Сынып оқушыларына арналғАН



Дата12.03.2020
өлшемі37,87 Kb.
#60024
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)

5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САУАЛНАМА

11-06-2013, 12:21



Сауалнама

 

5 сынып оқушыларына арналған

 

 

1.  Саған мектепте ұнай ма?



 

-         аса ұнамайды

-         ұнайды

-         ұнамайды

 

2.  Таңертең тұрғанда  мектепке барғың келе ме немесе үйде қалғың келе ме?

 

-         үйде қалғым келеді



-         әртүрлі жағдайлар болады

-         қуана барамын

 

3.   Егер мұғалім ертең сабаққа келу міндетті емес, үйде қалуға болады деп айтса, сен мектепке барасың ба немесе үйде қаласың ба?

 

-         білмеймін



-         үйде қалар едім

-         мектепке барар едім

 

4.  Сабақ болмаған сәттер саған ұнай ма?

 

-         ұнамайды



-         әртүрлі жағдайлар болады

-         ұнайды

 

5.  Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсын ба?

 

-         қалаймын



-         қаламаймын

-         білмеймін

 

6.  Мектепте үзілістер ғана болуын қалайсын ба?

 

-         білмеймін



-         қаламаймын

-         қалаймын

 

7.  Ата-анаңа мектеп туралы жиі айтасың ба?

 

-         жиі



-         сирек

-         айтпаймын

 

8.     Мұғалім қатал болмағанын қалайсын ба?

 

-         нақты түрде айта алмаймын



-         қалаймын

-         қаламаймын

 

9.  Сыныпта достарың көп бе?

 

-         аз



-         көп

-         достарым жоқ

 

10.  Саған сыныптастарың ұнай ма?

 

-         ұнайды



-         аса ұнамайды

-         ұнамайды

 

 


Сауалнама қорытындысы:

 

1) Осы мектепте  оқыған ұнайды деген оқушылар

 

   21 оқушы- 87%,



   аса ұнамайды 2оқушы 9% (С.Ә;  А.А;)

 

2) Таңертең тұрғанда мектепке барғың келе ме  немесе үйде қалғын келе ме?

 

   11-46 оқушы қуана  барам дейді,



   ал ұйде қалғым   келеді 3-12% оқушы (М.А;Қ.М; Б.Е;),

    8-33% оқушы әртүрлі жағдайлар болса сабақты босатамын

 

3) Егер мұғалім ертең сабаққа келу міндетті емес,үйде қалуға болады деп айтса, сен мектепте барасың ба?

 

    білмеймін 8-33% оқушы,



    үйде қалар едім М.М;З.Б;М.А;Қ.А;Мир.А;     5-21%  оқушы,

    мектепке барар едім 10-42% оқушы

 

4) Сабақ болмаған сәттер саған ұнай ма?

 

    14-58% оқушы ұнамайды деп жауап   берген,



    7-29%оқушы әртүрлі жағдайлар болса деген жауап берген,

    1-4% (Ер.Е;) оқушы ұнайды деген.

 

5) Саған ұй тапсырмасын  бермегенің қалайсын  ба?

 

     9-  37%(С.Ағ;Қ.А;Мол.М;Қож.А;Сей.Ә;Б.Ә;М.А;И.Е;Ш.А;)  оқушы қалаймын



    8-33% оқушы әртүрлі жағдайлар болса деген ,

    5-21%  оқушы білмеймін деген екен

 

6) Мектепте үзілістер ғана болуын қалайсын ба?

 

    1   оқушы қаламаймын деген жауап   берген ,



    ал 2 оқушы -8 % қалаймын деген жауап  берген;

 

7) Ата-анаңа мектеп туралы жиі айтасың ба?

 

     5     оқушы -13% жиі мектеп туралы үйде айтамыз,



     3     оқушы -9% сирек деген жауап,

     2-4% оқушы     айтпаймын деген жауап берген

 

8) Мұғалім қатал болғанын қалайсын ба?

 

    2-8%    оқушы нақты түрде айта алмаймын,



   7 оқушы -27% қалаймын деген жауап берген,қаламаймын 13оқушы -53%

 

9) Сыныпта достарың көп бе?

 

    4-16%  оқушы аз деп   жауап берген,



   19-79%  оқушы  достарым көп деген,  

    достарым жоқ деген оқушы анықталмады

 

10) Саған сыныптастарың ұнай ма?

 

    7-29% оқушы   ұнайды дейді,



   12-50% оқушы аса   ұнамайды деп жауап берген,

    ал 4-14%оқушы   ұнамайды деп жауап берді.




Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Тест Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі мамандық тобы белгілі бір санмен байланысты. Мәселен, туған күніңіз: 25.12.1983  Күні: 25=2+5=7  Айы: 12=1+2=3  Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3  25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4  4 саны – сіздің жеке кодыңыз  Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5 Нәтижені жеке код бойынша қараңыз  1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар.  Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші.  Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу.  2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы.  Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер, актер.  Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйікті және танымал болу тілегі.  3. Қызмет саласы: Медицина, техникалық мамандық, өздігімен жұмыс істеу қабілеті. Ойлау жүйесі белсенді түрде жұмыс істейтін кез келген сала сәйкес келеді. Мамандықтар: Менеджер, әскери қызметші, кеден қызметшісі, хирург, спортшы, кәсіпкер, журналист, администратор.  Мақсат: Күш пен қуатты түгелімен жұмыс жолына арнау.  4. Қызмет саласы: Майда бөлшектерге аса назар аудару қажет кез келген жұмыс, өндіріс, бақылау мен қорғауға байланысты жұмыстар.  Мамандықтар: Аналитик, журналист, мұғалім, администратор, сатушы, емші, ақпараттық қызмет, дәрігер, құрылысшы.  Мақсат: Ақпаратты жинақтау, саралау, тапсыру, үнемі ізденісте болу.  5. Қызмет саласы: Халықаралық ақпарат алмасумен байланысы бар жұмыс. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсету орны.  Мамандықтар: Заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, аудармашы, ғалым, мұғалім, кәсіпкер, менеджер. Мақсат: Ақиқатқа, жоғары білімге ұмтылыс.  6. Қызмет саласы: Адамдармен араласуды қажет ететін өнер мен қызмет салалары. Оқу орындарындағы, қоғамдық ұйымдардағы жұмыс, медицина.  Мамандықтар: Косметолог, дизайнер, елші, адвокат, дәрігер, ресторатор, фотограф, банк қызметкері, музыкант, суретші, жазушы, әртіс, зергер.  Мақсат: Бұл әлемге сұлулық пен үйлесім әкелу.  7. Қызмет саласы: Қоғамдық ортадағы жауапты қызметтер. Шыдамдылықты қажет ететін жұмыс.  Мамандықтар: Кеңесші, стилист, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, сатушы, банк қызметкері, фермер, шахтер, администратор, құқық қорғау қызметкері, дәрігер, тарихшы, шенеунік, дизайнер.  Мақсат: Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өзін дамыту.  8. Қызмет саласы: Шығармашылық жұмыспен байланысты іс. Басқару қабілеті көрінетін жұмыс.  Мамандықтар: Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, атомдық энергетика маманы, қоғамдық қызметкер, механик, инженер, мұғалім, биші, дәрігер.  Мақсат: Демократия, адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғау.  9. Қызмет саласы: Қиял мен түйсікті қажет ететін кез келген қызмет. Өзіңді жақы көрсетуге мүмкіндік беретін сала.  Мамандықтар: Фармацевт, химик, ғалым, сазгер, ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жеке детектив, қоғамдық қызметкер, психолог, заңг

Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/37780


Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз


Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық



Осы кезде залға қарақшылар кіріп .бәрі айқайлап-шулап келедіде шыршаны бір айналып

1-қарақшы

-ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.



Жүргізуші:

-Құрметті қарақшылар.Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып жатыр.Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.



Қарақшы (ашуланып,атып тұрып)

-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?



(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)

-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!



Бір оқушы ортаға шығып:

-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар.Сосын мерекемізде болыңыздар.Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!


Қарақшы:

-ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендер бір әдемі өлең айтыңдар.Біз ұйықтап алайық.



(Бәрі жатып ән айтылғанда қорылдап ұйықтап кетеді.)

Балалар шыршаны айналып өлең айтады ақырын сыбырлап.



Жүргізуші:

Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ

-Аяз ата мен Ақша қар

-Ия Дұрыс Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесеке екен а. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой.Балалар не істейміз?



Залға сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?



Бала: Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.

Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:

-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп кәмпит бар деп айтқан



Жүргізуші: Жоқ, қарақшы ағай бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздеден қорқып айғайлай алмай тұрмыз

Қарақшы

-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?

-Бұл сиқыршы

Қарақшы:-Өй осындай сиқыршы бола ма екен (күледі)-Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?

Сиқыршы:

-қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын.Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.



Қарақшы:

-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )


Қарақшылар:

-тез тілегімізді орында



Сиқыршы:

-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)



Қарақшы босатады.

Сиқыршы:

абра –кадабра сим салабим ( 2рет)

Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!

Осы кезде қарақшылар күлімдеп :

-ООО қандай сүйкімді балалар!

Қандай әдемі балалар!

Киімдері сондай керемет екен!

Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды

Сосын бір-біріне қарап:

-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық ә? Мейірімді қарақшылар бола ма екен О ғажап.Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды.Сендерге ше балалар?

ӘЙ біз бір би билеп жіберейікші кәне!



Қарақшылардың биі

Жүргізуші:

-қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық ия!



Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!

Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар

Мыстан кемпір:

Асау желмен алысқан

Аяз әжелерің асығып

Шаршап келді алыстан

Төрге мені отырғыз!

Уф белім-ай



Жүргізуші

-балалар мынау кім?

-Мыстан кемпір

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.



Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже

деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Мыстан кемпір:

-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.



Жүргізуші:

-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?



Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.

Мыстан кемпір тығылып қалады.

Жүргізуші:

-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?



Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.

Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)



Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.

Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?

Жүргізуші.:

-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?



Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам

Жүргізуші:

-Енді не істейміз

Ақша қар тағы жылайды.

Осы кезде қарақшылардың біреуі:

-Жылама Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.


Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.

Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді

Сиқыршы:

-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.



Мыстан к:

Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)

Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір :

-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп қарақшылар тағы қуады

Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.

Сиқыршы:Мыстан кемпір сен не қалған өміріңде мұз қалпыңда болғың келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?
Мыстан к:

-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.



Сиқыршы: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.

Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.



Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады.

Ж:

-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.



-Аяз ата.Аяз ата.

Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар

Аяз ата:

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға


Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан
Ақша қар:

Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.


Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз бірге

Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

деп айтайық.

(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау
Аяз ата:

Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.



Шырша жанында ән.

Аяз ата:

-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.



Жылан (ескі жыл):

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат.

(Қол алысып құшақтасады.)

Жылқы жылы: Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз,

Жаңа дәстүр – салтымыз.



Жылан жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-

жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!



Шығып кетеді.

(2,3,4 сыныптарды костюмдерге байланысты жарыстыру.Арнайы Аяз атаның мақтау қағаздарын беру.Ол үшін 2А сыныпты ортаға шығару керек.әділ қазылар қарап бағалап алады.Сосын 3Асынып.Сосын4Асынып )



Ақшақар:

Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.



Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!

2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.

Әндер билер.

0-сынып-

1-сынып-

Аяз ата:

Ақша қар: өнерлерің керемет екен.

Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма

Қазір менің артымнан қайталайсыңдар

-Біз көңілді балақаймыз

Ойынға да біз тоймаймыз.

Шапалақ та ұрамыз

Аяқпен де соғамыз.

Құлақты да қалқитып,

Басымызды шайқаймыз.

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз.

Он, жиырма ,қырық

Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.
Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.

Бірнеше рет ойнау.



Аяз Ата:

-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін



Ойын ойналады.
Сиқыршы:

Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.



Аяз Ата:

-әрине ойна.



Сиқыршы:

-Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.



Аяз ата:

-Ал енді маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін.



Балалар тақпақтарын айтады.

Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер.Сол үшін беретін сыйлығым барҚазір әрқайсысың жеке-жеке ортаға шығып не боп киінгендеріңді айтыңдар,ал мен сендерге сыйлық беремін.

Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен,қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек.

Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату.

Аяз Ата:

-Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады.

Ақша қар:

-Ия ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық.


Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!



1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет