Сынып сағаты 3-сынып Тақырыбы: Мен отбасыммен мақтанамын Мақсаты: 1


Сабақ барысы: 1.Психологиялық ахуал



бет2/4
Дата14.12.2021
өлшемі14,62 Kb.
#126288
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Мен отбасыммен мақтанамын.

Сабақ барысы:
1.Психологиялық ахуал
Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Бір – бірлеріне деген ыстық тілектерін айтады)
Сөзжұмбақ. Шешуіндегі басқы әріптерін қоса отырып сөз құрастырамыз
1. Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай. (От)
2. Мемлекеттік рәміздің бірі. (Ту)
3. Еңбек құралы. (Балға)
4. Ең жақын адам. (Ана)
5. Уақыт өлшемі. (Сағат)
6. Ырыс алды – …. (Ынтымақ)

«Отбасы» деген сөз шығады

Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./

Жұмбақ отбасы туралы
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)

2. Кіріспе сөз
— Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады.
— Отбасы дегеніміз не? (Оқушылар коллаж жасайды.)
— Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен — жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі — отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған — туыстармен қарым — қатынаста болады. Ата — ананың ақылымен қарым — қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым — қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР — ның Ата Заңының 27 — бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
• Отбасын жанұя, шаңырақ деп атайды.
• Отбасы деген сөздің өзі отбасы ошақ қасы деген мағынаны білдіреді.
• Отбасы екіге бөлінеді шағын және үлкен
• Шағын отбасы ол анасы мен әкесі бала-шағасымен тұрады.
• Үлкен отбасы ол атасы мен әжесімен тұратын
Отбасы — әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет