Сынып сағаты «Ана - өмірдің гүлі»
Мақсаты : ана өмірдегі бар жақсылықтың жаршысы екенін ұғындыра отырып, ата-анаға сүйіспеншілікпен қарау, ана мейірімінің қасиетін ұғындыру. Ана мен бала махаббатын жандандыру. Мейірімділік, инабаттылық қасиеттерін дамыта отырып, болашақ ұрпағымызды адамгершілігі мол, отбасының жанашыры бола алатын тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі : шарлар, мақал- мәтелдер
Қолданылатын стратегиялар : топтастыру, ой қозғау, 5 минутты эссе
Өту барысы.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу.
Мағынаны тану.
Нұргүл : Ана- бізді дүниеге әкелген адам, «Ана» ең қастерлі, ең аяулы сөз.
Әдемі: Ана деген сөздің өзі ыстық.Ананың жолы басқа.
Айқын : Ана баласын бағып асырайды, қамқоршы, жақсы көріп еркелетеді. Бойымыздағы жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Мерей : Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам, мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.
Самира : Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.!
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам.
Бекжан : Алақаны-ақ самал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Аян : Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар парасың.
Еңбегіңді ақтайтын,
Аман болшы ,анашым.
Әңгіме : «Бәрінен жақсы»
Сендерге сұрақ : Анамызды не үшін жақсы көреміз?
«Менің анам» тақырыбына эссе жаздыру.
-Сендердің аналарың бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар сіздердің әр ойларыңызды айтқызбай табады, сендердің бар сырларың оларға әрқашан да белгілі.
Олай болса ,балалар, сендерді бір сынап көрелік.
«Кім сезгіш?» ойыны. Көзі байланған оқушы топтың ішінен өз анасын табады.
-Балалар , енді сендерді тағы сынап көрмекпін.
«Мен анамды қаншалықты білемін?» балаларға сұрақ қою.
1.Анаң қандай түсті жақсы көреді? 2.Жақсы көретігн тағамы
3.Ұнататын гүлі қандай?
4.Бос кезде немен шұғылданады?
5.Ұнатпайтың ісі қандай?
«Ақ мамам» әні
Ой толғаныс .Топтастыру.
Жүректен жүрекке. Аналарына тілек айтып, сыйлықтарын табыстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |