бөліп шығарады. Ол оттегімен судағы тірі ағзалар демалады.



Әсер етуші факторлар

№ 4 зертханалық жұмыс. Біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырларды көріп, зерттеу.


IV. Бекіту: кестені толтыр.


Балдырлар

Ерекшелігі

Көбеюі

Спирогира







Улторикс








V. Сабақ қорытындысы: Табиғатта біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырлардың 13000 түрі бар. Солардың бірі – спирогира мен улотрикс. Олар өсімді жолмен (спирогира), жыныссыз және жынысты жолмен (улотрикс) көбейеді. бұлар өзге жасыл балдырлар тәрізді күн сәулсінің қатысымен хрототофорына судағы еріген көмірқышқыл газды сіңіру арқылы ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Фотосинтез кезінде оттегін газ түрінде бөліп шығарады. Судағы тірі ағзалар оттегі газымен тыныс алады.
VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: 15 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7

Күні
Тақырыбы: Теңіз балдырлары
Мақсаты: Білім алушыларды біржасушалы және көпжасушалы балдарлар туралы алған білімдеріне қоса, теңізде мекен ететін басқа балдырлармен таныстыру.
Міндеті: Қоңыр және қызыл балдырламен таныстырып, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылығы: Білім алушылардың балдырлар туралы білмдерін одан әрі дамытып, толықтыру.
Білімділігі: Балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын түсіндіріп, оларды қорғау шараларына үйрету
Тәрбиелігі: білім алушыларды табиғатты қорғауға, табиғатты сүйіп, бағалауға баулу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар: флипчарт, теңіз балдырларының суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Спирогира балдыры туралы не айта аласын?

2. Улотрикс балдырының ерекшелігі неде?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Қоңыр балдырлар

2. Қызыл балдырлар

3. Балдыр-лардың маңызы. Оларды қорғау



Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1500 түрі бар. Олардың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған. Бір ядролы. Хромотофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары болады. жасушаның қор заты- полисахаридтер.

Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум т.б. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 км аймақты қамтып, 20-30 м тереңдікте өседі. Ұзындығы 50 см дейін жоғары созылған бөлімі болады. одан ұзындығы 3-4 м жалпақ таспа сияқты өсінділері жетіледі. Жынысты көбейеді.

Саргассум балдыр денесінде жидекке ұқсас домалақ өсінділер болады.

Теңіздің терең түбінде (270 м) қызыл балдырлар тіршілік етеді. Талломы – таспа, тақташа, жіп тәрізді болады. Жасушасының қор заты – май және қантты зат.

Қызыл балдырдың көбеюі
Өсімді жыыысты жыныссыз

Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетіліп, бөлініп, өседі.

Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораның талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады.

Біржасушалы аталық жыныстық мүшесі тармақтарының ұшында не денесінің үстінде жетіледі. Онда көп аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық жыныс мүшесі – тармақ ұшындағы жасушадан пайда болады. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанғаннан соң күрделі өзгерістерге ұшырап, жыныссыз ұрпағына айналады.


1 г топырақта 50000 балдыр болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.
Теңіз балдырларынан йод, спирт, сірек қышқылы, жасунық, агар-агар алынады.

Кладофора жасыл балдырынан қазағ алады.



Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту: Қандай балдырлар бар? Олар қалай көбейеді? олардың ерекшеліктері

V. Сабақ қорытындысы: теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар – яролы төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қоңыр балдырлар теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Қызыл балдырлардың 4000 жуық түрі белгілі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.
VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: 16 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру. 4 тарау параграфтарын қайталап, тестке дайындалу

Сынып: 7

Күні
Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер дүние тармағы туралы жалпы мәлімет.
Мақсаты: Білім алушыларды жоғары сатыдағы өсімдіктермен таныстыру. Олар неге жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататынын түсіндіру.
Міндеті: білім алушыларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер споралы және тұқымды болып бөлінетінін көрсетіп, түсіндіру.
Дамытушылығы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге жататын өсімдіктер туралы хабарларын әрі қарай толықтырып, дамыту.
Білімділігі: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетіп, олар туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелігі: білім алушыларды табиғатты қорғауға, табиғатты сүйіп, бағалауға баулу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар: Жоғары сатыдағы өсімдіктер суреттері, флипчарт, балдырлардың суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандас, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4 тарау бойынша өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру.

  1. Ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі қалай аталады?

  2. Жүйенің ең кіші бірлігі

  3. Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы

  4. Жасыл балдырдың бір жасушалы талшықты түрі

  5. Ғарышқа алғаш ұшырылған бір жасушалы талшықсыз жасыл балдыр.

  6. Хромотофоры оралма тәрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр.

  7. Қоңыр балдырлар қайда кездеседі?

  8. Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекінеді?

  9. Қағаз өндірісіне пайдаланатын жасыл балдыр?

  10. Хромотофоры білезік тәрізді су түбіне бекініп өсетін жіп тәрізді жасыл балдыр.

  11. Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы

  12. Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады?

  13. Балдырлар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан не пайда болады?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына жалпы сипаттама



Бұдан бұрын біз төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылысымен, түрлерімен таныстық.. Өсімдік мүшелеріне не жататынын 6-сыныптан білеміз. Төменгі сатыдағы өсімдіктерден жоғары сатыдағы өсімдіктердің басты айырмашылығы, олардың ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің аталық және аналық жыныс мүшелері көпжасушалы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер

споралы


Жоғары сатыдағы өсімдіктерге. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтәріздестер, ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар бөлімдері жатады.

Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту: Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылығы неде?
V. Сабақ қорытындысы: Кесте толтырайық

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Жоғары сатыдағы өсімдіктер



























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет